АБЫЗДАРЫМЫЗ ҚОЙҒАН АТАУЛАР ҚАШАН ОРАЛАДЫ?..

АБЫЗДАРЫМЫЗ ҚОЙҒАН АТАУЛАР ҚАШАН ОРАЛАДЫ?..

«Елек қазақтың ілкі өзені» деген – қазақ мифология ғылымының негізін қалаған Серікбол Қондыбай ­– дарынды тұлға. Ілкіміздің тылсымдарын кең қоғамға ашуға жақындаған бүгінгі жүзжылдықта – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Әлкей Марғұлан, Сәрсен Аманжолов, Олжас Сүлейменов, Едіге Тұрсынов, Ақселеу Сейдімбек, Таласбек Әсемқұл, т.б. қисапсыз еңбек сіңірді. (Мұндай саңлақтардың бәрін тізбегенім үшін кешірім өтінемін, кейінде өз кемеңгерлерімізді ұмыта бастаған халықтың өкіліміз)... 

Жол көрсететін абыздарымызды жоғалтып, ғасырларда адасып, жетімсірей түскелі төрт мың жылдай уақыт өтіпті. Б.д.д... 1900 жылдары Ұлы Тұран ыдырапты... Мыңжылдық құрғақшылықтан, екі-үш буынның әлсіздігінен, бірлікті жоғалтқаннан... 

 Ата тіліміз де мүшкіл халге түсті. Дегенмен, сол «жаралы» күйінде де көзіңді ашады.

 Ия, Тұранның Елек өзені бойынан апатты замандарда көшкен «кушика (қазақ) халқының го тама руының» (тексте солай – Т.Қ.) абыздары қазіргі үнділік болып қалған «Ригведада» айтыпты-ау (орыс аудармасында):

«На четыре четверти размерена речь,

Их знают жрецы (абыздар! – Т.Қ.), которые мудры.

Три тайные сложенные (четверти) они не пускают в ход.

На четвертой (четверти) говорят люди»...

Бұл мәтіннің түйіні – халық әр сөздің көп болса тек 25%-ды мағынасын біледі екен!.. Мысал үшін, М.Ж.Көпейұлы ел аузынан жинаған әдебиет үлгілерінің бірі – «Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атанған» әфсананы қарайық. 

Тексте «Шыңғыстың шын ұлын да көріп едім» дегенді оқып, жалпы оқырман әдетті ортағасырлық бұлыңғыр тарихқа бас сұға ма... Бірақ, басында «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» делінеді, бұндай сөздер сонау ертедегі ескі замандарды көрсететін болар!.. Сосын мәтінде: «Тоғыз ханды қолынан таққа отырғызған кісі екен... Сол заманда қырық ханның бірі болған қызыл Арыстан хан Бұқарада хандық қылған екен»... 

Бұл – Тұран заманы ғой!

Бүкіл тексті талдамай, айтатынымыз әйгілі Ригведа мәтініндегі Яма, ирандық Авестада Тұран патшасы Йима, Балтық жағалауын мекендейтін елдерде Имир, Фирдоусидің «Шахнамасындағы» Джем патша, бұлғар жылнамасы «Джагфар тарихында» Тұран (Идель) мемлекетін құрған Джам патша – біздің Майқы!.. С.Қон­ды­бай да шығармаларының бірінші томында жазады-ау, осы Яма-Йима-Имир-Майқы бір образ деп (Алматы. 2008. 54бет)...

 Жанама ат қою дәстүрін білеміз, Тұранда қалай болғанын бұлғар жылнамасы айтады: «...в одном месте алпа (первого духа) Бир Гюна (Бір Күн) называют Бай Тереком, в другом – Кара Багом, в третьем – Джамом, в четвертом – Кыш Тарханом, в пятом – Кермесом, в шестом – Ауданом, в седьмом – Маром, в восьмом – Рыштау, в девятом... Но все (во время сборов) должны молиться одинаково»!.. 

Көнеде Тұранда болған Русьте Бір Күнді «(Бог) Перун» депті, литвалықтар – «Перкунас», латыштар – «Перконс»...

ШЕЖІРЕЛЕРДЕГІ МАЙҚЫНЫҢ ЕСІМДЕРІНЕН МЫСАЛДАР...

 Қазақтың кіші жүздегі жетіру одағының арғы атасы Арғы Мақ (Алғашқы Мақ («Қасқыр») – Т.Қ.). Бұған қарағанда – туғанда Мақ деп атанған, сосын жанама аттары құйылған. Бұлғар жылнамасында: «...волка нельзя было называть его именем «Мак», поэтому булгары называли его «Кара», «Буре» и т.д.». 

 2014 жылы Алматыда шыққан «Майқы би» кітабының 17-бетінде Іле халық баспасында 1990 басыл­ған «Қазақ шежірелерінен» үзінді: «...атанған Махмұт дана болып Майқы». 

Үйсін шежірелерінде Жұмай (Жұман, Жұмабай) және Майқы бар. Міне, «Шежіре. Қазақтың ру-тайпалық құрылымы. А.Рауан баспасы. Редактор Баишева С. 1991» 12-бетте: «Ақарыстан – Жұмабай. Жұмабайдан – Кейкі би. Кейкі биден Төбе би. Төбе биден – Қойылдыр, Қоғам, Майқы би, Мекірейіл». С.Қондыбай шығармалырының 1 том 58 б.: «Екі бейнелі Жұмай (Йымай) немесе Майқы – үндіирандық Яма-Йиманың және скандинавтық Имирдың тікелей параллелі».

Майқы татар, башқұрт, өзбек, ноғай, мадияр, қарақалпақ, құмық, т.б, халықтардың шежі­релерінде бар. Тұраннан тараған елдер ғой, ұмытып кеткені қан­шама десейші...

МАЙҚЫҒА АРНАЛҒАН ЖЕР, СУ АТТАРЫ...

Лондондық профессор Мэри Бойстың «Зороастрийцы. Верования и обычаи» деген 1985 жылы Москвада шыққан кітабында Тұран патшасы Йима және оның жолын қуған Зороастр (Жарастыр) пайғамбар Еділден («река Волга») шығысқа қарай кететін Ұлы Даланың тұрғындары болды деп жазылады.

Академик Мирфатых Закиев «Татар халқының тарихы» кітабында Зороастр түркі халқының өкілі, туғанда берілген аты Жарастыр дейді. Жарастыр болса «Авестаның» текстінде өзім спи тама тайпасынанмын деп ақпарат қалдырады. Тамалар бүгін де осы Елек бойында өмір сүреді. 

Философ А.Қасымжанов қазақ жерінде туған Зороастр зороастризм дінін қалаған тұлға деп, зороастризмнің негізінде иудаизм, христиандық және исламның пайда болғанын көрсетеді (А.Қасым­жанов. Рухани тамырлар//Қазақ. А. 1994).

 Ия, Майқыға арналған жер, су аттары бұнда қалды ма екен?

«Ақтөбе» энциклопедия­сы­ның картасында Қобда өзені жақтан Елек өзеніне келе жат­қан, ертеде өзі де өзен болған, Майқысайды көресіз!.. Қасында Майқыбұлақ бар, Мақ-Бал-сай да. Бал – Майқының ұрпағы, Тұран­ның қағаны, бұлғар жылнамасында көрсетілген. 

Бал туралы: «Диодор Сицилийский писал, что «в числе потомков первого царя скифов (Майкы?) были братья Пал (Бал) и Нап. Потомки этих царей, подчинили себе обширную страну за рекою Танаисом (Доном) и распространили свое владычество до египетской реки Нила (II. 43. Вестник Древней Истории. 1947. с.250-251)». 

Бал қазақ мұрасында бар екеніне тағы бір үзінді:

«Балдың көп дүр ұрпағы,

Үйсінді жоқ ұрмағы,

Ондай ел өскін келеді,

Оның жоқ дүр құрмағы,

Қон, Рат, Қып, Шақ, Болданды

Жоқ демеңіз болғанды» (Табын. А. 2006. «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы)...

Ия, Елек-Қобда бойларында ежелден бүгінге дейін қарт­қа­зақтың (жетіру) табын, тама тайпалары тұрады – Арғы Мақ-Майқының ұрпақтары. Жер, су аттарын сақтаған. «Қазақ» сөзінің алғашқы белгісі «тарақ» (трезубец) таңбасын сақтаған – жергілікті құлпытастарға қараңыз...

 Міне, Нығмет Мыңжанның 1994 жылы Алматыда шыққан «Қазақтың қысқаша тарихы» кітабының 24 бетінде: «...кіші жүз алшын ұлысының құрамындағы жеті ру (кердері, керейт, табын, тама, жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары «қартқазақ» деп те аталып жүрген. «Қазақ» атауы кейін келе кеңейіп халық атына, ұлт атына айналған». 

 Қазақ кириллицасының авторы Қазақстан Ғылым Академия­сы­ның мүше-тілшісі Сәрсен Аманжоловтың «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» 1997 жылы шыққан кітабының 54 бетінде осы жетіру туралы жазылады: «Карт-казак, прозванный потом Жетыру». 

343 бетінде автор қазақ тілінің адамзаттың алғашқы замандарында да болған екенін айтады!.. Мысалы, кейбір сөз тіркестер (қарным ашты, ол мені көзіне ілмеді, оның сөзіне құлақ аспады, т.б.) алғашқы замандардан келді деп. Сөйтіп сөздердің тууының дәуірлерге бөліп зерттейді, талдай бастайды!.. Ия, «казахский язык начался с первобытных времен!» деп жазған лингвистке не болады, 1958 жылының 28 қаңтарында... Со күні бітіріп, баспаға көрсеткенде...

 Алты күнде өлтіріпті – Академиядан қуып, педагогикалық институттан босатып, «казахский националист!» деп жиналыстарда айыптап, өзіне сөз бермей – ешқашан ауырмаған ғалым бір мезгілде ұрған инфаркт пен инсульттан қайтты. Жазған-сызғаны құрдымға кетті. Баспадан шыққан кітаптары цензурадан өткен мұхиттың тамшылары! Туған халқының ілкі замандары туралы ақпаратты туысқандарына жеткізе алмады... 

Советтік дәуірдің делқұлы дәйек­тері-ай: «…казахи на-ча-лись в XV веке!»... Ежелгі адамзаттың көш­басшысын ұмыттыру. Тұранның он үш мың жылы жер жүзінде асыл ізін қалдырды: қазақ таңба Азия, Еуропа, Африка елдерінің элита­ла­рының таңбасына айналды – Интер­неттен көріңіз («Под знаком трезубца»)...

Қазақ абыздарының ең соңғы асыл­дарының өкілі М.Ж.Көпеевтің баспаға берген бірнеше кітаптары да жоғалған. Ә.Марғұланның да кейбір туындылары жоғалды, түрмеде де ғалым азап көріп отырды, құдай сақтап ғылымда қалды. Түркінің ежелгісіне тереңдеген Е.Тұрсынов бірнеше жыл ауыр халде жатып, ептеп оңалып түркологияға тағыда үлесін қосты. С.Қондыбай авариядан соң тоғыз жыл төсекте болып, қазақ мифологиясы ғылымының негіздерін қалады.

 ...Ия, Ақтөбе облысының картасында Арғы Мақ бабамыздың тағы бір атындағы Жем өзені бар, Ембі қаласы да... Уикипедияда «Жем өзені» мақаласы болса да атауы­ның мағынасын бермейді. Википедияда «Река Эмба»: «в казахском имеется два варианта названия... Ембі и Жем. Ембі от огузского (долина пропитания). Жем от кыпшакского (пропитание)»… Азық. Ия, «Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атанған» әфсанада да он екі жасар Алаша Майқы бимен «Ассаламағалейқүм, хан атаулының қазығы, қара бұқараның азығы» деп амандасады. Халықтың рухани азығы екен – абыздар!.. Бүгін халық бұ жағынан аш, абыздарымыз жоқ деуге болады, тура жолды көрсететіндер қайдасыңдар-ау?!. 

 Екінші жағынан, «қазық» және «азық» сөздері «қазақ» сөзінің жанамалары. Бұлғар жылнамасында жазылады, Тұран (Идел) мемлекетін басқарған абыздар өздерін, өзінің тайпасын және абыздардың қолындағы тарақ (трезубец) түріндегі асатаяғын «қазақ» депті. Бірақ абыз еместерге бұл сөзді айтуға тыйым салынған, орнына жанама сөздер қолданылған: қазаяқ, қазық, азық, қазан, қасоғ, қасақ, сақ, шақ, қыпшақ, қас, ас, аш, баш, башқорт, аз, азери, оз, ос, осман, озбек, огыз, кыргыз, т.б.

 Жылнамада айтылады, «қазақ» сөзінің, «тарақ» (трезубец) таң­ба­ның бірінші мағналары «күннің нұры», «күннің өзі» және «Тәңір» болған. 


ҚАЙ ЗАМАНДА ТҰРАН ҚАҒАНЫ МАЙҚЫ АДАМЗАТТЫҢ АЛТЫН ҒАСЫРЫН ҚҰРҒАН?..


Мэри Бойстың пайымдауын­ша Йима патша тас ғасырында өмір сүрді. Үнділердің мұра­сында Йима өмірінде мұздық­ты өткізген тұлға. Біраз халық­тардың мұрасында далалық малшылардың патшасы Йима Адамзаттың Алтын Ғасырын бастаған адам және одан соң болған бәр пайғамбарлардың Бірінші Ұстазы. «Йима» өзіміздің сөзіміз екенін түсіну үшін «оның көңілі иідіні» еске алсаңыз – «Иітуші» ғой...

 «Джагфар тарихы» жылнамаларын құтқарған Ф.Нурутдинов абыздық Дуло (Дулат – Т.Қ.) ди­настиясынан шыққан Джам б.д.д. 14953 жылы Тұран (Идел) мем­лекетінің бірінші патшасы болды дейді. Бағдар ретінде бұл дата жарайды.

 Ақтөбеде өткен екінші Арал-Каспий конференциясының мәліметтерінен: Үстіртте мұздық дәуіріне жататын тастан жасалған мал қоршаулары табылды (Магомедов М. и др. Каспийская Атлантида//Научная мысль Кавказа. 1994. 4)...

 Ия, сол уақытта каған Майқы Батыс Сібір мұздығы ери бастаған кезеңдердің бірінде Алашаны Ұлы Даламыздың шығысына жібереді, жер кебіп жатыр, тұрғындарын көбейтіңіз деп. Бұған дейін халқымыздың көбісі Даламыздың батысында тұрса (А.Сейдімбек. Қазақтың ауызша тарихы), енді Сары Арқа мен Жетісуға да көш ұмтылды. Елек, Қобда бойларынан көшкен үйсіндер жаңа қоныстанған өзенін Іле деп атады-ау. 

Үш жүз атандық. Алаша Қазақ хандығының бірінші ханы ретінде ақ киізде көтерілді.

«Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атандыда» айтылады, Алашаға дейін де қазақ халқы өмір сүрді, тек өз хандығы болмады деп. Бұл – Тұ­ран­ның мемлекет құрушы халқы болғанынан. Әне Ресейде орыс халқында да өз республикасы жоқ, көр­діңіз бе? Ежелден мобильді аң­шылар, малшылар, әскери, абыздары мол, шебер кендігер қобан қазақ Тұранның тастай дәнекері болған.

 Бұл туралы әңгіме – алда!

 Бүгінде Майқы қағанның: «Хан әділ болса басынан бағы таймайды, халық табанды болса қара жерден кеме жүргізеді» деген өсиеті ескеріле ме...

Төреғали ҚАЗИ, 

зерттеуші-жазушы

Ақтөбе