Тайқазан

3
8282

Қасиетті Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне қадам басқанда алғашқы кездескеніңіздегі қазандық бөлмесіндегі атойлап сізді қарсы алар құнды жәдігерлердің бірегейі асыға іздеп келген Тайқазан болар. Үлкен есіктен ішке енгенде алғаш көзге шалынғаны да осы қазандық бөлмесіндегі қадыр тұтқан қастерлі Тайқазан. Ал, Тайқазан дегенде еске түсетіні 1399 жылы 25 маусымда (хижра бойынша 801жыл, 20-шаууал) Түркістан шаһарының батысындағы 30 шақырымдай жердегі Қарнақ ауылында осы өңірден өндірілген сирек кездесетін жеті түрлі асыл металдар қоспасынан құйылғандығын айтушылар жыр етіп ауызға алады.

Асыл металдардың жеті түрі де қасиетті саналған-мыс, мырыш, алтын, күміс, қола, қорғасын, темір қоспалары қосылып құйылған қазанның салмағы 2 тоннаны құрайды. Ал, сыйымдылығы 3 мың литр болғанда, биіктігі 1,60 метр, диаметрі 2,42 метр. Тұғырының биіктігі 0,54 метр де, диаметрі 0,607 метр болып келуінде де мол мағлұмат жатыр. Қадір тұтқан Тайқазанның сыртқы бөліктерінің өрнегі де ерекше назар аудартады, соның өрнектелуі басқашалау бес бөлігі айшықты қолтаңба қарымымен ерекшеленеді.
Мамандардың зерделі зерт­теулері көп жайтты алдыңызға жайып салады. Тайқазанның бе­тіндегі бірінші жоғарғы бөлігіндегі айналдыра салус қолтаңбасымен Құран Кәрім аятынан үзінділер оймышталып, ол пайғамбар (c.ғ.с.) хадистерімен үндесіп отырады. Бұларда аталмыш қазанның кімге бағышталып құйылғанын, біткен уақыты көрсетілген. Екінші қатарда ірі он кубба (емшек іспеттес) және он өрнекті тұтқа арқылы жиырма картушқа бөлінеді. Онымен қатарласа келген қос бөлігіне сулус қолтаңбасымен тайқазанды жасаған шебердің аты-жөні берілген, ал қалған он сегіз бөлігінде куфи жазу үлгісімен парсыша тілек мәтіні жазылған. Енді үшінші қатарда Құдайдың Құдіреті жайлы ескерту куфи жазу үлгісімен 22 рет қайталанып берілген. Рет санымен төртінші қатарда қазанның бүйір бөлігінде тұтқа өрнектеріне келетін үлкен жапыраққа ұқсас он ою айшықталып, жиырма кіші кубба бедерленуі мәнді әңгіменің түйінін түсіндіргендей болады. Соңғы жағында бесінші бөлігіндегі қиылысып келетін доға түріндегі сипатына тән өрнектер бедері де үлкен ойды білдіреді. Оның маңайындағы жүрек пішіндес келетін және қазақтың дәстүрлі қошқар мүйіз секілді ою­ларының нәзік үйлесім тапқан әдемі иірімдері ғұлама Ахмет Иассауидің хәл, яғни жүрек ілімінің мағынасын меңзеп тұрғандай әспетті жеткізеді.
Бір қызығы, Тайқазан бетінде өрнек тапқан жүрек пішіні мен қошқар мүйіз оюларының сырбаз кейіптегі түрлі қарыммен айшықталып, бүткіл кесененің өн бойынан көрініс табуы қасиетті ғимарат пен тайқазанның өзара үндестігін айғақтайды. Бұл ұста Әбділ Әзиз Шарафатдин Тебризидің шын шеберлігін айғақтай түседі.
Кесененің лаухасында, қазанның тұтқасында, шы­ғардандарда, есік алқасында үндестік тауып жатуы ұлттық нақыштардың идеялық бірлікті аңғартатыны көңілге ерекше мақтаныш сезімін ұялатады.

Сапар НҰРПЕЙІС

3 ПІКІРЛЕР

  1. Бұл қазандық әлемдегі қайталанбас өнер туындысы.Қазандықтың тағы бір ғажап қасиеті болған деп айтушы еді.Соны білетін адам болса…Әмір Темір Яссауи ғимаратымен бірге осы қазандықтың жасалуына да басшылық жасаған көрінеді. Жұмат.

  2. Қазір қандай өнер саласында болмасын, «жаңа тақырып жоқтың қасы…» сынды пікірлер көбейіп кеткені рас. Мен бұнымен толық келіспеймін. Біздің бүгінгі күнделікті өмірімізде үлкен орын алып жатса да, тиісті дәрежесінде не бұқаралық ақпарат құралдарында, не шығармашылық өрісте көрініс таппай жатқан тақырып баршылық.
    Шамамен 15 жыл бұрын «электроника кезеңі» деп атауға келетін ғасыр да емес, тұтастай бір мыңжылдық, бүтін бір дәуір басталған тұғын. Бүгінгі «Нетбук» сынды ықшам компьютерден бастап, ең жаңа планшетке дейін қаншама ақпараттық-техникалық жаңалықтар бізді өз саналуандығымен жылдан жылға қуантып келуде. Тіпті, кеше жақын ғана таңсық болған «интернет» деген ұғым бүгінде «микротолқынды пеш» немесе «теледидар» сияқты үйреншікті заттардың бірі болып кетті. Қазіргі таңда, осындай өмір сүрудің формасының көбінесе жағымды жақтарын атайды. Ол, ең алдымен, жылдамдық пен ыңғайлылылық. Алайда, бұл біз ойлағаннан немесе ойлағымыз келгеннен әлдеқайда терең әрі нәзік мәселенің екінші тұсы да бар. Кез-келген құрал (әсіресе бүгінгі жаһандану аясындағы қуатты ақпараттық-электронды жүйе) өткір пышақ іспеттес. Оны сақ пайдаланбаса қауіп туғызуы мүмкін.
    Менің айтқым келгені, өнерде болсын, баспада болсын әділетсіз түрде назардан тыс қалып жатқан бір тарихи ақиқат бар. Ол 90-шы жж. бірінші жартысында Қазақстанда туылған ұрпақтың (жаһандық үрдіске ілескен елдер арасындағы) «электронды емес» дәуірді көріп үлгерген «соңғы буын» екендігі. Неліктен осы маңызды жайт өнер саласында оригиналды шығармалар мен тың идеялар ретінде көрініс таппай жатыр? Сюжеттердің көбісі таза мелодрамалық немесе «батыстық» үлгідегі экшн сарынына еліктеу бағытында болып тұр.
    Құрдастарым еске түсірсе, біздің балалық шақ әлдеқайда табиғи және баяндырақ еді. Осыдан 15-20 жыл бұрынғы есік алдар ине шаншар жері жоқ автотұрақтан гөрі саялы баққа немесе балабақша алаңқайына көбірек ұқсас болатын. Ол кездің жастары қазіргідегідей ғаламтордағы дайын өнімді ойланбастан көшіре салмай, қажетті ақпаратты сөредегі оқулықтардан зейін сала іздеуші еді. Ал рухани азықты 100-ден астам «коммерциялық» арнасы бар теледидардан емес, көбінесе ата-анасы сақтаған көркем әдебиеттен іздеуші еді. Жалқылыққа және «қанішерлікке» баулыған виртуалды ойындардың орнына таза ауадағы салауатты ойындар мен үстелде ойнайтын интеллектуалды ойындар пайдалы да қызықты еді. Әрі ұжымда қарым-қатынас жасауға және достыққа тәрбиелеуші еді. Уақыт-сағатымен ғана бағдарламалар көрсететін бар-жоғы 5 арнада бір күнде бір рет кеңестік болса да, «мейірімді» мультфильм көрсетуші еді. Ешқандай «ұсқынсыз әрі ақымақ теңіз өсімдіктерін» кейіпкер етіп алған шетелдің 24 сағаттық арналары әлі жоқ болатын. Бос уақытта және мерекелерде ата-әжеге, туыстарға және барлық көршілерге қонаққа немесе солармен бірге қыдыруға бару сияқты жақсы «дәстүрлер» болатын. Міне, осындай «виртуалды емес» өмір болған кезең, сол кезде болған адамдар неліктен бүгінгі өнерден тақырып ретінде әлі толық табылмай жатыр?..
    Ең бастысы, ол кезде адамның (әсіресе, жастар мен балалардың) жеке уақыты мен кеңістігі, жеке назары мен қызығушылығы өзінің ғана «меншігі» іспеттес болатын. Ал қазір сол «меншіктің» көп бөлігін электрондық-ақпараттық техникалық құралдар: ұялы телефондар, интернет, әлеуметтік желілер, спутниктің телеарналар, айфондар және т.б. «ұрылауда». Және бұл мәселе күшеюде. Демек, біздің замандас адамның бейнесі 15 немесе 20 жыл бұрынғы адам бейнесінен гөрі ой-сана, психикалық (тіпті физикалық) және ақпараттық иммунитет жағынан әлдеқайда әлсіз және қорғансыз болып көрінетіні түсінікті. Осының барлығы болашақ әдеби, драматургиялық, театр немесе кино сюжеттер үшін аса құнарлы өріс.
    Соынымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: әзірше бұл мәселені шеше алмасақ та, уақытты артқа жылжыта алмасақ та, лажы болмаса осы шындықтарды негізге ала отырып, тақырып ете отырып, өнер туындыларын неге жасамасқа!? Және неғұрлым қызықты, нақты және ерекше жағынан неге осы ойды жеткізбеске!? Тілшілер айтар… ұмытылар. Саясаткерлер айтар… ұмытылар. Өнер адамдары айтар… мәңгі бақи ел есінде қалар

  3. Қаншама ұлтық танмыға түрткі болатын рухани нәр алатын қазан қасиеті тай қазан, мысалға «Қазақта қала болмаса осындай жәдігерлерді қайда құилатын еді» бұл бір қане ой. Екінші ой бұл қазан сол замандағы біздің елдің технологиясының күшінің сыйпаты. Ана коркем жазуларды қарсаңыз Араб әлібине негизделген өз граматикамыз тағы болған бұл үш қаза берсеңіз көпқой бұ қайталанбас шедеврға қарап))))))

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз