Дана... Дана... Дана қыз...

Дана... Дана... Дана қыз...

Егемендік деген ұғым болса.. Тәуелсіз Қазақстан деген тіркес болса біздің руханиятымыз бен мәдениетіміздің қатар аталатыны ақиқат.. Осы тұста Дана Нұржігіттің есімі ерекше.. 

 Дана! Сен бітірген істер .. сен жүрген жолдар сайрап жатыр.. Сен әр қазақтың төрінен, көңілінен, жүрегінен орын алған арусың.. Сен кез келген ауыл аймақ , ауданда... қала менен далада сүрлеу салған дарасың... дұрысында данасың... Адамның есімі, аты, ныспысы оның өмірдегі орынын да орынтағын да меңзейді.. О баста сенің азан шақырып қойған атыңның періштенің құлағына шалынғанына иланасың... сенесің.." Жігіттің жақсы болуы нағашыдан" тіркесі тек ер азаматқа айтылмайтыны ақиқат... Сенің де шыққан тегің, өскен ортаң бекер емес.. Сен өмірдегі орныңды - музыканың жамандығынан емес жаңына жақын мамандығыңнан тапқаның "қыз әулие" деген тіркесті еріксіз еске түсіреді..

 Дана Нұржігіт журналистиканың қай саласына салса да қайраты мен айбаты, ақылы мен көркіне көңіл толар хабар жасады.. Екі тілде еркін сөйлейтін журналистер көп емес... Соның бірі емес бірегейі Нұржігіт болды ...

 Сонау бір бағзы заманда "Хабардың" жаңалықтарын Дана жүргізгені әр қазақтың есінде...Сенің үнің, әуезің, мақамың ерекше тін... ерек тін... Сенің көзің қазақ қызының көзіндей мөлдір... тұнық.. таза.. Егер сен өмірде сүрінсең, сүрінбейтін жан болмайды ..ол сенің тазалығың ,тұнықтығың, аңғалдығың, аңқаулығың, ақ көңілділің, ақ пейілің болар...Сондықтан да Дана қыз сан құлады.. жылады.. таң ертең жас сіңген жастығың күнге жайды.. Тұра салып бетін опалап маңдайына макияж жасады.. Жылағанын күлгенге, қиналғанын қуанышқа айналдырды амалсыз... Жан дүниесі жанартау боп жанып, ішінде ит өліп жатса да ештеңе болмағандай, тойдан қайтқан тоқ келіндей күліп тұрып көгілдір экраннан сәлемдесті ..әр шаңыраққа арман , үміт отын тұтатты.. қиналған қазаққа қамшы болды...Өмірде сауаптың түрі көп... біреу ақшалай береді біреу шақшалай береді.. енді бірі малдай берсе енді бірі алдай береді.. Меніңше ең үлкен сауап адамға арман - қанат беріп үміт отын силау ма деймін ...Өйткені ел жұрт Данаға сенді үміт артты.. жиналды..Бұйырса бәрі жақсы болады" деген қыз сөзіне иланды.. "Бір сұлудың күлкісі қырық жігітті аттан түсірсе.. Дананың сөзі қырық рулы Елді аузына қаратты.. Өйткені ол қыз Өкіметтің өзіндей.. өтіріксіз сөзіндей тін..

Құмға құйған су текті күнделікті тірлікте ерекше хабар жасау мүмкін емес.. Оның үстіне алпауыт мемлекет Ресейдің информациялық айдынында сөз таласы мен көз таласы өте қиын.. Айтар сөзді айта алмай жетім қалған сөздер мен жесір қалған ойларда есеп жоқ.. Дұрысы олар әр жүректе шемен боп қалады...

Ол кеңістік ОЙ таласы қажет етер космос.. Ой таласы сөз таласы ежелден бізге таныс.. Көне Римдағы Сенат соның айғағы.. Небір дүлдүл мен сұңғыланың сыңға түсер мекені.. Цицерон, Цезарь,Брут, Сенекадан Американың Сенатындағы Маргарет Чейз Смитке дейін қаншама тұлға тер төкті.. Біздің Дана да осы Сенаттың көркі мен бөркі бола білді... Ол жерде Ой мен Білімнің, Елдік пен Ерліктің көзге түсер алаңы... майданы... алғы шебі... Сырбай Мәуленов айтқан "Соғыстан қайтқан солдаттар "демекші біздің Дана да Сенаттан қайтқан арудың бірі...Майданнан оралған Бауыржан мен Қасымдай Дана да бүгін Руханият әлемінде .. ғарышында.

Ғарышта сан жұлдыз бар.. Ал біз үшін Дананың жұлдызы ерек... Уақыт өтер.. замана көшер.. алайда Дананың қалдырған дүниесі әр қазақтың көңілінде.. жүрегінде.. жүректегі жазулар деген тіркес бар.. мен оны білмеймін ...мен жүректегі сағынышты білемін...

Талғат Теменов, Қазақстанның халық әртісі, режиссер