Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай әдеби-сазды кеш өтті

Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай әдеби-сазды кеш өтті

2022 жылдың 12 қазанында Алматы Менеджмент Университеттінде қазақтың ұлы жазушысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Әуезовтің 125 жыл толуына орай «Тағдыр таңдаған тұлға» атты әдеби-сазды кеші өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – студенттерді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірімен және шығармашылық қызметімен таныстыру, жазушының шығармашылық мұрасын студенттер арасында насихаттау.

Кешті Алматы Менеджмент Университет ректоры Куренкеева Гульнар Турдалиевна ашты. Кемеңгер жазушының шығармашылық мұрасы алуан түрлі және кең ауқымды. Мұхтар Әуезовтің мерейтойына орай ұйымдастырылған әдеби-сазды кеште 1 және 2 курс студенттері заңғар жазушы шығамаларынан үзінділерді мәнерлеп оқып, көрермендердің көңілінен шықты. Кеште Мұхтар Әуезовтің сүйікті Абайдың өлеңдеріне «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері айтылып, халық әндері мен күйлері орындалды.

Іс-шарада жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы деректі фильмдерден үзінді көрсетілді. Студенттер бейнематериалдарды тамашалай отырып мол мағлуматтар алды. Қаламгердің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясынан 1 курс студенттері театралған қойылым көрсетті. Іс-шара соңында студенттер ұлы жазушыға арналған қазақ ақындардың өлендерін оқыды. М. Әуезовтің өмірбаяны, шығармалары бойынша викторина ұйымдастырылды. Көрермендерге сұрақтар қойылып, жауап алынды. Кеш барысында студенттер үлкен қызығушылық танытып тақырып төңірегінде білімдерін көрсетті.

Іс-шара Тілдер орталығының оқытушылары Садыр Г.Ә., Бегалиева Л.Б., Бейсембиев Б.К. ұйымдастырылды.

Ұлы жазушысы М. Әуезовтің 125 жылдығына арналған әдеби-сазды кеші әсерлі өтті, тамашалаған қонақтар мен студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Садыр Г.Ә., тілдер орталығының оқытушысы, ф.ғ.к.