Аймақтық театрлар фестиваліне Қарасай ауданы да қосылды!

Аймақтық театрлар фестиваліне Қарасай ауданы да қосылды!

Қарасай ауданында театр 2019 жылы құрылды. Ауданның 90 жылдығында Н.Қапалбекұлының "Қарасай " спектаклі сахналап, тұсау кесілді. Режиссері Бағлан Қалманов. Облыстық театрлар байқауына қатысып, жаңадан ашылған теартлар арасында бас жүлдеге ие болды.

    Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырған шарада «Хантәңірі» және «Қарадала», Кеген аудандық халық театры мен «Қаракемер» театры, Талғар аудандық қуыршақ театрлары өнер көрсетеді.

    Атап өтейік, «Жаңа Қазақстан – жаңа руханият» атты аймақтық халық театрлар байқауына арнайы бөлінген қаржы жоқ. Мақсат ауыл мәдениетін көтеру.

  Бұл - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі театр және кино актеры, режиссер Асқар Наймантаевтың бастамасы. Режиссердің мақсаты - ең алдымен материалдық байлық қуған қоғамның ойын рухани байлыққа бұру.

« Алғаш рет өткізгелі отырған осындай мәдени шараны Райымбек, Кеген, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарындағы театрлар өзара келісіп, «көрпесіне қарай көсіліп», ауыл арасы жақын болғандықтан өз көліктерімен келіп-кете алатын болып, келетін адамдардың да санын азайтып, көрермен көңілінен шығатын қойылымдарына қатысатын артистермен ғана келуге келісті. Фестивальді ұйымдаструды өз мойнына алған «Қарадала» театры дәстүр бойынша қонақтарды қарсы алып, салтанатты түрде қызыл кілемнің үстімен шеру жасата жүргізіп, сахна бағдарламасының ашылу мен жабылу бөлімдері мен дастархан жаю қызметін ұйымдастрып жатыр»

 Фестиваль аясында осы аудандардағы театрлар болашақта бір-біріне баратын гастрольдік сапарлар кестесін келісіп, ауылдағы театрлардың ендігі іс-жоспарларын, тәжірибе алмасу, білім жетілдіру, репертуарлық саясатын, қандай кәсіби көмекке мұқтаждығын ақылдаса шешіп, келісіп отыратын семинарлар мен форумдар өткізу мәселелерін талқыланады.

«Бұл үлкен істің бастамасы ғана. Тұңғыш аймақтық фестиваль келешекте жалғасын тауып, қатысушылардың қатары көбейіп жатса құба-құп» - дейді Асқар Наймантаев.

  Болашақта фестивальде өнер көрсетуге көрші қырғыз елінің аудан театрларын шақыру жоспарлануда.

qazaquni.kz