Заманауи әдістемелік өнім – тіл үйретудегі нәтиже кепілі

Заманауи әдістемелік өнім – тіл үйретудегі нәтиже кепілі

Бүгіндері атқарылып жатқан жұмыстарға қарай ойысатын болсақ, Қарағанды облысы ерсектерге тіл үйретуде республика бойынша қашықтан оқытуды бірінші болып бойынша пандемияға дейін оқытуда бойынша және 2019 жылдың қараша айында «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі: оқу-әдістемелік кешен және цифрлық оқыту мумкіндіктерін пайдалану» атты республикалық әдістемелік семинарда қашықтан оқыту бойынша тәжірибемізбен бөлістік. Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты оқыту курстары 2020 жылдың наурыз айынан бастап Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен тілдерді оқыту орталығының базасында оқыту курстары онлайн форматта ұйымдастырылуда. Бірден қашықтан оқытуға көшу орталықтың оқыту курстарына еш кедергісін келтірмеді, себебі бұған дейін де онлайн оқыту курстары ұйымдастырылып жүрді. 2018 жылы - 45 тыңдаушы, басшылық құрам қамтылса, 2019 жылы 75 тыңдаушы оқыды. (жеке тұлғалар, мемлекеттік қызметкерлер)

Ендігі кезекте соңғы үш жылда әзірленген оқу-әдістемелік өнімдердің мазмұнымен таныссақ. QR-код заманауи диктанттар мен мазмұндамалар жинағы аудиоқұралымен жарық көрді. Жинақ жас ерекшелігі шектелмеген, жалпы тіл үйренушілер мен оқытушыларға арналған әдістемелік көмекші құрал. Басқа диктанттар мен мазмұндамалар жинағынан ерекшелігі электронды оқулығымен қоса дайындалды. Мұнда дәстүрлі диткант (бақылау, сөздік, суретті, түсіндірмелі, көру т,б) түрлерімен қатар заманауи диктант түрлері (бейне диктант, графикалық, шығармашылық, сүйену, жүгіру, ысқыру т.б) мен мазмұндамалар жинағы таратпа материалдарымен, дыбысталуымен берілді.

Латын әліпбиі негізіндегі емлені бекітуге арналған жұмыс дәптері жазылды. Жұмыс дәптері барлық облыстарда бар, әр жұмыс дәптері өзінше ерекше. Біздің авторлығымызбен дайындалған жұмыс дәптеріміздің ерекшелігі, екі нұсқада жазылып дайындалды. Бірінші нұсқасы тыңдаушыларға арналған жұмыс дәптері, екінші электронды нұсқасы, тыңдаушының өзін-өзі бағалауға, қатемен жұмыс жасауға арналған. Жұмыс дәптерінде әр сабаққа қатысты емле-ережесі, кейін оны бекітуге жазылым, оқылым жұмыс түрлері берілген. Жазылым жұмыстарын орындағаннан кейін QR-код (ағыл. Quick Response Code – «шұғыл жауап» бұл мобильді қосыша - телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін штрих-код. QR-кодтың көмегімен кез-келген ақпаратты кодтауға болады. Ол сурет, карточка, мәтін, ақпараттық парақшалар, сілтемелер де болуы мүмкін. Пайдаланушы камерасы бар ұялы телефонмен кодты сканерлеп, бағдарламаны іске қоса алады) арқылы тыңдаушы өзін тексеріп, қатемен жұмыс жасайды.

 Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының YouTube каналы бар. YouTube қазақ тілін үйренуге арналған 24 сағаттық сабақ, ағылшын тілін қазақ тілінде үйренуге арналған сабақтар топтамасы, 34 сериялы қысқаметражды жағдаяттық бейнероликтер екі тілде субтитрымен , лексикалық минимум мен дайын сөз орамдарын бекітуге арналған подкасттар әзірленді.

2021 жылы кәсіби салаға негізделіп сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған А1 қарапайым деңгейге арналған оқу құралы аудиоқосымшасымен жарық көрді. Осы жылдың сәуір айында оқулықтың республикалық деңгейде тұсаукесері өтіп, тіл мамандары, ғалымдар тарапынан оң бағсын алды. Енді осы оқу құралының құрылымы мен ішкі мазмұнына тоқтала кетсек. Ең алдымен оқу құралының 120 сағатқа бейімделген бағдарламасы жасалды, оның ішінде 100 академиялық сағатты лексикалық тақырыптарға бердік, 20 сағат өзін-өзі бағалау (аралық бақылау дейміз) берілді. Грамматикалық , лексикалық минимумдары жинақталды, тапсырма түрлері бекітілді. Оқу құралының мазмұны жалпы 5 модульді қамтиды. Әр модуль 5-8 лексикалық тақырыптан тұрады. Қазір А2 базалық деңгейге арналған оқулық жазылуда. Жыл соңына дейін В1 орта деңгейге арналған оқулық жазуды жоспарлап отырмыз.

А.А.Игенова

Қарағанды облысының тілдерді оқыту

орталығының директоры,

педагогика ғылымдарының магистрі