Баян Есентаева Күләш Байсейітова туралы сериал түсірмек

4
3634

2babebcdd1e63d13dcfb0af3caf8d195Қазақстан продюсері Баян Есентаеваға тиесілі «Shine Production» компаниясы қазақтың опера әншісі Күләш Байсейітованың өміріне арналған сериалдың өндірісіне дайындалуда, деп хабарлайды kinostan.kz.

Қазір түсіру тобы Орал қаласына келіп, локация (түсірілім объектілері мен орындарын) іріктеу жұмыстарымен айналысуда. Бұл жайына «Уральская неделя» басылымы хабарлайды.

Аты аңызға айналған тарихи тұлға туралы телефильм 12 бөлімнен құралмақ. Сериалдың премьерасы осы жылдың соңына жоспарланған.

Негізгі түсірілімдер Орал мен Мәскеу қалаларында өтеді.

Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912-1957) – қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық артисі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).

 

4 ПІКІРЛЕР

  1. Қазақ елінде өнердің өлгеніне 20 жылдай болды. Баяғы еркіндік алған құлдардың кейпін киіп отыр. Бостандық алған құлдар сандалып қайта иесіне келген сияқты, біздің өнер де егемен болғанда ұлттық құны бар түк те таппады. Сахнаға, эфирге, киноға анайылық пен жабайылық шықты, одан қалса батыстың, орыстық жәлеби-сайқали көріністері орын алды. Ақша үшін тәнін сатқан жеңіл жүрісті әйелдердің деңгейіне дейін төмендеді.
    Халық қабылдп жатыр, мемлекет үнсіз. Ақшаға сатылғандар, ақша үшін арын таптататындар, елін сатып жіберетіндер халықты дүбара етіп бітті. Өнердің құны бес тиын болып кетті. Егер миллиарды болса оның қорасындағы есегі де сахнаға шығып өнер көрсететін жағдай туды. Ақшасы жоқ нағыз талант иелері сандалып далада қалды, үйсіз-күйсіз жүрген жетім баладай. Өте өкінішті…

  2. Баян апамыз соңғы кездері кино саласында белсенділік танытып жүр ғой. Таза қазақ тілінде түсірсе деген тілек қана. Әйтпесе киноларының бәрі дүбәра тілде.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз