Жүсіпбек Аймауытовтың зираты табылды
2014 ж. 17 шілде
4574
1
Алаштың ардақтысы Жүсіпбек Аймуытовтың жерленген жері белгілі болды. Өзге де қайраткерлер секілді сүйегінің қайда қалғаны белгісіз болып келген тұлғаның денесі бауырластар зиратынының бірінде болып шықты деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Павлодар әкімдігіне Ресейдің федеральды қауіпсіздік қызметінің орталық мұрағатынан хабар келді. Құжатта қазақ драматургиясының негізін қалаған, қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймуытов "Ваганьков" бауырластар зиратына жерленгені жайында жазылған.
Биыл еліміз Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығын атап өтеді. Осы жылдың қыркүйек айында алаштың асыл перзентінің құрметіне Павлодарда ескерткіш бой көтереді.
Ал Мәскеудегі бауырластар зиратына мемориалды тақта орнатылады.
"Ваганьков" зиратында басқа атылған адамдармен бірге жерленген деген жауап келді. Осыған байланысты биыл белгіленген жерге барып, құран бағыштау мақсатында зиялы қауымдарды жинауды көздеп отырмыз. Сондай-ақ сол жерге тақташа орнатуға мүмкіндік жасаймыз", - дейді Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Асқар Жалдинов.