ЖҮРЕГІМ ЖАРЫЛА ҚУАНДЫМ
2021 ж. 27 қараша
2112
1
Туған халқың туралы жақсы сөз есту қандай ғанибет! Шет ел мемлекеттік, қоғамдық қайраткерлерінің бізге берген бағасын әлеуметтік желіден оқығанда мерейім өсіп, бұрынғыдан да рухтана түстім.
Аса қадірлі «Қазақ үні» газетінің оқырмандары, сіздердің де кімдердің ұрпағы екендеріңізді мақтан ете қуанғандарыңызды қалап, әлеуметтік желідегі халқымыз туралы шет елдік азаматтардың ой-пікірін назарларыңызға ұсынып отырмын.
Дмитрий Гордон, Украина елінің журналисі:
– Мемлекеттік бағдарламамен әлемнің ең үздік университеттерінде білім алып жүрген жас қазақтарды көп кездестіремін. Олар қандай сауатты, қандай ақылды десеңізші! Жас буын қазақтар қандай интектуалды!
Ой, бұл ұлт өте белсенді, ерекше жігерлі ұлт. Маған олар, әсіресе жас буын қазақтар өте ұнайды.
Евгений Рынская, Ресей журналисі, жазушы:
– Қазақтар туралы айтсам, олар ¬– тамаша жандар. Ауыл-селода өскендері де лайықты ерлер. Қазақтың жоғары деңгейдегі бизнес-элитасы зиялы, білімді, Москваның бизнес-элитасына біраз ұқсаңқырамайды. Себебі, қазақтар ежелден бауырмал, ұйымшыл.
Олар сыр бөлісуге, әңгімелесуге өте құштар, шын мәнінде бөгденің көңілін сыйлай біледі, яғни қазақтар әдепті, тәрбиелі. Сөй-лескен адамының сөзімін санаса алатын мұндай адамдар орыс кеңістігінде жоқтың қасы.
Олардың тағы артықшылығы көрме жаңалықтарымен таныс, әдеби жаңа туындыларды көп оқиды, жаңа фильмдерді жиі көреді. Тіпті мен оқымаған кітаптарды оқып үлгерген. Олардың талғамы да тамаша!
Олар өнер әлемінде қандай өзгерістер болып жатқанын нәзік се-зініп, біліп отырады. Содан ба екен, адамдарды сыйлауы ғажап!
Максим Шевченко, Ресей саясаткері:
– Мен Қазақстанды жиі есіме аламын. Ол көне түрік мемлекетінің мұрагері. Солай болған, солай болып қала береді. Ұшы-қиырсыз кең дала, таулар, көлдер, өзендер – оның Отаны, бесігі. Түріктер оған борышкер.
Алға адымдап даму жолындағы түрік идеясы, түрік өркениеті мен үшін, орыстар үшін аса маңызды. Бұл даму Қазақстанда кең өркен жайып келеді.
Орыс халқының бостандықта еркін өмір сүруі көп жағдайда түрік мемлекетінің жетістігіне байланысты. Себебі, түріктер, жасырмаймын, орыстарға қарағанда әлдеқайда еркін. Сондықтан қазақтардың табиғи дамуы біздің өзімізді тануымызға көмектеседі. Мен келешекте орыс халқының еркіндігі көбіне түрік мемлекетінің жетістіктеріне байланысты деп білем.
Дмитрий Александрович Быстрлетов, совет жазушысы, аудармашы, дәрігер.
Ол Алексей Толстойдың ұлы атақты жазушы Александр Толсойдың немересі. ССРО-ның шетелдік шпиондар агентігінің ең көрне-кті өкілдерінің бірі. 1937 жылға дейін Европа мен Азия, Африка, солтүстік, оңтүстік Америка елдерінде жасырын түрде тыңшылық жұмыстар жүргізген. Алған ордені де бар.
Быстролетов 1937 жылы қамауға алынып, 20 жылға сот- талады. Ол лагерьде жүріп ұрылар мен саяси тұтқындар өмірінен «Мәңгі тірілер» деген кітап жазады. Онда Сталиннің бұйрығымен СССР-дың миллиондаған білімді, жазықсыз жандарының лагерьлерге тоғытылғанын, ұры баскесерлердің өз заңдарымен лагерь басшыла-рын дегендеріне көндіріп, тұтқындарды бір-бірлеп бейшара күйге түсіргенін, оларға ешкімнің қарсылық көрсете алмағанын жазды.
– Біз үшінші қауымның келуін күттік. Ақырында күткен қауы-мымыз – Қазақстанның ұлттық зиялысы – инженерлер, жазушылар, суретшілер, дәрігерлер, актерлер, педагогтар келді. Олар тамыры-нан жұлынып, солтүстіктің үйренбеген суығында өлуге бұйы-рылғандар еді.
Мен бұған дейін ешуақытта бір де бір қазақты көрген емес едім. Жақ сүйектері ірі, көздері сәл қысыңқы оларды көргенде, ішімнен «қатарымызды толықтурышларға жарыған екенбіз» деген ойға берілдім. Қателескенімді көп өтпей түсіндім.
Қазақтар бұйымдарын бір жерге жинап, өздері төңірегіне жайғасты. Түнде онбесшақты баскесерлер әмірін жүргізбек болғанда, жұдырықтың астында қалып, масқара күйде тайып тұрауға мәжбүр болды.
Таңертең түрме бастығы келіп қазақтарды қорқытып, айтқанда-рына көндіргісі келгенімен еш нәтижеге жете алмай, қазақтарға жеке баракты босатып беруге мәжбүр болды.
Бұл менің 16 жыл лагерьде өткен өмірімде баскесерлер мен түрме бастығына ұйымдасқан түрде қарсы шыққандарды бірінші рет көрдім. Барлық уақытта бейшара тұтқындар баскесерлер мен лагерь бастықтарына үнсіз бағынумен үрей құшағында күн ке-шетін. Бұл жағдайды тек қазақтар ғана өзгертті.
Арон Шнеер, Израиль тарихшысы, ұлттық инсититуттың қызметкері. Ресей президенті Владимир Путинге айтқан лебізі:
– Маған өзіндік ерекшелігі бар өкілдік бұйырды. Себебі, мен Ирусалимнен келдім. Сол себепті, бір жағынан, Ресейдің ішкі мәселесіне араласқым келмейді, екінші жағынан, Совет Одағында болған оқиғаға тоқталмай өте алмаймын.
Ұлы Отан соғысы менің отбасымның, менің халқымның тарихы ғана емес, ол – бәріміздің тарихымыз, қасиетті өсиетіміз. Оқиғаның басталуына, аяқталуына сәйкес таңғаларлық ерліктер жадымызда сақтаулы. Оны сен ұлыңа айт, ұлың немереңе, немерең, шөбереңе айтсын. Осылай ол ұрпақтан ұрпаққа жалғассын.
Халық тарихын, мемлекет тарихын ұмыттырмау тарихи жадымыздың ең басты және аса маңызды міндеті. Мысалы, 1946 жылы жаңа мемлекет – Израиль мелекееті дүниеге келді. Сол жылы Александр Бектің «Волоколомское шоссе» кітабы еврей тіліне аударылды. Әскери басшылық тек оқу құралы ғана емес, іске басшылық етсін деп ол кітапты Израиль Армиясының әр офицеріне қарумен бірге берді.
Израил Армиясының болашақ Бас штабының бастығы Мотогур өзінің естелік кітабында рота командирі кезіндегі батальон командирі, кейіннен Совет Одағының батыры атанған, тамаша адам Бауыржан Момышұлының сөзімен жауынгерлерін қалай рухтандырғанын жазды.
Сарбаздарын сапқа тұрғызып әйгілі кітаптың «Қорқыныш» тарауын оқып, сөзін: «Сен ұрыс даласын тастап кеттім деп ойлайсың ба, сен Москваны жауға тастап кеттің», – деген сөзімен аяқтап, «Әскери тәртіппен қолымды шекеме апардым да, бұрылып кеттім. Солдаттарымның мені түсінгеніне сенімді болдым», – дейді.
Міне, басқа соғыстағы, басқа Армиядағы ерліктің, қаһармандықтың өнегесін жас Изираиль Армиясына үлгі еткен тарих сабағы.
Питер Гессен, Германия азаматы:
Сәлеметсіздер ме, қымбатты достар! Мен ең мәдениетті,
көргенді, тәрбиелі, қайырымды, кешірімді, ақылды, парасатты қазақ халқын мақтан етем. Біздің бабаларымыз, әкелеріміз 1944 жылы Қазақстанға жер аударылғанда, «сендер фашиссіңдер» деп ақпан айының аязына қарамай жылы үйлерінен сүйреп шығарып, қардың үстіне лақтырып тастаған. Суықтан өлгені өліп, тірі қалғандарына қазақтар қамқорлық жасап, аман алып қалған. Сол үшін тқазақ халқына басымды иіп, алғысымды айтамын.
Мен Қазақстандық неміспін, рухым қазақ. Біз де көпшіл, қонақжаймыз, адал да әділміз. Бұл асыл қасиетті қазақтардан үйрендік. Қазақ халқындай қайырымды, көпшіл, бауырмал болу әр халықтың қолы жетпестей арманы дер едім.
Қазақстанға жер ауып келген халықтардың бәрімен сөйлесіп көріңіздерші! Бәрінің айтары тек алғыс. Қазақтар өздерінің бауырмалдығын ешуақытта міндет еткен емес. «Біз ұлы халықпыз» дегендерін де естімедік. Ұлымыз деп кеудесін соғып, даурығып жүргендер қазақтардың қасында ешкім емес. Қазақ халқы шын мәніндегі ұлы халық. Ол өзге ұлт өкілдерінің бәрін өзіндей көріп, бәрінің дамып, жетілуіне жағдай жасады, жасап та келеді. Оны кемітіп сөйлеуге ешкімнің құқығы жоқ, оған ешкімнің ар-ұжданы жетпейді, жетпеуі керек деген ойдамын. Себебі, қазақстандықтар бір кісінің баласындай. Бүкіл әлем қайырымдылықты, бауырмалдықты қазақ халқынан үйренуі керек.
Бір фактіге тоқталайын. Бірде Германиядан Қазақстанға қыдырып келдім. Танысымның саябағында сөйлесіп отырғанда:
– Сен неге Ресейге көшіп барып, қайта көшіп келдің? – дедім. Ол:
– Барысымен үй сатып алып, тұрмысымызды түзеуге әрекеттендік. Біздің бұл талпынысымызды жергілікті тұрғындар жақтырмады. Балаларымызды төмпештеп, ренжітті, тас атып, терезелерімізді сындырды. Ол аздай үйімізді өртеді. Мұндайды Қазақстанда көрген де, естіген де емеспіз. Амал жоқ, қазақтарымызға қайта көшіп келдік, – деді.
Мен ойға қалдым. Басыма қиындық бұлты төнсе, Қазақстанды паналаймын. Қазақтардың көмек қолын созарына толық сенімдімін.
***
Міне, осынай пікірлер жүрегімді жылытты. Керемет қатты қуандым.
Мамытбек Қалдыбайұлы,
Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, бауыржантанушы.