ТІЛ ЗАРЫ - ҰЛТТЫҢ ЗАРЫ!

ТІЛ ЗАРЫ - ҰЛТТЫҢ ЗАРЫ!

Шығармашылық одақтарға шыр бітіру керек

Мәдениет мәйекті болмаса, өмірің дәйекті болмас

Бүгін Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағында депутаттық жұмыс жоспарыма сай шығармашылық және қоғамдық ұйым басшыларымен кездесу өтті.

Шіліңгір шілденің қақ ортасы, демалыс күні болғанына қарамастан арнайы шақырылған ел мұңын мұңдап жүрген қаламгерлер түгелге жуық келді.

Зиялы қауымды ҚР Парламенті Мәжілісіндегі “Ақ жол” Ақ жол партиясы фракцияның ұлттық идеологияға байланысты, мемлекеттік тіл мен мәдениеттің жағдайы, Алаш арыстарын ұлықтау мен қандастар көшіне қарқын беру, жалпы ұлт мүддесін қорғаудағы қайраты жайлы есеп бердім.


Аты мен атағы әлемге әйгілі Дулат Исабеков пен ұлт мүддесін қорғаудағы батыл күрескер, белгілі қаламгер Смағүл Елубаев ағаларымыз бастап, театр тарланы Тұңғышбай Жаманқұлов пен белгілі қалам және қоғам қайраткері Marat Baidildauly (Тоқашбай) қостаған бұл жиындағы тереңнен тартып, қиядан қозғаған қазақтың зары Жазушылар одағы қабырғасын қайыстырды десек те болады…

Жазушылар одағы төрағасы орынбасары Бақыт Беделхан, 

Суретшілер одағы төрағасы Өмірбек Жұбанияз, белгілі театр әртісі Асқар Наймантаев, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасы кеңесшісі Ержан Алаштуған және тб ұтымды ұсыныстар мен пікірлерін білдірді.

Жиынға белгілі ақын Kadyrbek Kunypiauly, Ахмет Байтұрсынұлы мұражайы директоры Райхан Имаханбет және “Қазақ үні” газеті бас редакторы, қаламгер Kultoleu Mukash, “Қазақстан” ұлттық арнасы және Алматытв арнасы тілшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Одан кейін Суретшілер одағына барып, бейнелеу өнері шеберлерінің жағдайымен таныстым. Олардың зары өз алдына бір бөлек жыр.


Түстен кейін Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мұражайымен таныстым, 30 жылдан бері мемлекет балансына алынбай, өз күнін өзі көріп келе жатқан мұражайдың тегін шырақшысы Райхан Имаханбет қарындасымның мұңы тіпті шерлі.

Толық мәлімет алда жазылады.