Тағы да "ең сұлу ару" таңдалды

m_mg_4825_44_Бұл жолғы қыздың сыртқы сымбатына қарап, сынайтын арулар байқауы "Қазақстан аруы-2013" деп аталды. 25 қатысушысының ішінен еліміздің ең әдемі қызы 24 жасар Айдай Исаева таңдалды. Ол  С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 7 курс студенті. Жеңімпаз үшін "Қазақстан аруы" еліміздегі соңғы сұлулық байқауы болады. Енді аруымыз "Әлем аруы" байқауының үздік ондығына кіруді көздеп отыр. "Өте қобалжып тұрмын. Тәж маған бұйырады деп ойламап едім. Алайда енді мен "Әлем аруы" байқауына түсетініме сенімдімін. Бұл менің оныншы байқауым, сол себепті арманымды жүзеге асырып, бұл байқауда Қазақстан атынан қатысқым келеді. Жеңісімді ата-анам мен жақындарыма арнаймын. Мен сахнада тынбай еңбек еттім, бұл менің жеңіске жетуіме көмектесті", -деп бөлісті өзінің алған әсерімен "Қазақстан аруы". Байқауда ақтық сынға шыққан қатысушылардың ішінде жеңіске бір қадам жете елмай қалған аруларымыз болды. "Қазақстанның І вице-аруы" атағын "Көкшетау аруы" Лаура Шамғұнова алса, "ІІ вице-ару" "Дефиле аруы" Вера Душина атанды. "Қарағанды аруы" Диана Кеңесоваға "ІІІ вице-ару" және "Ғаламтор аруы" атақтары қосылды. Ал Семей аруы Әлем Мақанбекова "ІV вице-ару" атанды. "Мен қызым үшін қатты қуаныштымын. Көп қыздар жеңіске лайық болды. Қазылар алқасы Айдайды сыртқы параметрлері бойынша бағалады, алайда оның жан-дүниесі одан да сұлу. Мен қызымның жеңісіне сендім, және оның еңбекқорлығы жеңіске жетуіне көмектесті деп ойлаймын", - деді "Қазақстан аруы-2013" байқауы жеңімпазының анасы Майя Маринова.

bnews.kz