НАУРЫЗ – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕЙРАМЫ
2022 ж. 28 наурыз
1362
0

Биыл Қарағанды облысында Наурыз мейрамын тойлау «Қайырымды ұлт» акциясымен ерекшеленді.
19-23 наурыз аралығында әлеуметтік осал топтарға жататын өңір тұрғындарына 1755 азық-түлік жиынтығы таратылып, еріктілер жалғызбасты қариялардың үй аулаларын қардан тазартты. Жаңаарқа ауданында 500-ге жуық отбасы азық-түлік пакетін алды. Жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдары 3 миллион теңгеге демеушілік көмек көрсетті. Приозерск қаласында салмағы 12 келі болатын 300-ден астам азық-түлік себеті таратылды. Сондай-ақ Наурызды тойлау кезінде орталық алаңда қала тұрғындары үшін тегін дастархан жайылды. Мейрамға орай 1 мың келі палау, 600 литр наурыз көже, 180 келі бауырсақ дайындалды. Әлеуметтік қамқорлықтағы Балқаш тұрғындарына 297 азық-түлік жиынтығы мен тәтті сыйлықтар табыс етілді. Демеушілер қатарында «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС, «Сары-Қазына» және «Балқаштүстімет» кәсіпорындары болды. Сондай-ақ қалада жалғы збасты қарт адамд
гарға, мүгедек балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық түскі ас өткізілді.
З.Абажан
qazaquni.kz