Мақпал Жүнісова мен Қайрат Нұртас сахнаға шығуына тыйым салынды

fe4cfa5314f6756456a269ee88f14ce0

maqpal_zhunisova_1103Алматы қаласындағы Республика сарайында өткізілгелі отырған "Жыл әні - 2013" концерті болмай қалуы немесе сахнада өнер көрсетуі тиіс Мақпал Жүнісова мен Қайрат Нұртас оған қатыстырылмай қалуы мүмкін.

Бұл туралы бізге концерттің басты ұйымдастырушысы - "Жұлдыздар отбасы" журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай хабарлады. Қалыбай мырзаның айтуынша, концерт билеттерінің түгелге жуығы сатылып кеткеніне қарамастан, оған әртүрлі қысым көрсетіле бастаған. Жыл сайын дәстүрлі түрде көрсетіліп келе жатқан "Жұлдыздар отбасы" журналының "Жыл әні" атты концертінің қатысушылары 40 күннен бері жарнамаланып келеді.

Олардың ішінде соңғы кездері эфирге шығуына, концерттерге қатысуына белгісіз тұлғалар тарапынан тыйым салынып келе жатқан Мақпал Жүнісова мен Қайрат Нұртас та бар.

Жарылқап Қалыбайдың сөзінше, Республика сарайын 1 күнге жалдау ақысы төленгеніне қарамастан, Сарай басшылығы бүгін оған келісім-шартты бұзамыз деген факс жіберіпті. Осыған орай, Сарай басшылығымен телефон арқылы сөйлескендерінде олар Мақпал мен Қайрат сахнаға шықпасын деген "өтініш" білдіріпті. Бірақ, Жарылқап Қалыбай бұған келіспейтіндігін, Мақпал мен Қайратты қалайда сахнаға шығаруға күш салатынын айтады. Және Сарай басшылығына концертке келгендердің қолында арандатушылық мақсаттағы бөтелкелердің болмауын тексеру керектігін тағы да ескертіпті. Бұған қоса, 2650 орындық залдың билеті сатылып кеткендіктен, көрермендерге концертті өте жақсы көңіл-күймен ұйымдастыруға уәде беріп отыр.

"31 арна"