Қайсар мінезді Қосжан
2022 ж. 12 ақпан
4119
0
«Қосжан өлген жоқ, оның артында өлмейтін, әрдайым жаңа ұрпақпен тілдесіп тұратын жырлары, жүректен жарып шыққан сөздері қалды»
Әбіраш Жәмішев
Табасың жанның сен емін,
Туысқан жұртым, кең елім...
Алғашқы жырым сен едің
Өзіңсің соңғы өлеңім.
Күншуақ төктің көңілге,
Сиыңның бәрін қош алам ....
Мейманың шықсын төріңе,
Жарайды маған босағаң – деп туған жер, алтын аймағын жүрегімен жырлаған ақиық ақын Қосжан Мүсіреповтың 90 жылдық мерейтойы Ордабасы, Арыс аудандарында аталып өтті.
Қазағымның киелі мекені, ү ш ж ү з д і ң б а с ы қ о с ы л ғ а н Ордабасының нақ төрі – бақ бесігіміз Темірлан кентіне еніп, Мәдениет сарайына ағылған, құмырсқадай қаптаған халықтын қарасын көрдік. Міне ақынға деген елдің махаббаты! Ақынға деген елдің сағынышы! Оның жүректерді жылытқан өлеңдерін өзін көрмеген бүгінгі жас ұрпақ жатқа оқиды. Кеш Темірланнан бастау алып, Арыс қаласында жалғасты. Бірінде дүние есігін ашса, бірінде қызмет етті. Жұрт ықыластана күткен сәт Қосжанның өміріне арналған шағын бейнефильмнен бастау алды. Туған жері, өзі суын аңсаған Бөржар өзені, табаны тиіп, балалығы өткен жер... бәрі әдемі көрініс тапқан. «Қосжаннның оралуы» атты қойылым кім-кімді де болмасын толғантып, терең ойға жетелейді, күрсіндіреді. Өлім мен өмір арпалысы... Дерт меңдеп, төсек тартып жатса да, өмірге құштар ақынның бейнесі шынайы суреттелген. Бар-жоғы 35 жас қана өмір сүрген, бұдан 55 жыл бұрын о дүниелік болған ақын бейнесін ордабасылық, арыстық өнерпаздар мерейтойын асыға күткен халық алдына шынайы болмысымен алып келді. Руханият – өткеннің көзі, бүгінгіге өлең боп жеткен, қанша жыл өтсе де тот баспайтын дарынның өлмес сөзі. Кезінде көрнекті ақын Әбілда Тәжібаев «Ол қазақтың нағыз Островскийі еді. Қанша ажал арбаса да мойымаған, ауру қысса да берілмеген, өлім қасында жүрсе де елемеген қайсар рухты ақын еді» деп еске алса, Мұқағалидің өзі «Еске алдым, Қосжанды» деп тебірене жырлаған еді. Әттегенай, ақын өлген соң, оның аты да өлгендей болған. «Іздеушісі болмаса ер жетім» деген сөз бекер айтылмаса керек. Негізі, өлгенді тірілткен, өткенді бүгінге жеткізген, 30 жылдан астам уақыт ақын өмірін зерттеген қосжантанушы, Қ. Мүсірепов атындағы әдебиет және өнер бірлестігін ұйымдастырушы, белгілі қоғам қайраткері, қарымды қаламгер Әкім Ысқақтың еңбегі ұшан теңіз. «Менің Қосжаным» атты кітап шығарып, қалың көпшілікке таныстырды. Автор архивінде бұдан 63 жыл бұрынғы ақынның өз қолымен жазылған хаттары, ескірмес фотосуреттері, өткен ғасырдың 60 жылдары газет-журналдарға ж а р и я л а н ғ а н н о в е л л а л а р ы , очерк, мақалалары сақталыпты. Інісі Сырым, ұл қыздары Қанат пен Жанаттың жан сырлары, қазіргі көзі тірі досы белгілі жазушы Зәкір Асабаевтың сұхбаты, ақындар Сабырхан Асановтың, Бекен Әбдіразақовтың және т.б.
естеліктері, шығармашылығы мен ғұмырының беймәлім тұстары жайлы әсерлі сыр шертіледі. Үлкен талант иесі Қосжан туралы кітап авторы Әкім дос тебірене сөз қозғап, өзі де ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Ақын афоризмдерінде өлмес өмір бар. «Асылында адам жүрегі тек жақсылық пен шапағаттан жаралса, соның сәулесі мен жалынына бөленсе, ол қартаймайды» дейді тағы бір жан сырында. Халық қалаулылары атанған, бірінші шақырылған Мәжіліс депутаты Әкім Ысқақ пен бүгінгі Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, сыршыл ақын Қазыбек Исаның Қосжандай ел ардағын іздеген, оған деген құрметі – екі тұлғаның бір-біріне деген достық көңілдері ж а р а с ы п т ұ р д ы . Е к е у і н д е г і ұқсастық Әкім тұңғыш қазақ тіліндегі «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы болса, бұл күндері Парламенттегі өзіндік дауысы бар Қазыбек тәуелсіздіктің негізі – нағыз тіл жоқтаушысы, а й т у л ы ж а н а ш ы р ы а т а н ы п , қайраткерлік болмысымен елге танылуда. Табандылықпен талантты, өмірден ерте кеткен ақынға кітап арнап, тектілігін көрсеткен Әкім Ысқаққа Астанадан арнайы келген Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясының Алаш арыстарына арналған «Қазақ Республикасына 100 жыл» медалімен марапатталғанын жеткізіп, оны қосжантанушыға арнайы өзі табыс етуі – елді сүйсіндірді.
«Менің Қосжаным» кітабының тұсауын Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова мен Қазыбек Иса кесті. Қоғам қ а й р а т к е р л е р і Д о с ы б а й Шерімқұлов, Лұқпан Бәшенов, Бектас Ахметов, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Азат Орал баев, аудандық мәслихат хатшысы Қасымбай Әбдіхалық ізгілікті ниеттерін жеткізді. Ақынның туған інісі Сырым Жүсіпов, ұлқыздары Қанат пен Жанат өз естеліктерімен бөлісті. – Мен әкемнің түр-түсін еш елестете алмаймын... Әкем өмірден ұзағанда мен сәби болатынмын. «Әке, Әкешім!» деген балаларды көргенде еңіреп жылап қалатынмын... Бірақ, мен бүгін әкеммен мақтанамын! – деп 67 жастағы қызы Жанат көз жасына ерік бергенде, залда жанарына жас алмаған адам қалмады. Арыс қаласындағы мереке қала әкімінің 34 жылдан бері үзбей жұмыс істеп келе жатқан Қосжан Мүсірепов атындағы әдебиет және өнер бірлестігі мүшелерін қабылдаудан басталды. Олар Әкім Ысқақ, Әсет Әссанди, Құрманәлі Жылқыбай, Ғалымжан Зиябек, Базаркүл Қалбыр. Бәрі де елге танылған, абырой биігінде жүрген Ордабасы ауданының құрметті азаматтары. Негізі, қала әкімі Гүлжан Мамытқызынан іскерлігі басым, әдебиет пен өнерді сүйген, бағзыны түгендеген, қаржыны үнемдеген бес аспап басшыны таныдық. Жасаған баяндамасында да елге жақын әкім екенін көрсетті. Сөз соңында Арыс қаласында бір мектептің аты Қосжан есімімен аталатынын жеткізді. Аудандық мәдениет бөлімі Қосжанның сахналаған бейнесін жұрт есінде көпке дейін есте қаларлықтай сомдапты. Ақын туралы әсерлі ойын бөлісе білген, арнау өлеңін оқыған Арыс қаласы әкімінің орынбасары, осы кештің өтуіне себепкер болған Сапар Дәрібай мырзаға ықыласты ниетінен ізгілік нұрын пайымдадық. Кітапханашылар дайындаған Қ.Мүсіреповке арналған көрме де көпшіліктің көңілінен шықты. Арыстықтардың кеңінен тануына септігі тиген алдын ала «Менің Қосжаным» кітабынан үзінділер жариялаған «Арыс ақиқаты» газетіне (бас редакторы Әбдімәлік Ағыбай) дән ризамыз. Осы тұрғыда Қосжан әлемін бүгінгі күнге жеткізуге белсене атсалысқан кітап демеушісі атанған Талғат Сырымұлына, аталмыш жинақты кітапханаларға таратқан Нұртас Ахметов, ақынның жиен немересі Руслан Абдухманов, Нұрмахан Мәуленовтердің ізгілікті істеріне сүйсіндік. Сондай-ақ, шара аясында Әкім Ысқақтың «Қосжан рухы» атты жаңа әнін Аплотон Рақымжан өршіл рухпен орындады. Республикалық байқаулардың л а у р е а т ы , ж е з т а ң д а й ә н ш і Айгүл Азатова орындаған «Елге сәлем» әні жүректі шымырлатты. Өлгендер қайтып келмейтін о дүниеден жарық дүниеде тірі жүргендерге сәлемі секілді. Бұл да Қосжан сияқты бар жоғы 32 жас өмір сүрген ордабасылық ақын Дүйсенхан Нақымовтың сөзіне жазылған кітап авторы Әкім Ысқақтың әні көңілдегі отты маздатты. Өлмес сөзі бар адам өлмейтінін Қосжан құдіреті осылай тағы бір дәлелдеді.
Әбдіхалық ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ,
ҚР Мәдениет қайраткері, Ордабасы ауданының құрметті азаматы, Қ.Мүсірепов атындағы әдебиет және өнер бірлестігінің мүшесі