Екі әншінің қарым-қатынасы тағы да дауға ұласты

8
2528

Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, концерт қойып жүрген актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың бұрынғы әйелі Айгүл Иманбаева мен қазіргі жары Алтынай Жорабаеваның қарым-қатынасы тағы да дауға ұласты.

Екі әнші кезекті концерттерінің алдында бір-бірімен сөзге келіспей қалған. Жақын күндері Алматыдағы Республика сарайында өтетін кешке,  әзірге Сәбит пен Алтынайдың  өздері дайындық жүргізуде. «Үш жас бақытты болсын!» деген атпен өтетін кеш алдында үш орта жасқа келген өнер жұлдыздарының арасында не болғанын 31 арна тілшілері анықтады.

Сәбиттің бұрынғы әйелі мен қазіргі жары, қазақ эстрадасының екі жұлдызы Айгүл мен Алтынайдың бірге жүргенін, одан қалса сахнаға ән айтып шыққанын көргенде жағасын ұстап, таң қалып еді жұрт.

Бүгінде көз үйрене бастаған бұл үштіктің қарым-қатынасы жөнінде небір аңыз әңгімелер өріп жүр. Екеуі бір-бірін шын мәнісінде жек көреді екен, ел алдындағы пиар бұл деп шуласқандар да болды. Алайда, бұл сөздер шындыққа жанаса қоймаса да, бүгін қос әйелдің арасынан қара мысық өткендей. Алматыда алғаш рет өтетін Сәбит, Айгүл, Алтынайдың концертіне дайындық әзірге Айгүлсіз өтіп жатыр.

Бірақ бұл концерт төмен деңгейде өтеді деген сөз емес. Бүгін бұртиған қос келіншек, ертең-ақ дос болып кетеді- дейді Сәбит мырза. Алдағы концерт нағыз шоуға ұласып, ел алдында отбасылық құпиямызды ашамыз деп отыр олар.
Ал, Алтынай «ескі екі әйелді бір жаңа әйелге ауыстырам» деп қалжыңдайтын Сәбиттің тағы да екі әйел алса қарсы емес екенін айтады.

nur.kz

8 ПІКІРЛЕР

  1. Сәбит !!! Сен нағыз қазақ азаматысың. Айгүл, Алтынай сіздерде нағыз қанды қазақ қыздарысыз.Ешкімнің сөзіне ермей өзіміздің ұлтымыздың ата-бабаларымыздың мертебесін көтере берулеріңе тілектеспін. Енді екеуің бірігіп Сәбиттің құдай берген ұлдары мен қыздарын көбейтсеңдер қызғаншықтар мен өсекшілердің көмекейіне құм құясыңдар. Сіздерден үлгі алып, заңда өзгеретін болатын шығар, мұсылман қатарына еніп, зиялы мүмкіндігі барлар азаматтар. Тек бір аллаға иланып, сенімдерің мықты болғай.

  2. Бұл да бір антиреклама. Концерт алдында көрермен жинау. Сабиттін сұңғылалығы ғой. Әйтпесе екі қатынның арасына әзірге қара мысық та ала мысық та өткен жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз