Рим Папасы: Абай халықтың жан дүниесіндегі ең маңызды құндылықтарға мән берді

Рим Папасы: Абай халықтың жан дүниесіндегі ең маңызды құндылықтарға мән берді

Бүгін елордадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде Рим Папасы Франциск ұлы ақын Абай өзінен кейін адамзатқа бай мұра қалдырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы көп мәлімет алдым. Бүгін бұл музыкалық аспапты осы жердің ұлы ақыны, композиторы – Абайдың үнімен байланыстырғым келеді. Ол өзінен кейін діндарлықты сіңірген туындылар қалдырды. Осы орайда халықтың жан дүниесіндегі ең маңызды құндылықтарға баса мән берді», - деді Рим Папасы Франциск.

Осы орайда ол бұл құндылықтардан шабыт алуға дайын екенін, Абай адамзат алдында маңызы жойылмайтын мәселелерді көтергенін атап өтті.

«Ең маңызды сұрақтарға жауап табуымыз керек. Біз руханиятты насихаттауымыз керек. Абай жазғандай, жанды, сананы таза ұстау керек», - деп қосты Рим Папасы.