Мақпал шейхке тұрмысқа шыққысы келеді

19 Маусым
Астана. 19 маусым. Baq.kz – «Қазақстан супержұлдызы» байқауының қатысушысы, белгілі әнші Мақпал Исабекова шейхке тұрмысқа шыққысы келеді деп жазады «Караван».  
 Мұндай ой оған БАӘ-не барып тыныққан соң келіпті. Дубайда естен кетпес күндерін өткізіп, әбден қызыққа кенелген Мақпал суға түсіп, күнге қыздырынып, демалыстың рахатын көрген сыңайлы. Жылы өлкеге сол үшін аттанған Исабекова: - Ол жақта жеке «араб асханасы» деген түсінік мүлдем жоқ екен. Алайда, бәрі көңілімнен шықты. Шаршағанымды бастым. Егер Араб Әмірліктерінде тұруға мүмкіндік туып жатса, қалар едім. Тіпті, шейхке тұрмысқа шығуға да қарсы емеспін, дейді әнші.
bnews.kz