«Бiлiм» және «Мәдениет» телеарналары бiрiктiрiледi

130ad8fbb082aed917eab9c843d8884e«Бiлiм» және «Мәдениет» телеарналары бiрiктiрiледi. Бұл жөнiнде бүгiн ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлiмдедi.  «Бiлiм» және «Мәдениет» телеарналарын бiрiктiру туралы шешiм қабылданды. Расында да бұл телеарналардың рейтингiсi жоғары емес. Оларды тамашалайтын мақсатты аудиторияларды да есепке алған жөн. Осы тектес арналарадың және Ресейдегi «Россия культура» телеарнасының рейтингi де көңiл көншiтпейдi. Бiрақ, жоғары ғылыми, көркем контентi бар танымдық телеарналар қажет. Сондықтан аталған телеарналар бiріктiрiледi», - дедi министр. Жаңа телеарна, оның айтуынша, 2014 жылдың басында құрылып, «Хабар» агенттiгiнiң базасында жұмыс iстейтiн болады. «Оның тәулiктiк таратылымы 18 сағатқа дейiн ұзартылады», - деп толықтырды Мұхтар Құл-Мұхаммед.

bnews.kz