«Менің жағалауым»

«Менің жағалауым»

8 сәуір күні Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №33 кітапхансын да ұстаз, жазушы, «Ыбырай Алтынсарин», «Абай Құнанбайұлы» атындағы төсбелгілерінің иегері Ақкүрен Бақыттың «Менің жағалауым» атты тырнақ алды туындысының тұсаукесер кеші болып өтті. Шараға ақын, аудармашы, Байбота Қошым-Ноғай Серікбайұлы балалар жазушысы, баспагер Баян Болатханова, ақын, компазитор Гүлнәр Шәмшиева, журналист Қалбай Әділ, ақын Мақсат Әлсейітов, ақын Мағиза Құнапияқызы, белгілі дара тұлғалы ақын Төлеген Айбергеновтың қызы Хұсни Айбергенова кештің құрметті қонақтары болды. Автордың туындысының тұсаукесер рәсімінінің тізгінін ақын, аудармашы, Байбота Қошым-Ноғай Серікбайұлы және балалар жазушысы Баян Болатханова ұстап, алдағы уақытта жалпы кітапқұмар оқырманға арналған «Менің жағалауым» естеліктер кітабына сәт сапар тіледі. Ақкүрең Бақыттың бұл кітабын да өз өмір тәжірибесі мен ұстаздық еңбек жолындағы ойға түйген толғаныстарын ортаға сала отырып, тұлғалық қасиет, қабілеттің қалыптасу жолдары туралы сыр шертеді.

Нұрсұлтан Шамшадинұлы

Алматы қаласы, №33 кітапхана қызметкері