ЖСДП өкілдері ұстаздармен кездесті

ЖСДП өкілдері ұстаздармен кездесті

ЖСДП Қарағандының ұстаздары мен белсенділерін «Әлеуметтік қалқан» тақырыбындағы кездесуге шақырады 2026 жылдың 27 шілдесі күні Қарағанды қаласында Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) белсенділері мен қолдаушылары сайлауалды науқан аясында педагогтермен кездесу өткізді.

Кездесу «Әлеуметтік қалқан» тақырыбына негізделді. Басқосу барысында жиналғандар «Әділдік. Еңбек. Лайықты өмір» құндылықтары негізінде пікір алмасты. Кездесуге ЖСДП-дан Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған партия төрағасы Асхат Рақымжанов, Нұрлан Әубәкіров және Мақсұт Насибулов арнайы келді. Өңірдің педагогикалық қауымдастығымен ашық пікір алмасу барысында еңбек мәселелері мен қоғамның ашықтығы туралы сөз қозғалды.

Алғашқылардың бірі болып кандидат, партия төрағасы Асхат Рақымжанов сөз алды. Ол өз сөзінде партияның бағыт-бағдары мен мақсаттары туралы толық баяндап өтті.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы аясында мұғалімдерді қолдау жөніндегі жарияланған бастамалар мен олардың күнделікті еңбек жағдайы, жүктемесі, еңбекақысы және әлеуметтік кепілдіктері бойынша өзекті мәселелер талқыланды.