Қайрат Нұртас үлкен сахналар мен телекөрсетілімдерден шеттетілді

5IXxwАлматыда кез келген концерттің болатыны жөнінде хабар таратылса, Республика сарайы мен студенттер сарайына кассасына  "Қайрат Нұртас концертке қатыса ма?"- деп қоңырау шалатын көрерменде есеп жоқ... Мұны касса қоңырауларына жауап беретін қыздар айтқан.  31 - тамызда "Прайм плаза" сауда орталығында орын алған келеңсіздіктен кейін жас әнші Қайрат Нұртастың шығармашылығында біршама өзгерістер орын алды.

Себебі- бұл оқиғадан соң әнші "Алматы-іңкәрім менің" атты ретро-фестиваль мен "ЕМА-2013" Еуразиялық музыка бәйгесіне қатыстытырылмады. Кейбір ақпарат көздері Қайрат Нұртасты телеарналардан көрсетуге тыйым салынғандығын да жарыса жазды. Қазан айында өткен сазгер Арман Дүйсеновтің шығармашылық кешіне ілінген жарнамаға әншінің суреті ілінгенімен, концертке қатыспады. Оған Республика сарайының сахнасына шығуға тыйым салынған. Қайраттың сахнадан шеттелетініне тыңдармандары алаңдаулы. Өнердегі болашағына балта шабылады деп сескенді ме, өзінің концерті аясында болған бүлікке байланысты Қайраттың қала әкімі Ахметжан Есімовтен кешірім сұрауына тура келді. Алайда Есімов әр арнаның өзіндік саясаты болғандықтан, әкімшіліктің телеарналардың ішкі саясатына араласпайтындығын, сондай-ақ, қалада өткізіліп тұратын түрлі мәдени іс-шаралардың ұйымдастырылу істеріне қол сұқпайтынын жеткізген. Десе де күпті көңілді тыңдармандарының әнші болашағына алаңдаушылық танытатыны жасырын емес. Қайраттың өзі бұл орайда: "Алматыда тойларға шығып, басқа қалаларда жеке концерттерімді беріп жүрмін. Уайымдамаңыздар, бәрі де жақсы болады!"- деп сендіріп отыр. Ал, әкімнің алдына барғандығының себебін- қала көркіне нұқсан келіп, халық зардап шеккендіктен ел ағасы, қала әкімінің алдынан өтуді жөн көргендігімен түсіндіреді.