БҮГІНГІЛЕР ЗАМАННЫҢ ТАМЫРЫН ЕМЕС, «ҚАМЫРЫН» ИЛЕП ЖҮР...
2013 ж. 28 тамыз
2852
2
«Театр – киім ілгіштен басталады» дейді Константин Станиславский. Осыдан-ақ театрдың әлемдік өркениетте ойып алар орасан орны бар үлкен мәдениет ошағы екендігін аңғарамыз. Ал, біздің еліміздегі театрдың, жалпы, өнердің деңгейі қаншалықты шамада?
Өнердің көкейтесті сауалдарымен «Театр – мен үшін қасиетті қағба сияқты» деп ұлы өнерді өміріне өзек қылған ҚР Халық артисі, ҚР Мемлекеттік және Жастар одағы сыйлықтарының лауреаты Тұңғышбай Әл-ТАРАЗИ ағамызбен әңгімелескен едік.
– А т ы ң ы з ғ а қ а р а п - ақ отбасының тұңғышы екеніңізді білеміз. Бала Тұңғышбай қандай еді?
– Балалық – балы тәтті балдәурен кезең ғой, өтті- кетті келмеске, оны ойға алып қиялға беріліп, арғы-бергіңді ойлап, аңқиып отырғаныңда, аузыңдағыны бір пысық қағып кетуі мүмкін...
Мен отбасының тұңғыш нәрестесі ғана емес, атам мен әжемнің де тұңғыш немересімін. «Үлкен үйдің еркесі болдым» дей алмаймын, ата мен әженің меншігі ретінде өз әке-шешеме жолай алмағандықтан, олардың мейіріміне молынан шомылдым деп те айта алмаймын... Керісінше, әжемнің есті ертегілері мен жұпар исіне тұшынған ұрпақпын.
Тұңғыш бала болғандықтан, көбіне өзіммен-өзім ойнайтынмын, саяқ жүретінмін. Жарық дүниемен жалғыз өзім сырласатынмын, ыңылдап әндететінмін, кейін шатпақтап өлең де жаздым, домбыраға үйірсектедім. Арманшыл, қиялшыл боп өстім. Әкем теміржол құрылысшысы еді, содан болар разъезден разъезге жиі-жиі көшіп-қонатынбыз, жиі мектеп ауыстыратынбыз, шамамен, он бір жылдықты он бір мектепте оқып бітірдім- ау деймін. Тентектікке баруға, бала болып бұзықтық жасауға кластастардың жиі өзгеретіндігінен қолым тимеген болуы керек, жақсы оқушы ретінде ерте танылғаным да сондықтан шығар...
Әйтпесе, қазақтың көп қара баласының мен де бірі едім. Бұл жайлы алғашқы «Наз» атты кітабымда тәуір әңгімелеген сияқтымын. Әйтеуір, «кейін кірген ақылмен» ойдан құрастырылған күнделік емес, оқылуы оңай, мазмұны мәнді дүние болғанға ұқсайды...
– Өнердегі бағындырған белестеріңіз: отызыңызда орда бұздырған «Қан мен тердегі» Тәңірбергеннен бастап, қайсар Қайырханға, айбынды Абылайханға, «Жас Абайдағы» Құнанбай бейнесіне дейін жеткізген жолдарды аз-кем тілге тиек етсеңіз
– Ол ұзақ әңгіме ғой, «былай болған» деп қысқа қайыруға қимайсың, оның үстіне бүкіл өміріңнің өлшемін атүсті әңгімелеу – қатігездік...
Өнер деген өлшемге еріккеннен келмегенім ақиқат. Басқа оқу орнына өресі мен өзегі жетпегендердің «тілің таза, көзің қыли болмаса – түсіп кетеді екенсің» деген қауесеттеріне құлағандықтан келмегенім де ақиқат. Тәп- тәуір оқып жүрген техникалық жоғарғы оқуымды «оқи алмағандықтан», күрделі емтихандары мен күрделі сызба-сызуын есептей алмағандықтан немесе сызбалы геометрияның, квантты физиканың, жоғарғы математика мен сопроматтың, механика теориясының, металдар технологиясының теоремалары миыма кірмегендіктен тастап кеткем жоқ, саналы түрде өнер еліне ат басын тірегем...
Мен өнерге қалап келгем, білегіме емес, жүрегіме балап келгем... Жолым мен бағым ашыла қоймаған театр босағасындағы бес жылда, тастап кеткен «техникалық интитутыма қайтсам ба» деген қайғылы ойдың болғаны да рас... Әгәрәки, менің бағыма келген «Қан мен тер» фильмі болмағанда, ол «арам» ойымның іске асуы әбден мүмкін еді...
Адамтану – азапты іс екені қандай хақ болса, актердың да аужайын тап басу да сондай хақ, әрі қатерлі... Еленбей кетуің, «көшке ілінбей» қалуың, хақтан бетер хақ. Әңгімесін бастарда, осының арты неге соғарын алдын ала ойлап, «өзім де қумын ғой» деп, оң-солын орағытып отыратын Әлкей Марғұлан ғұламадай, менің де «запастағы аэродромым» дайын-ды...
Бірақ кім білген, кете алар ма едім, алмас па едім, бұл «ауруға» шалдыққандардың ол «ерлікке» баруы екіталай... Өнерге келу де ерлік, орныңды таппаған соң, кету де ерлік! Тәуба, Құдайдың көзі оң болып, менің жолым болды... Алғашқы «ерлігім» өтелді! Отызымда Тәңірберген, отыз жетімде Әбілқайыр хан, қырық екімде Қайырхан, қырық бесімде ата театрдың тізгіні, қырық жетімде Құнанбай, қырық тоғызымда Абылай хан, елуімде Адам Ата (Ғ.С.), елу екімде Кир патша...
Жеке тағдырымда елу бес жасымда Ақсұңқар ұлым, елу сегізімде Аққу қызым келді дүниеге, елу тоғызымда өнертанудан ғылыми еңбек қ о р ғ а д ы м ! Алпысымда «Адасқандар» фильмінде Жәбірейіл пайғамбардың әлеміне енуге мүмкіндік туды. Шүкір, табан ақы, маңдай тер талай оттан аман алып шықты, тереңге батырды, талай биікке жеттік. Еңбегіміз еленді, ешкімнің «көлеңкесінсіз», ешкімге «иілусіз», «рулассыз», ешкімге «доссыз», «күйеусіз», ешбір «сүйеусіз», «ащы сусыз», дәрі-дәрмексіз, жарбаңсыз, ырбаңсыз...
– «Театр – мен үшін қасиетті қағба сияқты» деуіңізден-ақ, театрды бәрінен жоғары қоятыныңыз аңғарылады. Әлі күнге дейін орыс театрының салып берген жолымен келе жатқан қазақ театры өз соқпағын, қазақы бағдарын айқындауы үшін қандай қадамдар жасауы қажет?
– Алдымен, Ұлы Мәртебелі Өнерге мемлекеттік көзқарас керек. Өнерпазды сайқымазақ ретінде кемсітіп қарайтын шенеуніктік көзқарастың көзін жою керек, ондайларды биліктен қуу керек. Өнер – ұлттық идеологияның өзегі екенін ұққанда ғана оның ұлттық жолы, қазақы бағдары өз-өзінен айқындалады.
Сонан соң, өнер тізгінін билік ретінде ұстаған бүгінгі шенділер аренадан кетуі керек. Өнерге билік жүргізуге б о лма й ды, о ғ а н а я лы алақан, қамқорлы қаупай, өрелі білік, тұлғалы тұрпат, суреткерлік қуат, иманды ұят керек. Биліктің бишігіне иелер, қағынан жеріген құлан сынды өзгенің қаңсығын таңсықтанып, «Астана күні» деп аталатын үлкен дүрмекке Без р у к о в тың т е а трын , Крутойдың қыртын, Потап пен Настяның «намазын» төрге шығарып, өз ұлтының өнерінен үстем санаған соң, «қайтып адам болайын»!.. «Сахнадан сәлем» деп сәнді аталған сол мерейтойға алмағайып шақырылған Әуезов атындағы ата театрдың, өзге өлкелердегі өнер шаңырақтарының үкілеп әкелген қойылымдарына, тіпті, олардың бар-жоқтығына пысқырылмаған соң, «қайда барып оңайын»! Сол дүрбелеңде өзгенің өнерін тықпаламай, өзіңнің асылыңды асқақтатса болмас па...
Мәскеудің қайсыбір театрының «байғазылыққа» әкелген А.Чеховтың «Апалы- сіңлілі үшеуіне» қосарлап, Әуезов театры әкелмек болған Ә.Кекілбаевтың «Абылай ханын» да тойшыларға көрсетсек, қай жері кемдік етер еді! Жаманқұловты жақтырмаса, Обаевқа ойнатсын да, Сығаевқа сараптатсын, үн шығарсақ, бізге серт!
Өткен ғасырдағы іріп- шіріген Ресейдің реңін жоқтаған, «Мәскеуге! Мәскеуге!» деп ұрандаған орыс қ ы з д а р ы н ы ң қ ы ж ы л ы қазақтың қай жеріне дәрі болады! Жоқ, «ауылдастың аузы сасық», Мәскеуге, Лондонға, Брюссельге, Бернге бейілміз... Қашсақ та сонда, тасысақ та сонда тасимыз! Талғамы асып, білімі «биіктеп» кеткендері сонша – Қаллеки театрының төрінен бірде-бір шенеуніктің толысқан төбесі көрінбеді, амал не?!. Қайтеді, «қаға берісте» қағып кеткен қаржысына Ла Скалаға барып, жоғарғы ермегі, ойыншық ретінде қарамай, ғылыми тараптан таразылаған жөн екендігін, «әртіс те адам ба» деп кекететін қайсыбір мысқылшыл қазаққа дәлелдегім келді. Сол жылдары сахнадан нақақтан сырттап қалған кезеңімнің орнын толтырып қана қойғам жоқ, төңірегімдегі топастыққа көзімді аштым, онымен ой- күресті одан сайын күшейттім. Жүйеленбей жүрген білімімді реттегендей, тиянақтағандай болдым, білмесімнің жетіп артылатынына көзім жетті. Өзгені қайдам, өзім рахат шектім. «Бір өлім бары рас, тек қасапшы бауыздаса екен» деген ақ ешкінің арманын ұқтым. «Сыншымын» деп шіреніп жүрген кейбір міншіге жаным ашитын болды.
– «Іштен шыққан шұбар жылан» демекші, «Тамаша» ойын-сауық отауының қашан да жүрегіңізге жақын екенін білеміз. Әйтсе де, кезінде аты дүрілдеген «Тамашаның» бүгінде өзге әзіл-сықақ театрларының көлеңкесінде қалып қоюына не себеп?
– Өнер мен Өренің, оларды таразылай білетін Білімнің бір өлшемде теңгерілмеуі, Суреткерлік пен Ақшаның сыйыспайтын алшақтығы. Жараспайтын әзіл мен жанаспайтын оспақты өнерге араластырған соң, ауыздағы арзан сөздің әрі кетеді. Сонан соң, қалай десеңіз де, орны толмайтын кісілер демей-ақ қояйын, нәрселер болады. Ол «Тамаша» енді қайтып келмейді! Құдайберген «тіріліп», мен қайта атқа қонып атой салсақ та, тура сол кездегідей болмайды! Кезең басқа, өзен басқа... Біз сол заманның тамырын тап басқанбыз... Бүгінгілер заманның тамырын емес, «қамырын» илеп жүр...
– Бұрындары дауысы барлар ән салса, бүгінде аузы бардың бәрі ән салатын болды. Бірақ, сіздің әншілік өнеріңіздің өзі «сегіз қырлы, бір сырлы» талант екеніңізді айқындай түскендей. Осы тұста айтыңызшы, мәнсіз мәтінмен, әсерсіз әуенмен, қазақ эстрадасын былғап, ұлттық музыкамыздың халін мүшкіл күйге түсірген «жұлдыздарға» қандай жолмен тоқтам жасауға болады?
– Концертіне бармай қойыңдар, бара қалсаңдар залдан шығып кетіңдер, шіріген жұмыртқа лақтырыңдар... Ә л с і з ә н ш і н і ң , м и с ы з әзілкештің, білімсіз әйгілі «ақсақалдың» әләуләйіне құлақ аса беретін өздеріңдей аңқау елге арамза молдалар білгенін істеп, тайраңдап, ұлы өнердің кейпін қашырып сұлулық пен сүйріктікке деген талғамын былапыттайтынын ұмытпау керек.
Қол шошайтсаң күле беретін, мөңіресең де шапалақ ұратын, шикі мен піскенді талғамай асай беретін, арзан мен қымбаттың ара-жігін ажырата алмайтын көрерменнің к ө п т і г і ұ л т т ы ң ө р е с і н төмендетеді. Өресі төмен елдің тамыр-тегіне сызат түседі, төбесіне кім көрінген саңғып кетеді. Таза өнер мен базардың, терең мен саяздың ара-жігін ажырата алмау – көрерменнің өзіне сын екенін ұғыну керектігін айтсам қатты кетті демерсіздер. «Қазақ десең – өзіңе тиеді», өзімізге де обал жоқ, не болса соған далақтап, анау да жұлдыз, мынау да құндыз деп, шикі түсті, шала істі жастарды өтірік алқалап жалмаңдатып, аузынан бір нақыл сөз шықпаған, сақалы күнге ағарған жасамысымызды «алаштың азаматы» деп төбеге шығарып тайраңдатып қойған!..
– Х а д и ш а Б ө к е е в а , Құрманбек Жандарбеков, Нұрмұхан Жантөрин, Әнуар Молдабеков сынды дара дарындардың шәкірті екеніңізді білеміз. Өзіңіз қандай ұстазсыз?
– Мен сияқты ұстазын ұлықтай білетін шәкірттерім бар болса, өздері айтсын. Үйретіп қана қоймай, олардан да үйренетін, байқатпай өз өре- қарымымды таразылап алатын, білгенімді байыта түсетін «қумын». Өнер-білімнің шегі мен шекарасын, оңы мен солын, тереңі мен биігін, қадірі мен қасиетін, бағасы мен бағамын шәкірттеріммен бірге іздеуге талпынамын. Әйтеуір, ұстазына көңілі толмай, қарындары ашып, ректорға арыз түсіріп, шәкірттері «бұл кісіде оқығымыз келмейді» деген сияқты кесапатқа киліккем жоқ... Сорақысы сол, мұндай да жағдайлар болған...
– Кинода, я болмаса, театрда сомдаған рөлдеріңіз жайында сын естіген сәтіңіз болды ма? Сынды қалай қабылдайсыз?
– Болды. Жөндісіне құладым, жөнсізіне пысқырғам да жоқ! Көбіне тапсырыспен, қиястықпен жерден алып, жерге салған сын-сымақтар болмай қалған жоқ, «айғайшы», «даусы қарлыққан» деген сияқты. Қай рөлді қалай ойнағанымды өзімнен басқа ешкім білмейді, кезінде қандай басшы болғанымды бәрі де дерлік іштей жақсы біледі, алайда, олар шындықтарын сыртқа шығаруға сараң. «Түгелін қатырдым» деп өзім де ешқашан айтқан емеспін. Біреуге жақсаң, біреуге жақпайсың, «әр кәлләда – бір қиял» деген, әркімнің көңілі өзінше жоғары, білім мен талғам, мінез бен мазмұн әрқилы болған соң, әділет те әртүрлі толқында жүр...
Әділін айтсам, бүгіндері білгір сыншыға зәруміз, олар жоқ, о дүниеге кеткен... Бұ дүниедегілерінің базалық білімі тапшы, теориялық тегеуріндері бос, сондықтан да «тарысы піскен жердің тауықтары», тапсырыстың, субьективті пікірдің құлдары... Қаулап өсіп келе жатқан қыздар бар, алайда, әзірге әйелге тән сынықты әдебі мен қазаққа тән қылықты ибалары шектен шығады, алыс тұспалмен жазады, батыл емес...
– Асқаралы алпыстың бел ортасына таясаңыз да, аттан түскен жоқсыз. Қайта еңбекке деген құлшынысыңыз арта түскендей ме, қалай?
– Бұқпантайлаған өмірді иттің етінен жек көремін. Айтарымды айтамын, қолымнан келетінді жасауға тырысамын. Төңірег імнен тайсақтамаймын, жұрттың бетіне тіке қараймын, кісіге жасаған қиястығым жоқ. Бетке айтқанды бетсіздікке балайтын пікірге қарсымын. «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп...» демей ме, қазағым?!.
«Төбедегімнің төмендегенін көрмесем» деген тілек күшті. Алайда, аярлық алға шығып жатқанда үнсіз қалу қолымнан келмейді . Тау қопарар күшімді сезінемін, оны іске асыратын, қажетке жұмсайтын амал өзгелердің қ а л т ы р а ғ а н қ о л ы н д а , жалтыраған сөзінде болып өзегімді талдырып жүр. Сол жөнсіздік пен сасық қулыққа қарсылық көрсете алмай жігерім құм... Дегенмен, Дон Кихот емеспін, жел диірменге найза салмаймын, басқа түссе – баспақшыл күй кешуге мәжбүрмін.
Бүгінде менің де атағымнан ат үркеді, алайда тоқмейілсіп, «болдым-толдым» деген даңғойлықтан аулақ болуға ақылым жеткеніне шүкір... Соңыңнан ерген өрімдей жастардың өзіңнен еш кем еместігін ұғып, солар шығар биікке талпыну, олардың өресіне ұмтылу, керек болса, сол жастардан үйрену, солардың талғам-талабы мен білім- парасына үйірсектеудің парқын ұққан қандай! Жас шамамыз басқа болғанымен, заманымыз бір ғой... Өткеніңмен өзеуреудің жөні жоқ, бұлданудың да реті шамалы. «Бізден кейін ешкім жоқ» деп артындағысын теуіп, алдындағысын тістейтін өмірде тозған шал, өнерде арзан шауқандардан түршігемін... Жаным ашиды... Қапа боламын...
– Бүгінде тележүргізуші ретінде де көгілдір экраннан көрініп жүрсіз. Соған қарағанда үнемі жұрт назарында болғанды қалайтын сияқтысыз...
– Жоқ, керісінше, кейде, қарапайым көптің бірі болғым келіп, ел ішіне сіңіп кеткім келетіні бар. Жұрт назарында болудың жауапкершілігі ауыр, үнемі сол биікте жүру оңай емес. Елдің ықыласын суытып алмай, көз алдында қадіріңді кетірмей, көңілін қалдырмай, арзандамай аман жүру – басты арман...
– Өзіңіз әділқазылық еткен «Жұлдызды сәт» жобасында шын жүйрікті анықтау қиынға соқпады ма?
– «Қазы» деген сөзге «әділ» сөзін қосарлауды қаламаушы едім... Қазы болған соң, әділ болу міндет деп ұғынатынмын. Сөйтсем, бұл тіркес, бүгінгі заманға сай айтылып жүр екен...
Бүгінгі басшылар мен қосшылардың, әкім-қаралардың, қазылар мен билердің, яғни, прокурорлар мен соттардың сорақы әділетсіздігін, «ешкі мен сиырдың» жетегінде кеткен жазылмас дерттерінің түсін танып, көп жағдайда түрін де көріп жүрген мен, «уайым түбі – тұңғиыққа» батып жүрген кезім де жоқ емес... Сіз жоғарыда айтқан жобаны ұйымдастырушылар менің көнбесіме қоймады, себебін кейін түсіндім. Меніңел арасындағы азын-аулақ беделім мен сырт көзге сүйкімім, қысылтаяңда қисынын табар сөз табарым керек екен, оларға... Оны ұққандарына шүкір... Алайда, ол жоба – кәдуілгі шоу, яғни, ойын екенін аңғал көрерменнің ұққысы келмейтін адалдығына тәнті болғанымды жасыра алман... Түптің-түбінде, біз емес, ұялы телефонның хабарламалары шешті ғой жеңімпазды...
– Бір сұхбатыңызда: «Бүгінде өнерде досым жоқ» деген едіңіз. «Өнер адамдары бір-бірін жақсы түсінеді» деуші еді, сіздің досыңыздың жоқ болғаны қалай?
– Өнер – жарыс. Қалу бар, озу бар,.. Сағынайдың асынан басталған әділетсіздік те асып-төгіледі. Құлагерлердей жүйріктерді Батыраштар әлі көздеп жүр. Қодарлар мен Бекежандардың дойыр қамшысы да үйлесім мен тазалықтың үстіне үйірілуін қойған жоқ. Бір-бірімізді жақсы түсінген, бір өлшемде ұғысқан, айналаңдағы әділдік пен өнердегі тазалық үшін «ұрысқан», жігіттік сөзде тұрысқан достарымнан айрылып қалғанымды әнге қосып айтқанмын. Қазір жалғызбын. Айналам ақылын ат тепкен, қазақы қалыптан айныған шауқан, жігері жасық, құлағы кесік қаймыған шалапай...
– Өмірде өкінген сәттеріңіз болды ма?
– Болды. Базар заманы келіп, өнер аяқасты болғанда, сәл кеш туғаныма өкіндім. Бүгінгі нарық дейтін білектің ісіне қарық заманда жүректің ісі дейтін ұлы өнердің өнбес нәпақасымен қатын-бала асырау ұят екенін ұққанда өкіндім. Алдымдағы бірді-екі ағамның бәтуалы ақсақал бола алмай, боссақал, бейшара күйін шыққыр көзім көргеніне опындым... Қаллекиді, Құрманбекті, Елубайды еске алдым, Серке ағайды, Сәбираны сағындым... Асқар Тоқпановты аңсадым...
– Өнер жолының ауыр жол екені бесенеден белгілі. Бұралаңы көп осы жолдағы басыңыздан өткен қиын бір кезеңдерді тілге тиек етсеңіз...
– Өнердегі соңғы бір мүшел өмірім ең қиын кезеңім... Тақтан түскенімді емес (қайбір тақ дейсіз оны), ер-тоқымы аумай, үстінен түспеген бәйгі атымның аяғы он екі жыл шідерде болғанын айтамын. Он екі жыл сахнаны сағынып өттім... Он екі жыл бойы Әуезов театрында қойылып жатқан бидай- былдырық қойылымдарда м а ғ а н л а й ы қ б і р р ө л болмағаны қинады... Белсіз, сөлсіз, мұңсыз, үнсіз, ділсіз, күнсіз спектакльдер менің ғана емес, елдің де еңсесін елең еткізбегені ешкімнің есіне кіріп, «бұл қалай» деген бір пірәдар болмады... Министрдің миы басқаға ашыды, бастықтың басы басқаға жетпеді. Тек жүрген соң, домаланып көп жүрді, саязды кешті, таязды талшық етті, театр талықсыды, өлместің күйін кешті, соны шүкір қылған шауқандардың нафталині мұрын жарды...
– Халықтың алдында жүрген азаматсыз. Бүгінгітаңда қоғамдағы қандай мәселе қатты алаңдатады?
– Қатты алаңдардай, қиюы кетіп, қирап жатқан ештеңе жоқ. Ел аман, жұрт тыныш, заманның жаңа ырғағына төселіп алды, ертеңіне сенімі орныққандай... «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман демегенмен, көрші елдерден көш ілгері екенімізді есі барлардың бәрі де біледі емес пе... Басқаны былай қойып, кеше ғана бой көтерген көз қарықтырар «Астана-Операдай» ғасырға кететін ғимарат қатарымыздағы қай елде салынды! «Бір кем дүние» дегендей, бірді екілі мүлт кетулер болмайтын заман бола ма, «бес саусақ бірдей емес»... Жанымды жеген біраз «жегіні» жоғарыда айтудай-ақ айттым. Менің дертім – ұлы өнер, сол аяқасты болмаса екен, әлемдік деңгейге өзгеге еліктемей, соларды ғана зор санамай, өзімізді қамшылай, қазақы қанымыз сұйылмай көтерілуге болады ғой деген ашулы, әрі жасулы арман ғой менікі...
– Өнер адамдарының жеке өмірі көпшілікті қызықтыратыны сөзсіз. Қырықтың қырқасына шыққаныңызда жиырмадағы қызғалдақтай құлпырған Дария қызды қалай қолыңызға қондырдыңыз
– Ол енді менің жеке шаруам, өмір бәйгесінен бұйырған «жүлдем». Қалай екенін айтпай- ақ қояйын... Қызғалдақтай құлпырған Дәрия қызыңыз кезінде Оңтүстіктің, бүкіл Қазақстанның қыз сыны жарыстарында бас жүлделердің біразын беліне байлаған. Басқа сұлулар шетелге, байшыкештердің жетегіне еріп кетіп жатқанда, өз елінде қалған жалғыз қыз осы. Өзге ұлтқа «қолды» болмай, қазақ өнерінің қабырғасын ұстазы Хадиша Бөкеева апайының нұсқаған жолымен ары ұзартып, қолынан келгенше көркейтіп жүргенінде менің де ептеген септігім бар шығар...
– Отбасында бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлесіз?
– Балажанмын. Қатты ұрыса алмаймын. Еркелетемін. Биыл қызым Аққу бірінші сыныпқа барады. Алдындағы ағалары Ақсұлтан мен Ақсұңқар жыл сайын мақтау қағазға оқып жүр...
– Өнер адамының басынан түрлі қызықты оқиғалар өтіп жатады...
– Ө н е р а д а мының өмірін қызық санайтындай, қызығатындай дәнеңесі жоқ, қызығынан «шыжығы» көп екенін білер ме екенсіздер... Шын өнерпаз – мұңшыл... Қызық оқиғадан гөрі мұң шерткеніміз дұрыс шығар... Тұзымыз жеңіл адамдармыз, аяғымыздың шалысы, сүрініс-қабыныстарымыз қаймана жұртқа бадырайып көрінеді. Басқа мамандықтың адамдарының өмір жолы мен «шыжықтары» асып-төгіліп жатса да, біздің «мүлтіміз» түрпідей тиеді. Елдің ықыласының қадірін ұқпай, тәртіпсіз тайраңға берілер жайымыз жоқ екенін көбіміз білмей, бұл дүниеден жеңіл- желпі, желіп өтіп барамыз...
– Әңгімеңізге рахмет!
Гүлмира САДЫҚ