МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАУ – ЕЛ БІРЛІГІН ҚОЛДАУ!

memlekettik til mitingisi

Қадірлі мемлекеттік тіл, жанашырлары!

1989 жылдың 22-қыркүйек күні қазақ тілі Мемлекеттік тіл мәртебесін иеленген еді. Содан бері бұл күн «Тілдер күні» мерекесі ретінде аталып өтуде. Айтулы мерекенің аясында «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының ұйымдастыруымен жыл сайын «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы өткізіліп келеді. Биыл алтыншы рет өткелі отырған бұл акцияға мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайына бей-жай қарамайтын Республиканың әрбір азаматы бізбен бірге болады деп сенеміз. «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы Алматы қаласы әкімдігінің арнайы қолдауымен 2013 жылдың 22-қыркүйек күні cағат 11-00 де Алматы қаласы Алатау ауданы Шоланов көшесі, 159 (Б.Момышұлы және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысы) Орталық мемлекеттік мұрағатының үлкен мәжіліс залында өтеді. Акция барысында белгілі өнер жұлдыздары қазақ тілі асқақтататын әндер орындайды. КЕЛЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ ЕСІК АШЫҚ.  Ұйымдастыру комитеті   8-701-789-07-28