ТІЛШІ-ҒАЛЫМ МАРАПАТТАЛДЫ
2022 ж. 21 наурыз
1768
2

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталғандардың қатарында бір топ ғылым, білім және өнер өкілдері де бар. Солардың бірі - “ПАРАСАТ” орденімен наградталған, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымларының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиев.
Ғалымның туған тілімізді тұғырына қондыру туралы, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін арттыру мен елімізде жоғары білікті кадрлар дайындауда сапаны қамтамасыз ету бойыншы 100- ден астам ғылыми- публицистикалық мақалалары жарық көрген.
Сонымен қатар, қазақ тіл білімінің жеке бір саласы- сөзжасамның қалыптасу мен дамуы туралы 4 монографиялық еңбектің, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған 3 оқулық пен 15 оқу- әдістемелік оқу кұралдарының авторы.
Тілші- ғалымның жоғары мемлекеттік наградамен марапатталуын мемлекеттік тілге көрсетілген құрмет деп бағалауға болады.
Тіл жанашыры, газетіміздің тұрақты авторы, академик Кәрімбек Арыстанбекұлын кезекті марапатымен құттықтап, мемлекеттік тілді одан әрі дамыту жолында қосар үлесі еселене берсін дегіміз келеді.