Көне Отырар туризмін дамтыу – тарихымыз бен мәдениетімізді әлемге таныту
2024 ж. 20 ақпан
3905
0
Соңғы жылдары Қазақстандағы туризм саласын дамытуға баса назар аударылып, оның маңызы жылдан жылға арта түсуде. Бұл игі іске елімізде тарихи-мәдени ошақтардың және табиғаты көрікті жерлердің көп болуы да қолайлы жағдай туғызып, мол мүмкіндіктер беріп отыр. Елімізде туризм саласын дамыту тарихымыз бен ұлттық мәдениетімізді әлемге танытумен бірге экономикалық әлеуетімізді жақсартудың тиімді жолы екені белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет. Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристер назарын аудару тұрғысынан атап өткен жөн. Туризмді дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жүргізуді, соның ішінде жол салып, білікті мамандар дайындауды қамтамасыз ету қажет» деген болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың бірқатар тұжырымдамалары мен бағдарламалары қабылданып, іске аса бастады.
Қазіргі кезде көптеген елдерде тарихи қалаларды, елді мекендерді туризмнің орталығына айналдыру мәселесі қарқын алып отыр. Мәселен, жыл сайын Түркияның Каппадокия жеріне екі миллионға жуық турист келеді. Жергілікті гидтердің айтуынша, туристер Түркияны көбінесе жағажайдағы демалыспен байланыстырады. Бірақ Каппадокия - белсенді демалыс орнымен, бай архитектуралық тарихи мұрасымен, көрікті жерлерімен, қайырымды әрі ұлттық колоритімен ерекшеленетін халқымен тартымды жер. Каппадокия келушілерге базарлықтардың түр-түрін ұсынады. Туристердің ағылып келуіне байланысты жергілікті халық қосымша табыс табады. Мұнда Туфтан жасалған ең арзан мүсіншеден қолдан жасалған керамикаға дейін бар.
Бұл жерде адам баласының аяғы баспаған сияқты, тып-тыныш отырып ойлануға мүмкіндік бар. Каппадокияның жартастар мен каньондарын ұшар биіктіктен көрген әлдеқайда қызық, сол үшін туристерге әуе шарымен серуендеу ұсынылады. Күнде таңертең әуеге жүзден аса шарлар көтеріледі. Әуе шарына отыру үшін, алдын ала тапрсырыс беру керек. Күн шыққанда шарлардың көбісі алысқа ұшып кетеді. Бір себеттің ішіне 28 адам сыяды. Әуе шары жерден көкке 670 метрге дейін көтеріледі. Сол кезде туристерге сөзбен жеткізе алмайтын керемет әсер қалдырады. Сөзсіз, туристердің ағылып келуінің басты себебі - ұмытылмас әуе шарымен саяхаттау. Жаяу жүріп саяхаттауды жақсы көретін адамдар осында келіп қызық жерлерді аралап, үңгірлер мен каньондарды, ежелгі ғибадатханаларды зерттеу үшін келеді.
Мәселен, Ухчисар бекінісі Шығыс Рим империясының дәуірі кезеңінде арабтардың шабуылынан негізгі қорғаныс болды. Қазір бекініс мұражай болды да, айналасындағы үйлер қонақүй кешеніне айналды. Міне, Каппадокия өлкесі әлемде туристерді осылай тарта біледі. Біз Каппадокия халқы сияқты неге осындай тетіктерді қолға алмасқа?! Мәселен, Өзбекстан Үкіметі әлемге әйгілі Самарқанд пен Бұхара қалаларын туризмнің ордасына айналдыру үшін XX ғасырдың 70-80-ші жылдардағы көне технологияларды қолдана отырып, қайта тұрғызды. Ал бүгінгі күні ғажайып Самарқандқа күн сайын мыңдаған туристер ағылып жатыр. Яғни, ежелгі қалаларды қайта тұрғызған мемлекеттер туризм арқылы қыруар пайда тауып отыр.
Өзгелердің тарихи, мәдени жетістіктеріне таңданып қана қоймай, біз өзіміздің де ұлттық мәдениетіміз бен терең тарихымызды өзгелерге көрсете білуге міндеттіміз. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Мәселен, Түркістан облысында ішкі туризмді төрт бағытта дамыту үшін арнайы жоба жасалды. Төлеби және Түлкібас аудандарында – табиғат аясындағы демалыс, Сарыағашта – емдік-сауықтыру, Шардарада – жағажай туризмі, Түркістан мен Отырарда – тарихи-мәдени туризмді дамыту қолға алынған.
Бүкіл Шығысқа кеңінен танымал болған Отырар қаласының тарихы қазақ халқының өмірінде ерекше орын алатыны белгілі. Отырар тарихы –қазақ халқының тарихы десек те болады. Отырар қазақтың ұлт болып қалыптасқан алтын бесігі, отырықшы мәдениеттің ошағы, әлемдік мәдениеттің ірі орталықтарының бірі болғаны тарихтан жақсы мәлім.
Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі орталықтардың бірі, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің отаны Отырар – Қазақстанның оң¬түстігінде орналасқан орта¬ға¬сырлық қалалардың ең таны¬ма¬лы. Отырар ежелгі заманнан-ақ қа¬лаларында ғылым мен мәде¬ниет, сауда, өндіріс, далаларында егін, мал шаруашылығы қатар дамыған әлемдік мәдениеттің ірі орталықтарының қатарынан атал¬ған. Ортағасырлық араб, пар¬сы тарихшылары мен геог¬раф¬тары бұл қаланың Қазақ¬стан¬ның оңтүстігіндегі саяси, сау¬да және мәдени орталығы бол¬ғанын, Орталық Азия тари¬хын¬да маңызды рөл атқарғанын жа¬зып қалдырған. Қаланың рөлі мен маңыздылығының артық¬шы¬лығы – оның орын тепкен же¬рінің, географиялық жағ¬дайы¬ның қолайлылығына бай¬ла¬нысты болған. ХІХ ғасырдың ая¬ғында Отырар қирандылары мен оның төңірегінде орналасқан бас¬қа да ескерткіштер ғалым¬дар¬дың назарын аударды. Ежелгі Отырар өлкесінің ар¬хео¬логиялық зерттеу жұмыс¬та¬ры ға¬сырлар өтсе де тоқтап қалмай, жыл өткен сайын жалғасын та¬уып қарқын алып келеді.
Арыстанбаб кесене-меші¬тін¬дегі кітапхана 1930 жылдары «қы¬зыл қырғын» кезінде аяусыз тал¬қан¬далды. Кі¬тапхана қорында араб, парсы, түр¬кі тілдеріндегі жүздеген қол¬жаз¬балар, кітаптар болған. Кі¬тап¬тардың көпшілігі «Арыс¬тан¬баᬬқа» деп атап жазылып, «Мул¬ла Фахриддин Сыддық» д嬬ген жазулы мөрмен куәлан¬ды¬рылған. Көне қолжазба, кітап¬тар¬дың бір парасын Бұхара мед¬ре¬сесінің түлегі Әбусейіт Оңғарбай¬ұлы пен Арыстанбаб кесене-ме¬шітін 1907-1909 жылдары қай¬та қа¬лаған ұста Қалмырза Мүсә¬пір¬ұлы сақтап қалған. Әбусейіт Оң¬¬¬¬ғарбайұлы сақтаған қолжазба, кітаптарды немере-інісі Қазыхан Серікбаев өлкетанушы,этнолог,әдебиеттанушы Абдулла Жұ¬ма¬шев арқылы Руханият Әбу Нәсір әл-Фараби мұражайына тапсыр¬са, Қалмырза Мүсәпірұлы сақ¬та¬ған қолжазба, кітап¬тар оның өз өсиеті бойынша қବ¬біріне өзімен бірге көмілген.
Отырар мемлекеттік архео¬ло¬гиялық қорық-мұражайы 1979 жы¬лы 11 мамырда Қазақ КСРО М謬нистрлер Кеңесі шешімімен ұйым¬дастырылған. Отырар мұра¬жайы 200 жылдан аса уақыт бойы аймақтың экономикалық жә-не сауда орталығының маңы¬зына айналған ежелгі Отырар қа¬ласы тарихының бірегей ес¬керт¬кіштерінің қазба жұмыстары ке¬зінде табылған археологиялық құн¬ды заттардың қоймасы дерлік. Отырар мемлекеттік архео¬ло¬гиялық қорық-мұражайының қатарына 4 Республикалық маңыз¬ы бар археологиялық ескерт¬кіш¬тер, 216 жергілікті маңыздағы ар¬хеологиялық ескерткіштер кі¬ре¬ді. Бұған Отырар оазисінің еже¬л¬гі Оты¬рар¬төбе, Құйрықтөбе, Көкмар¬дан, Алтынтөбе, Ақтөбе, Жал¬пақ¬төбе қалалары мен Арыстанбаб кесенесі және басқа да тарихи ескерткіш¬тер кіреді. Мұражай экспозициясы екі бө¬лімнен тұрады: археологиялық және этнографиялық. Сонымен қатар мұражайда Әбу Насыр әл-Фа¬раби кітапханасы да ұйым¬дас-тырылған. Оның қорында 3 мың¬нан аса басылым, әл-Фараби мен оның шәкірттерінің еңбек¬тері сақталған.
Отырардың ауданының туристік әлеуетін дамыту үшін не істеу керек? Мен өз тарапымнан осы мәселелерді шешудің арнайы концепциясын ұсынамын:
- Көне Отырардың туристік индустриясын мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, Отырар туризмінің ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу;
- Көне Отырардың тарихи нысандарының инфрақұрылымын қалпына келтіру, қонақ үйлер мен шайханалар, маусымдық киiз үйлер, демалыс саяжайлары мен мәдени саябақтар салу;
- Отырар ауданының туристік қызмет бағаларын қолжетімді ету мен жергілікті туристік жарнама агенттерін құру, ауданның туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында жəне шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру;
- Аудан ішінен шетелдік қонақтарға сапалы қызмет жасайтын туристік ірі фирмаларды ашу;
- Шетелде Отырар ауданының тарихы мен туризмі туралы сапасы жоғары полиграфиялық жəне аудиобейне жарнама материалдарын шығару жəне белсенді түрде тарату қажет. Отырар ауданының туристік фирмаларының web-сайттарын құруға айрықша мəн беру қажет.
- Көне Отырардың тарихи ескерткіштерін тамашалауға келетін туристердің әуе тасымалының бағасын төмендету (топпен саяхаттайтын туристерге ыңғайлы болу үшін чартерлік рейстердің санын көбейту);
- Турпакет бағасының төмен болуына байланысты автобуспен саяхаттайтын туристер санын арттыруға басымдық беру;
- Туристерге әлемдік деңгейде қызмет көрсету арқылы Отандық туристік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- Көне Отырардың туризм секторына мемлекеттік және жеке инвестициялар көлемін ұлғайту;
- Үкімет шетелдік және ішкі инвестицияларды арттыру арқылы кәсіпкерлік ортаны жақсартуға сапалы түрде жағдай жасау қажет;
ҚР туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жарияланғаны белгілі. Бағдарламаның мақсаты — 2025 жылға қарай Қазақстан Республикасының ЖІӨ жалпы көлемінде туризмнің кемінде 8 % үлесін қамтамасыз ету. Жалпы, Отандық туризм саласын тиімді реформалап, атқарылатын жұмыстарды жүйелі қолға алсақ, туризмнен түсетін табыстарды 2-3 есеге арттыруға мүмкіндік бар.Жоғарыда аталған мақсаттардың барлығына қол жеткізу үшін Қазақстан Үкіметі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, туризм индустриясы, үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылық арасындағы серіктестіктерді қалыптастырып, Отандық туризмнің жандануына тиісті жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасауы қажет. Біз көне Отырар қаласының тарихи – мәдени туристік әлеуетін оң бағытта дамуын жеделдетуіміз керек. Отандық туризм - қашанда ел экономикасының күре тамыры болып қала бермек.
Ерқожа АБДЫУАХИТОВ,
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей – қорығы»
РМҚК ғылыми қызметкері, философия мамандығы
бойынша Гуманитарлық ғылымдарының магистрі.