Батыстық әнші Рианна мешітке неге барды?

photo_106138Американдық әйгілі әнші Рианна Біріккен Араб Әмірлігіне  шейх Зайд мешітінде арнайы фотосессия жасау үшін барған. Оның бұл қисық әрекеті үшін, мешіт әкімшілігі тез арада табанын жылтыратуды өтінген. Әнші мешіттен қуылса да, оның мешіттегі жабық киіммен түскен суреттері жер-жаһанға жайылып үлгерді. Әбу-Дабидегі қасиетті мешітке кіріп, фотосессия жасау үшін әнші ешкімнен рұқсат алмаған. Ол басынан аяғына дейін қара түсті киімге оранып келсе де, ерніне қызыл далап пен ұзын тырнақтарын қызыл түске бояп келген. Бұл қызыл түстер болмаса да, әнші бұған дейін ерсі әрекеттерімен аты шыққаны белгілі. Әбу-Даби қаласындағы бұл мешітке бір мезгілде 40 000 адам жаратушы Аллаға құлшылық ету үшін келеді. Мешітке кіретін жамағатқа қойылатын арнайы талаптар бар. Оны ескерместен Рианна әнші камера алдында "қисалаңдаған". Әлеуметтік желілерде мешітте болған бұл оқиға кең талқыға түсті. Бірі Рианнаны бұл әрекеті "пиар" үшін десе, енді бірі хиджаб киюі арқылы Ислам дініне құрметін көрсетті деп жазады.

qazaquni.kz

Сурет әншінің instagram парақшасынан алынды