145 өнер және мәдениет қызметкері марапатталды

0
1691

28 қыркүйек  мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Астанада мәдениет қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Мәдениет пен өнер саласының дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлер Астана әкімінің алғыс хаттарын алды.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің меңгерушісі Ләззат Тілеуқұлова, С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры Несіпбек Айт, қуыршақтар театрының актері Нұржан Ахметов, Бейбітшілік және Келісім сарайының көркемдік жетекшісі Әсем Шарифуллина, «Жастар» театрының актері Дәурен Серғазин, Мемлекеттік филармония директорының орынбасары Рашид Түсіпбеков, мәдениет ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және т.б.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаеваның атынан «Атамекен» Қазақстан картасының кадрлар инспекторы Бота Аманжолова, елордалық цирк манежының инспекторы Жолдасбек Имашев, Тәуелсіздік сарайының ғылыми қызметкері Айнұр Әбілқайырова, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының бас балетмейстері Салтанат Жолымбаева және мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан басқа да адамдар алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, Мәдениет басқармасының жетекшісінің атынан «Атамекен» Қазақстан картасы, елордалық цирк, Жастар театры, «АЛЖИР» мұражайы, Тәуелсіздік сарайының, қалалық қуыршақтар театрының актерлері, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры және Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, «Жастар» сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Қазақстан» орталық концерт залы, қазіргі заманғы өнер мұражайы, мәдениет басқармасы және т.б. мекемелердің қызметкерлеріне алғыс хаттар берілді.

Жалпы алғанда, 145 адам алғыс хат алды.

Қазақстанда аталмыш мереке Мемлекет басшысының жарлығымен өткен жылдан бастап қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Бұл бүкіл сала қызметкерлері үшін маңызды шара.

Жыл сайын қалада 8 мыңнан астам мәдени іс-шара өткізіледі. Оны 2,5 миллионнан астам көрермен тамашалайды. Қазақстанның астанасында республикалық және халықаралық маңыздағы кездесулер мен форумдар жиі өткізіледі, онда мәдени іс-шаралар да ұйымдастырылады. Астана да еліміздің мәдени ордасы және мәдениет алмасуларды басқаратын коммуникациялық орталық атануға лайық.

astana.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз