«Алматы аруы» тәжін астаналық аруға кигізді

0
997

18 жасар Астанадан келген модель Әйгерім Қожахан «Алматы аруы – 2013» байқауының бас жүлдегері атанды. Сұлу қыздардың «ең сұлуы» атанған Әйгерімге ҚР Президенті істері әкімшілігінің клиникалық ауруханасының бас дәрігері Әмір Ахметовтың 1000 АҚШ долларына сәйкес сертификаты табысталды. Бұған дейін «Алматы аруы» сұлулық сайыстарында бақ сынап жүрген. Үздік ондықтардың қатарынан көрінгенімен, сұлулықтың тәжін кию бақыты тек осы жылы бұйырыпты. Енді «Қазақстан аруы-2013» байқауында бақ сынайтын Әйгерім Қожахан бұл бәйгеге барын салып дайындалатынын айтты. Екінші алматылық ару атағына кешкі сән көйлегін көрсетіп жүріп, екі рет құлап қалғанына қарамастан Юлия Лукина жеңіп алды. Үшінші орынға алматылық Айдай Исаева есімді ару лайық деп танылды. Әр түрлі номинациялар бойынша, өнер көрсету арқылы, көрермендерден дауыс жинау және байқау демеушілерінің талғамымен арулар әр түрлі дәрежедегі сыйлықтарға ие болды.

Соңғы жылдары елімізде жиі өткізіліп жатқан сұлулық сайыстарының саясаты тек ұйымдастырушыларға белгілі. Талғам таразысынан өтіп, қазылардың сүзгісінен өткен арулар Қазақ елінің атын «Әлем аруы» байқауында таныта алмай жүргені өкінішті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз