Талғат Теменовтың "Беймәлім таныс бейнелер" кітабы жарық көрді

Талғат Теменовтың "Беймәлім таныс бейнелер" кітабы жарық көрді

Қашан да әрбір премьера қуанышты сәттерден тұрады. Жаңа кітап та дәл сондай. Жазған, терген, терлеген, әрлеген мақалаларыңның бас-аяғы бүтінделіп, бір дүние болғаны қуаныш. Міне, бүгін де осы жақсылықтың куәсі боп тұрған шақ.

      "Беймәлім таныс бейнелер" кітап боп шықты. Бұл ең алдымен, өнердегі жандарға, жастарға керек болар... Кездескен, сырласқан, серіктес болған жандарды жаздым. Бәрі періште емес. Біреулері ұмытып кетсе, тағы біреулерінің өзіме арыз жазғандары бар. Алайда, мен өзім жазған: “жақсысын асырып, жаманын жасырған” кейіпкерлерді кітапқа түгел салдым. Неде болса, оқырман қауым көп ұзамай бұл кітапты қолына алар. Жаңа Жылдан соң, асықпай тұсаукесерін жасармыз…

      Ниеттеріңізге рахмет, достар! Бұл да бір кезең... Өз оқырмандарымның алдында, көрермендерімнің алдында қашан да қарыздар екенімді білем. 

Талғат ТЕМЕНОВ, 

Фейсбук парақшасынан