Еріктілердің ерлігі
2025 ж. 25 тамыз
146
0

Семей полигоның қасіретін әлемге әйгілеу жолында бастарын бәйгеге тігіп,Мәскеу,Стамбұл, Сирия және Америкаға барған еріктілердіңқауіпті қарсылық жорық жолдарының оқыс оқиғалары мен шынайы шындығы.
Мәскеу-Кремльде қамақта
Антиядролық Невада-Семей қозғалысының Аттан жорық штабының мүшесі әрі журналист ретінде үш рет қауіпті жағдай басымнан өтті.Алғаш 1993 жылы күзде Мәскеуде Қызыл алаңда шовинизмінің қазақ даласындағы атомдық жарылыстарының сойқанын әшкерелеген шеру кезінде ұсталып қамалдық.Қамауда он сағат отырдық.Бақытымызға қарай түрік, испан журналистерінің және бір халықаралық ұйым өкілінің араша түсуінің арқасында ауыр жазадан аман қалдық.Біздің қамалуымызға Қызыл алаңдағы оқиға өзалдына Қытай елшілігі алдындағы Лобнор полиганына қарсы акция талап себеп болды.Соңында,әйтеуір,Құдай сақтады.Айтпақшы,Кремль төңірегінде танклер тұрған еді.Кешкісін пойызға отырғанда Кремлде атыс басталғанын естідік.Бұл тарихта қалған атақты Мәскеу бүлігі кезіндегі үрейлі күндер еді.Аттандықтарды Алланың өзі қорғады.
Нью-Йорктетегі қарсылық оқиғасы
Әлем астанасы атанған,ООН-БҰҰ-штаб пәтері тұрған жерде Шаранскй алаңы бар.Еврей дисидентінің аштық жариялауынуына байланысты осылай аталған.
ООН-БҰҰ-тарихында бұл жерде өмірінде акция шеру өтпеген.Семей полигонының қасіретін әлемге жеткізу үшін бастарын бәйгеге тігіп,жеті ерікті 1994 жылы қара күзде Америкаға келді. "Аттаның атомға қарсы Амарика жорығы" осы жылы өзім істейтін "Халық Конгресі" газетіне жарияланды.Авторы мен.
ООН-БҰҰ- алдындағы алаңда екі күн Семей полигонының қасіреті жөнінде ағылшын,орыс,араб тілдерінде жазылған плакатағы ұран,жазуларды оқыған,сұмдық суреттерді көрген қарулы күзет адамдары бізге тиіспеді.Өйткені Америкада демократия бар ғой.
Үшінші күні шектен шығып кеткеніміз ді білмедік.Мұздай қаруланған,түрлері сұсты,көлігімен келген қатал тәртіп сақшылары плакаттарды қиып, бізді қамау үшін тиісті орындарға телефон шалды.Бағымызға қарай осы маңдағы түрік елшілігінің өкілдері, ішіміздегі американдық қазақ бауырларымыз қазақ жеріндегі атомдық қырғын қасіретін оларға түсіндіріп,кешірім сұрады.Нәтижесінде бізді қамауға әкетпеді.
Америкаға жүрерде" хабар ошарсыз кетсем бұл өзімнің қалауым,өз еркімен бара бара жатырмын "деп қол қойған едім жорық ант қағазына.
Америкадан аман есен елге оралдық.
Сирия шекарасындағы" шекісу"
Ұлы Абай еліндегі атомдық жойқын ядролық сынақ жарылыстардың сойқанын мұсылман әлеміне жеткізудің сапар жоспары жасалды.Жолын тауып Меккенің өзінде ақырзаман қаруының тажал екенін күллі мұсылманға әйгілеуді мақсат етті "Аттан жорық" сарбаздары.Мәскеуде қазақстандық оншақты адамға Сауд Арабиясына баруға рұқсат берілді.Түркияның Антакия аймағындағы Сирия шекарасына келгенде шекарашылар бізді тоқтатты.Өйткені,үлкен соғыс алдында тұрған елде сақтық шарасы күшейтілген екен.Мінезі алай дүлей Амантай қажы бір шекара офицермен оның сөзін түсінбей шексіп қала жаздады.Арапша білмейді ғой.Сөйтіп,жолымыз болмай кері қайтуға тура келді.
Алматыда қақаған қыс,Антакияда жерде көк өскен көктем еді.Аяздан жылы жаққа шұғыл келгендіктен мендегі қан қысымы көтеріліді,соңында төмен түсіп, қалпына келді.Антакия құранда айтылатын жер '-су ғой.Алла сақтап, денсаулық сыр бермеді.
Түрік астанасы Анкарадағы Қазақстан елшілігі неден сезіктенгені белгісіз менімен жеке сөйлесіп, тез елге кету керектігін айтты.Болмаса жауапқа тартылатынымызды ескертті.Айтпақшы,Стамбұлдағы шеру акциясын түрік ағайындар барынша қолдаған болатын.
Жорық тобының ержүрек еріктілері
Әлемге әйгілі Семей полигонының қасіреті жөнінде көп жазылды,деректі фильмдер көрсетілді,ғылыми еңбектер жарық көрді,том-том кітаптар тұр кітапханаларда.Өкініштісі,Жорық штабы және оның ержүрек сарбаздары жөнінде күні бүгінге дейін халық біле бермейді.Мен біраз жаздым.Бұл жолы тажалға қарсы жорықтың ішінде өзім жүргендіктен оқиғаларды сол қаз қалпында қайталап,қысқа нұсқа етіп,осы ерекше естелікті жаздым.
Соңында өзім ішінде жүрген жасы бар,жасамысы бар,молда батыры, ержүрек жорық тобының мүшелерінің аттарының атайын:Алғадай Амантай қажы,молда Әбдіразақ, Жүсіп,Мұхлиси және мен Ораз,Енесі Жансүиер,Азат Әкімбек,тағы басқалар.Нью-Йоркте бізге қосылаған американдық қазақтар Әбдуахит пен Күнтағанның бізді қолдап,бірге шеруге шығуы да ерлік пен пара пар еді.Топтағы ұйғыр азаматтары бастарын бәйгеге тігіп, Шығыс Түркістандағы Қытай полигонын жабуды батыл талап еткен жанқияр жандар еді.Енес Жансүйер түрік жігіті "Заман-Қазақстаның" арнаулы тілшісі ол да топпен бірге жүрді.Америкада бізге кеңес беріп,петицияны ағылшыншаға аударған дипломат Ерлан Ыдырысов жөнінде кезінде жеке жазылғандықтан оны қайталауды жөн көрмедім.
Сайын ағаның сыйлыққа ұсынуы
Мен істейтін"Халық конгересі" газетінің бас редакторы Сайын Мұратбеков Америкаға жүрердің алдында маған ақ жол тілеп,Ораз аман есен елге орал,Әлмерек,Райымбек аталарыңның аруағы қолдасын" деп айтқаны батадан кем емес еді.Ол кезде менің журналистикадағы жанама атым Әлмерек" болатын.Райымбек батыр түпнағашыларым болып келеді.
Тоқсаныншы жылдары" Аттан :жорық штабының батыл әрекеттеріне Антиядролық қозғалыс көсемі Олжас Сүлеймов қатты риза болып,Амантай қажымен жеке сөйлесіп жүрді.Менде жақсы жағынан оның назарында болдым.Бір күні досы Сайын аға,зам.редактор Қалихан Ысқақов,жауапты хатшы Ө.Ақыпбеков қол қойып,мені Журналистер Одағының мәртебелі сыйлығына ұсынды.Бірақ менің жолым болмады.Достарымның "Ораз-ООН" деп әзілдейтіні сыйлықтан артық еді.
Ораз Қауғабай, қаламгер
6.06.2025