Біздің БАҚ Қайрат Нұртастың дүкен ашқанын Колумбтың Америка ашқанындай көреді

7fc80be6722f4d88f6e7e19002db1e09_500_0_0 (1)Пәлен күн болды, "mail.ru" агентімнің шағын болгынан, "twitter" мен "facebook"тен тағы да өзге ақпарат парақшаларынан "Қайрат Нұртас дүкен ашпақ" деген бұралқы ақпарат жыртың-жыртың етті де тұрды. Қазақтың БАҚ құралдары оның алдындағы аптаны да соған байланысты төбелеске арнаған болатын. Оның алдында тағы соның бірдеңесі туралы бірдеңе болған. Ары қарай кете берсең Семейден бірақ шығасың. Атақты Абай елі ғой бұл Семей. Қайран, даналығына әлем тамсанған алыпты туған өлке!.. "Қайрат Нұртас келмей кетті" деп қатты өкпелепті. Қарттары да сондай қапалы екен. Қайрат келмей кеткені үшін, тура елге бүлік тигенде жұрт қайғысын жалғыз арқалап қалған қолбасшыдай түнеріп, күңіреніп отырғанын теледидар көрсетіп еді. Қайран, "дария кеуде, тау мүсін" деп әнге қосатын қазыналы қарттарым-ай... Ал, жүрегің ауырмай көрсін! Ары қарай таусыла сөз сабақтаудың қажеті де, реті де жоқ секілді. Алайда, Қайрат Нұртастың дүкен ашқанын Колумбтың Америка ашқанынан бетер жаңалық ретінде (жерден жеті қоян тапқандай) жарыса айтып жар салған бүгінгі БАҚ-тың бағамы туралы үндемей қалуға дәтің жетпейді. Артық көрмесеңіздер сол жайында бірер сөз. fce2958270240847ed8c8d1d79532461_500_0_0 Мынау қазақтың арғы-бергі салт-дәстүр, мәдениетінен тағылым берер, ұрпақ танымын өсірер деген"Мәдениет" арнасы. Кезінде Кеңес үкіметі "ескіліктің қалдығы" деп көзін құртқан мыңдаған жауһарларды жаңғыртып болса да есімізге оралтар-ау деп сенген телеарнаның жаңалығының сиқы осы енді. (http://madeniettv.kz/kaz/news/business-news/Kajrat_Nurtas_duken_ashadi.html#go,) 7fc80be6722f4d88f6e7e19002db1e09_500_0_0 (1) Мынау бүкіл қазақ бетіне қарап отырған "Ұлттық арна"-ның тапқан "жаңалығы". (http://kaztrk.kz/kaz/news/portal/Kajrat_Nurtas_duken_ashadi_id1380544421.html#go%20via) feaaae881acd255529f5bd8423ba81e8_500_0_0 Ата дініміз Исламды насихаттаушы дін қайраткерлері мен мешіт имамдары: "тауға, тасқа табынуға болмайды, әруақ, әулиені қойып Пайғамбарға да (с.ғ.с) табынуға болмайды, он сегіз мың ғаламның егесі тек Аллаға ғана сиынамыз" деп жатқанда "massaget.kz" сайты "Атышулы Қайрат Нұртастың  табынушылары дүкеннің ашылуын тағатсыздана күтетін шығар?" деп жазыпты. Өйдөйт деген! Бұған не дейсің, күлесің бе, жылайсың ба?.. (http://massaget.kz/bastangy/sn/13622 3fa36752dc5ffe2d37fc08d4c2c81c4f_500_0_0 Ал, мынау жақында ғана Астанада өткен көкпардан ашық Азия чемпионатында біздің ұлттық құрама Азия чемпионы атанып, көк байрағымызды желбіретіп тұрған кезде де, олар жайлы жұмған аузын ашпаған "baq.kz" сайтының оқырмандарға асыға жеткізген материялы. "Қоғам" айдарында беріліпті. (http://baq.kz/kk/news/36696) Басы бар сөздің аяғы бар. Қазіргі көп жазармандардың салты бойынша сөзіміздің соңына көп нүкте қойып ғана құтыла салғымыз келмейді. Қайраттың дүкен ашпақшы болғанын (әлі ашпаған да. Ашса не болды?!) осынша ақпарат көздерінің ентігіп жазғанына қарны ашып отырған біз ғана емес, есті қазақ сұрап жатыр "Қазақ қоғамында Қайраттан басқа проблема жоқ па? Бұл не шу?!" деп. Осындай сауал қойған тілшіге жауап берген жырау Бекболат ТІЛЕУХАННЫҢ мына сөзі көңіліңізге қонар дейміз. Ол кісі: "Бұл жерде Қайрат Нұртас андай әнші, мындай әнші, пәлен, түген, даусы жаман, жақсы" деп оны кінәлап немесе мақтап жатудың қажеті шамалы, сіз оны осылай еліртіп, әспеттеген жұрттың өз деңгейін ойлай беріңіз... мәселе сонда " депті. Сөзбе-сөз болмаса да мазмұндап айтқанда осылай. Тарқатып айтсақ тағы ұзаққа кетерміз. Қалай десек те ақиқаты осы. Жарықтық Абай: "Батырды айтсам ел шауып алған талап, Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап. Әншейін күн өткізбек әңгімеге, Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап. Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап, Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап. ... Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап - Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап." - деп ел ішіндегі әрбіреуді санамалап көрсететін. Ал, қазір көбіміз сондаймыз. Ахаңның сөзімен айтқанда халықтың "көзі", "құлағы" һәм "тілі" болып отырған ақпарат құралдарының дені осы  деңгейде.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,

"Айтыс-ақпарат"