Еліне соғыс ашқан Ресейге аяқ баспай кеткен нартұлға

Еліне соғыс ашқан Ресейге аяқ баспай кеткен нартұлға

Грузия қара жамылды... Қазақтар да жоқтап жатыр...

Періштедей ақ-адал абыз адам еді...

Ақты ақ, қараны қара дейтін. 

Қазақстанға келіп тұратын. Оны қазақ жеріне бюджет қақпағын ұстағандар шақырмайтын. шамасы откат-моткатқа көндіре алмайтын. 

Жеке бизнесмендер шақыруымен келетін...

Дәмдес болғанда сұрадым: "Бабаларымыз грузиндерді жаудан қорғап қалған дейді Википедияда. бір өкініш Сіздей абыз ақсақалымыз неге жоқ",-деп.

-Достым, бәрі уақытымен. Грузия талай құлап-тұрды. Елім дейтін Басшы келгенде, долларға сатылмайтын интеллигенция алға шығады",-деген...

Марқұмның аузы дуалы еді. Айтқаны келсін...

Шын мәніндегі ұлт зиялысы, тұлғасы қандай жағдайда да өз ойын бүкпесіз білдіре алатын, елге дұрыс бағдар беруші адам.Ұлы Багратионның ұрпағы, бәрімізге етене ыстық Вахтанг Кикабидзе сондай тұлға болды. Ресей басқыншылығы кезіндегі мына сөзі соның бір дәлелі.

Вахтанг КИКАБИДЗЕ:

АДАМ ӨЗІНЕ, ЕЛІНЕ ҚИЯНАТ ЖАСАҒАН АДАМҒА ӘН АЙТПАУ КЕРЕК

-Менің үш немерем, бір шөберем бар.2008 жылы танктер Гориге жақындағанда маған жеделхат келді. Ресей Президенті мені "Халықтар достығы" орденімен марапаттапты.Егер сол орденді қабыл алсам, немерелерімнің көзіне қалай қарар едім? Себебі біз әулетімізбен отырып, теледидардан ауыр артиллерияның елге кіріп келе жатқанын көрдік.Сондықтан мен марапаттан бас тарттым.2008 жылдан бері мен Ресейдің бір де бір қаласына бармадым.Концерт те беруден бас тарттым.Содан бері Ресейден көп хаттар алдым.Олар мұның бәрін саясатқа теліпті.Алайда мен бірінші кезекте өз елімнің азаматы емеспін бе? Мемлекет шағын болса да ол, ең алдымен, сол елдің перзенті.Адам өзінің уақытша құбылыс екенін түсінгені абзал, соңынан лас сөздер қалдырмау керек...Адам өзіне, еліне қиянат жасаған адамға ән айтпауы керек.

...Екі ел ынтымақтастық қарым-қатынаста болып, бір-бірін құрметтей білсе жақсы ғой.Ал Ресей мен бізде құрмет те, қадір де жоқ. Есесіне ресейлік етік бар.Бір жағдай бола қалса, ол белден басады, " грузиндер өз-өзіне келіп, ес жиғанша" қысым жасайды...

("Комсомольская правда", 02.07.2019). 

Қали Сәрсенбай, 

Қазақ үні