ӘКЕМ ҚОЙҒАН КӨРІНІС ЦИРКТЕН ДЕ КЕРЕМЕТ БОЛДЫ - Чарльз Чаплин
2022 ж. 11 қараша
1849
2

Әйгілі комикс актері Чарльз Чаплин өз сұхбатында былай дейді:
• Мен жас бала едім...
• Әкем мені циркке апарды...
• Билет алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрдық...
• Алдымызда бір әйел мен күйеуі алты баласымен кезекте тұр...
• Ескі киімдерінен олардың кедей отбасы екені көрініп тұрды. Ал балалар циркке келгеніне сондай қуанышты еді.
• Олардың кезегі келді. Әкесі билеттің бағасын сұрады. Билет бағасын білген соң әкенің жүзі өзгеріп, ұяттан өртенді. Күйеуі әйелінің құлағына бірдеңе деп сыбырлады.
• Олардың билетке ақшасы жетпейді. Балалар әкесіне жалбарына қарады.
Осы кезде әкем қалтасынан жиырма доллар шығарып, әдейі жерге тастап, алдында тұрған балалардың әкесіне:
— Мырзам, ақшаң түсіп қалыпты!— деді.
Әлгі кісі әкеме қарап, жердегі ақшаны алды да, көздеріне жас толды.
• Оның: «Рахмет!» деген дірілдеген дауысы үнемі құлағымда жаңғырып тұрады.
• Бұл менің өмірімдегі ең керемет көрініс болды.
• Олар циркке қуана кірді.
• Әкем мені қолымнан жетектеп, кезектен шығарды.
• Өйткені әкемнің сол кісіге берген жиырма долларынан басқа ақшасы жоқ еді.
• Мен әкемді мақтан тұтамын. Өйткені сол күні әкем маған өмірімнің соңына дейін өмірімді өзгерткен екі минуттық тамаша көрініс қойды.
• Сол күні көрген сахна мен көре алмаған цирктен де керемет болды деп ойлаймын.
Аударған: Мейіржан Әуелханұлы