МӘСЛИХАТ ЕЛДІК МҮДДЕГЕ БАҒЫТТАЛДЫ

МӘСЛИХАТ ЕЛДІК МҮДДЕГЕ БАҒЫТТАЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, философия ғылымдарының кандидаты, «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепбергеннің 50 жас мерейтойына арналған «Тұрақты даму мақсаттары аясындағы журналистика және баспа ісі: дәстүр мен жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Мәслихат барысында автордың жақында «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Алаң жұрт» кітабының және «Ұлттық идея – ұлттық медиа тұғыры» монографиясы мен конференция материалдары жинағы таныстырылып, тұсаукесер шарасы болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғысын» мерейтой иесіне арнайы келіп тапсырып, «Барыс» төсбелгісін таққан ҚР Президентінің кеңесшісі, жазушы Мәлік Отарбаев конференция жұмысына сәттілік тіледі. 

Сондай-ақ, Болатбек Төлепбергенге Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының медалі мен ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаевтың, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның, Білім және ғылым министрі Саясат Нұрбектің, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбайдың құттықтаулары тапсырылды.

Шараны ашып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Коммерциялық емес Акционерлік қоғамның Басқарма Төрағасы – Ректоры, ф.ғ.д. профессор Жансейіт Түймебаевтың құттықтауын оқыған оқу ордасының академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, з.ғ.д., профессор Ләззат Еркінбаева мерейтой иесін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Конференцияны одан әрі Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к., ақын Темірғали Көпбаев жүргізіп отырды.

Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтің құттықтауын Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ф.ғ.к., жазушы Нұржан Қуантайұлы тапсырса, меретой иесіне «Атамұра» баспа-корпорациясының Президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед, Алматы қаласы «Қоғамдық даму басқармасының» басшысы Айдар Есенбеков, ҚР Президенті жанындағы құқықтық саясат кеңесінің мүшесі, Қонаев университетінің ректоры, з.ғ.д., профессор Өмірәлі Жалайыри, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті коммерциялық емес Акционерлік Қоғамының Басқарма төрағасы – ректоры Болат Тілеп, Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова, «Қайнар» университетінің ректоры, ф.ғ.д., профессор Еренғайып Омаров, Шығыстану институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Дүкен Мәсімханұлы, Республикалық Кітап Палатасының директоры Әділ Қойтанов және Философия, Саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Бақытжан Сатершиновтар ыстық ықыластарын білдірді. 

Конференция халықаралық деңгейдегі шара болғандықтан, шет елдерден онлайн қатысқан Қырғыз Республикасы Маданият, маалымат, спорт жана жаштар саясаты министринің бірінші орынбасары, Қырғыз елі Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстанның «Ел жазушысы» Қайрат Иманалиев, т.ғ.д., Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара, Түркия телерадио корпорациясы «Түркия үні» радиосы, Қазақ редакциясының журналисі, Еуразия Жазушылар Одағы атқару кеңесінің мүшесі, көркем қазақ әдебиеті аудармашысы Уфук Тузман және Ж.Баласагын атындағы КНУ Журналистика және коммуникация Институтының директоры, әлеуметтік ғылымдар кандидаты, доцент Костюк Ширин Аалиқызы Түркі елдерінің ақпараттық ынтымақтастығы туралы ойларын ортаға салды.  

Конференция тақырыбына сай мерейтой иесінің ұстаздары Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Пернебай Дүйсенбин, Күләй Жақсыгүнова, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Өтеген Оралбаев, ф.ғ.д., профессор Кәкен Хамзин, жазушы-публицист, т.ғ.к. Бейбіт Қойшыбаев, ф.ғ.к. Дәмегүл Баялиева, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жалауқызы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Жүсіпбек Қорғасбектер өз ойларымен бөлісті.


Ал Жамбыл облысы, Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытовтың марапаты – Сарысу ауданына сіңірген «Еңбегі үшін» медалін тапсырған Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айтбала Жолмаханова, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық округінің әкімі Жандарбек Смағұлов және осы өңірдің тумасы, ө.ғ.к., ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақнар Тәттібайқызы мерейтой иесіне туған жерінің сәлемін жеткізді.

Конференция соңында сөз алған Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, философия ғылымдарының кандидаты, «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген конференцияның негізгі ұйымдастырушылары Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к., ақын Темірғали Көпбаевқа және Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Айгүл Рамазанға және шараның табысты өтуіне атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді.

Г.БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ