Түркі жастарының бірлігін арттыруға арналды

Түркі жастарының бірлігін арттыруға арналды

Түркияның Ерзурум қаласының Мустафа Кемаль Ататүрік атындағы университетiнiң ректоры Омер Чомаклының ұйымдастыруымен Түрік елінің әнұранының жүз жылдығына орай халықаралық конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан атынан аталған оқу орнының доктаранты Қолдасбаева Гүлім Дүйсенқызы (ғылыми жетекшісі доцент доктор Ясин Махмут Якар) ғылыми зерттеу жұмыстарынан үзінді ұсынып, оның жұмысы халықаралық деңгейде бағаланды. Бұл зерттеу жұмысында ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілген қазақ және орыс оқулықтарындағы мәтіндер қандай құндылықтарды дәріптейтіндігі зерттеліп, екі тілді білімнің қазақ балаларының өмірі мен психологиясына берер әсерлері талқылана отырып, Түркия мен Қазақстанның білім беру жүйелері салыстырылды. Зерттеу барысында түрік және қазақ халықтарының ортақ құндылықтарына ерекше мән беріле отырып, түркі халықтарының ортақ құндылықтарын мектеп окулықтарында балаларға дәріптеу арқылы, пікірде, істе бір болатын білімді іскер түркі жастарын тәрбиелеп шығудың жолдары қарастырылды. Зерттеу құжаттарын талдау дизайнның сапалы нұсқасын қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеу барысында мәтіндердің берер кұндылықтары, мақсаты анықталды. Бұл құндылықтар төрт негізгі айдар бойынша топтастырылған. Атап айтқанда, әмбебап, ұлттық, діни және ғылыми. Сонымен қатар, оқулықтардағы мәтін түрлері анықталды. Зерттеу нәтижесінде екі елде де оқытылатын оқулықтардағы жалпыадамзаттық құнды­лықтардың таралуында ұқсастық бар екендігі анықталды. Сөйлеуге, оқуға және жазуға үйретуден басқа, тілді оқытудың тағы бір мақсаты – құндылықтар мен мәдениетті үйрету. Әрбір тіл өзіне тиесілі қоғамға тән белгілі бір сипаттамаларға ие болған кезде, ол ұсынатын қоғамның құндылықтарынан оқшаулау мүмкін емес. Елдер арасында құндылықтар туралы оқулықтар арқылы салыстырмалы зерттеу жүргізілмегендігі және олар өмір сүретін қоғамға жататын кейбір мотивтер ғана құндылық болып табылатындығы маңызды мәселе. Осыған байланысты зерттеу оқулықтар арқылы елдердің құндылықтарын салыстыруға мүмкіндік беру және әр елдің өзіндік құндылықтарына ие бола алатындығын бейнелеу тұрғысынан маңызды. Құндылықтар тәрбиесі: құндылықтарды тәрбиелеудің мәні құндылықтарды оқыту болып табылады. Құндылықтар туралы білім ерік-жігерді оятып, жақсылықты насихаттауы тиіс.


Құндылықтар тәрбиесі алдымен баланың сезімтал­дығына әсер етуі керек. Себебі эмоция балалардың ойына бірінші келеді. Бала толқып тұрған кезде, оның ойын тазарту оңайырақ болады. Біз қарастырған оқулықтардағы мәтіндер көбінесе әңгімелер мен өлеңдерден тұрады. Түрік оқулығында жалпыадамзаттық құндылықтарға көбірек орын берілсе, қазақ кітаптарында барлық түрік халықтарына ортақ «Ахмет Яссауи», «Қор­қыт Ата», «Наурыз мерекесі» және «Түркістан» сияқты ұлттық құндылықтар алдыңғы қатарға шыққандығы қуантады.

Осы тұста қазақ жаста­рының бола­шағына ерекше қамқорлықпен қарап, қолынан келгенше қазақ жастарының білімді, өнегелі болуына ерекше атсалысып жүрген ұстазым, ғылыми жетекшім Ясин Махмут Якарға қазақ халқының атынан және өз атымнан алғыс айта отырып, ғылым жолында табыстар мен отбасына амандық-саулық тілеймін.

 qazaquni.kz