«Жұлдызды сәт» жобасының жанкүйері бола біліңіз!

3
1608

«Мамырдың 25 күні  кешкі сағат 21.05-те «Жұлдызды сәт» жобасының  кезекті үшінші ондығы бақ сынайды»  деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» рспубликалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.  Олардың арасында әр кезең сайын сахнада рекорд жаңартуды  көздеген  Сергей Цырульников, шиша  лақтырудың шебері «Галактик шоу»  тобы, жыландарды бағындырған  Айым Махметова және дауылпаздар мен бұлбұл дауысты әншілер бар.

Сан түрлі өнер иелерінің басын қосқан «Жұлдызды сәт» жобасының тартысы шарықтау шыңына көтеріліп, дода  енді қызып келеді.  Жартылай финалда  өнер көрсеткен екі ондық өз өнерлерін ортаға салып, көрерменді тәнті етті. Алғашқы ондықта халықты қайратымен қайран қалдырған Есімбек Тоқжігітов, қазақтың қара өлеңін нақышына келтіріп оқыған бес жасар бүлдіршін Әскен Шаймерден, саксафонда шебер ойнайтын Илья Цибульский және балалар үйінің тәрбиеленушілерінен құралған «Виктория» бишілер тобы өнер көрсетті. Сонымен қатар ерекше акробаттық  қимылмен таңдай қақтырған Анна Демидова және ептілігімен  көрермен көзайымына айналған  Инабат пен Дилара Жорабектерді айта кеткен жөн. Әсіресе, сирек кездесетін  пантомима  жанрындағы «Екі езу»  сатира театрының қойылымы көрермен көңілін бір серпілтіп тастады. Жадыра Өтемісова, Динара Намиялы және Жанбол Төлешев сынды жас әншілер дауысының  ерекше тембрі тыңдармандар жүрегін жаулап алды.  Өнері бірінен бірі асқан  өнерпаздардың  ішінен екеуін ғана іріктеп алу көрермендерге оңай соқпады. Дегенмен халық өз таңдауын жасады.  «Екі езу» театры көп дауыс жинап, ақтық сынға бірден жолдама алды. Ал Динара Намиялы мен Жанбол Төлешевтің жинаған дауысы тең түсіп, қазылар алқасы ақтық сынға Динараны лайықты деп тапты.  Осылайша «Екі езу» театры мен  Динара Намиялы алғашқы ондықтың жеңімпаздары атанды.

Жартылай финалдың алғашқы күнінен соң көрермен    екінші он үміткердің өнерін асыға күтті. Араға апта салып «Жұлдызды сәт» кезекті он үміткерді  тікелей эфирге шығарды. Бұл жолы да мыңдаған үміткердің ішінен суырылып шыққан нағыз таланттар ғана бақ сынады.  Ақбаевтар отбасы мен «Балауса»   ұжымы акробаттық  нөмірін көрсетті.  Ал «Жұлдызды сәт» үміткерлерінің ішіндегі жалғыз  суретші  Базар Ырыстанұлы    көзді ашып-жұмғанша ерекше тәсілмен аққудың суретін салып шықты.  Аббос Абдуллаев сахнада  адамды екіге бөліп, елді таң қалдырды.  Ал Айдос дүйім жұрттың көз алдында тоққа қосылып тұрған ұзын бұрғыны жұтып, көрерменнің үрейін ұшырды.  Сонымен қатар,  Әсел Құлжанова, Ардақ Кенжесарин,  Ермек Балжігіт тамылжыта ән салып,  көркем сөз шебері атанған Қадиша Бақбергенқызы  мәнерлеп өлең оқыды.  Бұл жолы «Жұлдызды сәтке» барын салып  мұқият дайындалып келген өнерпаздардың ішінен Ермек Балжігіт пен Әсел Құлжанованың жолы болып, ақтық сынға өтті.

Осы тартысқа толы екі апта талантты жандардың өнерлерін ғана емес, олардың төзімдерін де сынға алған секілді. Бұл жоба тіпті халық арасында да қызу пікірталасқа айналған. Бірі  өз  өнерпазының  ақтық сынға өтпей қалғанына  күйінсе, бірі жолы болған үміткерге қолдау көрсетіп жатыр. Бағалау СМС  арқылы өткендіктен, қатысушының бағын  халық жолдаған дауыс шешеді. Хабар бастала  салысымен-ақ көрермен өзі ұнатқан өнерпазына СМС жіберіп  үлгеру қажет.

Қымбатты көрермен, егер сіз өзіңіз ұнатқан  үміткерге дауыс бергіңіз келсе, өнерпаздың  реттік санын  3075 қысқа нөміріне  СМС арқылы жолдаңыз немесе 8 80 90 80 30 75 нөміріне  қоңырау шалыңыз. Жауабын күтіңіз және лайықты өнерпаздың  реттік санын  басыңыз.

«Жұлдызды сәт» жобасының  үшінші  ондығында өнер көрсететін үміткерлер мыналар:

ҮМІТКЕРЛЕР:                                                                     реттік саны

1 «Эксклюзив» ұжымы                                                                        1

2 Арман Қарынсау                                                                      2

3 Айым Махметова                                                                     3

4 Сергей Цырульников                                                              4

5 Карина Рахметола                                                                    5

6 Әділет Қалиев                                                                           6

7 Нұржан Жәкенов, Ерзат Қажыбеков                                              7

8 «GALAKTIC FLAIR» тобы                                                     8

9 Нұрлан Түкенов                                                                       9

10 Бақыт Жүндібаев, Рафаэль Миргалимов                                    10

Өз өнерпазыңыздың шынайы жанкүйері бола біліңіз! Ел ішінен шыққан осы таланттардың өнерін тамашалап,  дауыс беріңіз! «Жұлдызды сәттің»   әр  бағдарламасын  қалт жібермеңіз!

 

 

3 ПІКІРЛЕР

  1. бірыңғай әншілерді таңдап жатқанымыз қалай? нағыз халықты таң қалдыратын өнер иелерінің бәрі ед тоңқалаң асып құлап жатыр. қазылар не үшін отыр, олар да алдын ала дауыс берулері керек еді. Баяғы екі жұлдыз сияқты халық пен қазыларды ңбағасын безбендеген жөн еді негізі ұйымдастырушылар тарапынан қатты қателік жіберілген.

  2. Осы тартысқа толы екі апта талантты жандардың өнерлерін ғана емес, олардың төзімдерін де сынға алған секілді. Бұл жоба тіпті халық арасында да қызу пікірталасқа айналған. Бірі өз өнерпазының ақтық сынға өтпей қалғанына күйінсе, бірі жолы болған үміткерге қолдау көрсетіп жатыр. Бағалау СМС арқылы өткендіктен, қатысушының бағын халық жолдаған дауыс шешеді. Хабар бастала салысымен-ақ көрермен өзі ұнатқан өнерпазына СМС жіберіп үлгеру қажет.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз