"Ел Арна" өз жұмысын тоқтатады
2014 ж. 14 ақпан
3040
1
"Ел құлағы – елу" демекші "Ел Арна" телеарнасының жабылатыны туралы ақпарат ел аузында жүр. Әлеуметтік желілерде де осы бір елді елеңдеткен жаңалыққа ойларын білдіріп жатқандар жетерлік.
"Ел Арнаның" ертеңіне алаңдап арнаның басшысы Серік Абас-Шах ағамызға хабарласқанымызда ол кісі бұл ақпаратты жоққа шығармайтынын айтты.
Әзірге белгілісі, 1-наурыздан бастап "Ел Арна" өз жұмысын тоқтатпақ. Қазақстанның 75 пайыз аумағын қамтып, 10 миллионға жуық көрерменге әртүрлі жанрдағы бағдарламалар мен фильмдерді тәулігіне 18 сағат бойы ұсынып отырған белді арнаның жабылуының себебі көпшілік үшін беймәлім болып отыр.
Телеарнаның не себепті жабылатыны, жоғары жақтағылар қандай мақсатта осындай әрекетке барып отырғандығы белгісіз.
Tengrinews.kz