БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ
2022 ж. 19 шілде
1933
0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үлкен үміт артатынын, өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттілігін атап, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Бұл жылды ұрандатып немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен сол балалардың денсаулығына, білім алуына және әлеуметтік қамсыздандыру мақсатында іс-шаралар жасалуы керек.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі И.А. Крылов атындағы балалар кітапханасында 1маусым Халықаралық балалар күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара кең ауқымда аталып өтті.
Кітапхана алдында Балаларды қорғау күніне арналған арнайы іс-шараны «Алтын адам» сыйлығының иегері, Халықаралық конкурстардың лауреаттары «Иль-канто» тобы, Қазақ мемлекеттік цирк әртісі, Франция Ницца қаласында өткен Халықаралық цирк фестивалінің Гран-при жүлдегері Тиканов Әділет және цирк әртістері өз өнерлерімен шағын мерекелік концертпен салтанатты түрде ашты. Бұдан кейін кітапхана үйірмелерінің (вокал, домбыра) жетекшілері сол үйірмеге қатысушы балалардың көңілді концертін жиналған көпшілікке ұсынды. Одан әрі Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,«Жазушылардың халықаралық «Дарабоз» және Қазақстан балалар әдебиетіні Ертөстік"байқауының лауреаты жазушы -баспагер Баян Болатханованың кітаптарының таныстырылымы болды. Балалар жазушы шығармашылығы мазмұны туралы тың деректермен танысып, өз көкейінде жүрген сұрақтарын қойды.
Мерекеде бұдан әрі дәмді пісірілген тәтті тоқаштар, қолдан жасалған бұйымдар аукционы жас оқырмандарымызды қатты қызықтыра түсті. «Funny English» ағылшын тілі үйірмесі ұйымдастыруымен квест, «Жас қаржыгер» үйірмесі интеллектуалды ойындар, буккроссинг, «Жаңа кітап» және сирек кездесетін кітаптар көрмесі, асфальтқа сурет салу ұйымдастырылды. Ойын барысында конкурстар ұйымдастырылып, балаларға түрлі сыйлықтар таратылып, алғыс хаттармен марапатталды. Бұл мерекелік іс-шара кітапханалар арасында өткізіліп тұрған ең алғашқы ауқымды жоба. Бұл жобаның негізгі мақсаты: мерекеде балалармен қызықты уақыт өткізіп, жас жеткіншектердің кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру және қайырымдылық қорына азын-аулақ қаржы бөлу. «Жетім көрсең жебей жүр» демекші, бұл аз ғана қаражат балалардың қажеттілігіне, арман-мақсаттарының бір кішкентай бөлшегі орындалуына септігі тиеді деген ойдамыз.
Кітапханаға тікелей демеушілік жасап отырған ұйымдар да, көңіліжарым балаларға қолұшын созатын жандар да баршылық. Атап айтсақ, Құрабаева Жанар – Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Фирма–Тигрохауд» ЖШС Бас директоры, бизнесвумен, кітапхана амбассадоры, «Каusar» компаниясы Динара Бердімұраттың басшылығымен, ТОО «AптекаПлюс», ИП «Саулет». Аукционға түскен қолөнер бұйымдары мен суреттерді осы аты аталып отырған ханымдар сатып алып, одан түскен қаражат қайырымдылық қорына аударылды.
Балалар – біздің болашағымыз. Демек олардың келешектерінің жарқын болып, рухани сусындауы үшін кітапхананың алатын орны ерекше.
Г.Кудыспекова,
И.А. Крылов атындағы балалар
кітапханасының кітапханашысы.
Алматы қаласы.