Баян Есентаева Күләш Байсейітова туралы сериал түсірмек

2babebcdd1e63d13dcfb0af3caf8d195Қазақстан продюсері Баян Есентаеваға тиесілі «Shine Production» компаниясы қазақтың опера әншісі Күләш Байсейітованың өміріне арналған сериалдың өндірісіне дайындалуда, деп хабарлайды kinostan.kz. Қазір түсіру тобы Орал қаласына келіп, локация (түсірілім объектілері мен орындарын) іріктеу жұмыстарымен айналысуда. Бұл жайына «Уральская неделя» басылымы хабарлайды. Аты аңызға айналған тарихи тұлға туралы телефильм 12 бөлімнен құралмақ. Сериалдың премьерасы осы жылдың соңына жоспарланған. Негізгі түсірілімдер Орал мен Мәскеу қалаларында өтеді. Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912-1957) - қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық артисі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).