АҚШ елшілігінің қызметкерлері Абай өлеңдерін оқыды

АҚШ елшілігінің қызметкерлері Абай өлеңдерін оқыды

Абай күніне орай Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері ұлы ойшылдың өлеңдерін оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанға келгелі бері біз де хәкім Абай Құнанбайұлының өлеңдерімен танысуды жөн көрдік. Сонымен қатар, үзінді болса да кейбірін жатқа айтқымыз келеді», - деді Брайан есімді қызметкер өзінің бейнеүндеуінде.

Атап айтқанда, АҚШ елшілігінің қызметкерлері «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап», «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңдерін оқыды. Ал Джон есімді тағы бір қызметкер «Көзімнің қарасы» әнін орындап берді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында АҚШ Сенатының шешімімен Дэниел Н. Розенблюм Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне бекітілді.