ҮКІМЕТ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА БОЛУЫ КЕРЕК

ҮКІМЕТ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА БОЛУЫ КЕРЕК

Қоғаммен өзара байланыс ауқымын кеңейтіп, халқымыздың бірлігін нығайту жөнінде үлкен жұмыстар жүргізуге тиіспіз. Бұл мәселеге Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов баса назар аударды.

       Премьер-Министрдің айтуынша, геосаяси сын-қатерлер жағдайында отандық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыруға айрықша маңыз беріліп отыр. «Осыған байланысты Президент «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңды қайта қарауды тапсырды. Бұл заңды журналистер және сарапшылар қауымымен ақылдаса отырып , қабылдаумыз қажет.

Ақпарат министріне осы жұмысты тиянақты әрі жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырамын. Үкімет мүшелері журналистермен тығыз байланыста жұмыс істеуі тиіс. Ашық жұмыс қана қоғамның Үкіметке деген сенімін қалыптастырады. Сол үшін Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалу барысы туралы азаматтарды тұрақты түрде хабардар етіп отыру қажет», - деді Үкімет басшысы.

З.Абажан