Шығармашылық одақтарға қазір көмектеспесе, кейін құтқарып қалу кеш болады - Өмірбек Жұбаниязов
2021 ж. 25 маусым
2053
0

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, “Ақ жол” партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Иса Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Үкіметі вице-премьері Е.Тоғжановқа “Егер мәдениет пен тілді сақтай алмасақ біз не үшін отырмыз бұл жерде?”-деген депутаттық сауал жолдағаны белгілі.. Онда ұлттық идеологияны ұлтшылдық негізде қалыптастырып, шығармашылық одақтарды қаржыландыру мәселесін көтерді.
Бұның алдында Мәжіліcтің Әлеуметтік-мәдени комитеті «Ұлттың жаңа бейнесін қалыптастырудағы шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдардың рөлі» атты алқалы басқосу өткізгені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Мәдениет, Білім және Ақпарат вице-министрлері, облыстық әкімдіктер, шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдар жетекшілері қатысқан жиын Парламент тарихында тек қана мемлекеттік тілде өтті. Бұл комитеттің тақырыптық жұмыс жоспарына сай өткен дөңгелек үстел Парламент қабырғасында алғаш рет елдің бүкіл шығармашылық одақтары мен қоғамдық ұйымдары басшыларын жиналып, Ұлттық болмысымызды сақтауды, яғни Ұлттық мүддемізді қорғауға арналған келелі кеңес, дүбірлі жиын болуымен де ерекшеленеді.
Тиісті министрліктер басшылары мен шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдар жетекшілері бас қосқан жиында Мәжіліс депутаты, “Ақ жол” фракциясы мүшесі, ақын Қазыбек Иса жасаған "ҰЛТТЫҢ ЖАҢА БОЛМЫСЫ ҰЛТШЫЛДЫҚ НЕГІЗДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ КЕРЕК" атты баяндама порталымызда жарияланған болатын.
Бұл өзекті тақырыптың Парламент мінберінен көтерілуі шығармашылық пен зиялы қауым өкілдері тарапынан қолдау табуда.
Аталмыш жиында ҚР Суретшілер Одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Өмірбек Жұбаниязов та баяндама жасап, келелі мәселелерді көтерген еді.
***
Қоғамдық ұйымдар халық өкілдері немесе қоғамдастықтың түрл ікатегорияларының өкілдері болып келеді. Шын мәнінде, бұл өз ұстанымын білдіретін, өз бастамаларын көрсететін халық өкілі.
Мемлекеттің халықпен арадағы байланысы да осылай жүзеге асады. Оның елді дамыту үшін толғақты проблемадарды шешуде маңызы зор. Бұл тұрғыдан келгенде, қоғамдық шығармашылық ұйымдардың ерекше рөл атқаратынын атап өткім келеді. Суретшілер одағы – Қазақстандағы алғашқы қоғамдық шығармашылық ұйым. Таяу арада оған 90 жыл толады. Шығармашылық одақтар Қазақстандағы шығармашылықтың жаңа түрлерінің дамуына тұғырнама болады. Суретшілер одағы өндірістік базасын дамыта отырып, іс жүзінде жоспарлы экономикадағы алғашқы нарықтық құрылымға айналып, өзін-өзі қаржыландыруға көшті. Біздің халқымыз үшін дәл уақытында басталған жаһандану дәуірі бүгінгі таңда күшіне енді. Сол кезде мемлекеттің жаңа мәдениетті қалыптастыруға, білімді дамытуға, өз кадрларын дайындауға, іргелі ғылымның тұғырнамасын қалыптастыруға көрсеткен көмегі елге қуатты серпіліс берді. Бәрі бірге және бірден. Ел алға қарай аяқ басты.
Шындығында, бізде қазіргі таңда не бар: көркемдік білім, жалпы білімнің өзі төмендеді. Білікті мамандар жетіспейді, бұның жансыздатар проблема екені бәріне аян. Сын жоқ, сараптау жоқ. Суретшілер одағы қаржыландыру көздерінен айырылды, көбісі өз мамандығын тастап кетті, кейбірі кездейсоқ табыспен нәпақа тауып жүр.
Көркемдік деңгейі күрт төмендеді. Қандай ескерткіштердің қойылып жатқанын және көптеген қоғамдық кеңістіктерде қандай сапалы өнер туындылары бар екенін қараңыздар. Алдыңғы буын суретшілерінің жұмыстарын жеке коллекциялар сатып алған, ал музейлерде 1990-2000 жылдардағы Қазақстан бейнелеу өнері тарихы толықтай күйреді. Жақсы жұмыстар тиын-тебенге шетел асып кетті. Өмір бойы шығармашылықпен айналысып, шеберханаларда жылдар бойы сұраусыз тұрған керемет туындылар жасаған суретшілер еш жерде жұмыс істемегендей, ең төменгі зейнетақы алады. Біз мемлекет өкілдеріне мынадай сұрақтарды жиі қоямыз: елімізге суретшілер керек пе? Егер керек болмаса, Жүргенов ат. академия мен Абай ат. Университет те және тағы басқа оқу орындарында суретшілерді оқытуды тоқтатқандарыңыз дұрыс деп ойлаймыз. Оның үстіне, олар қажетті талапқа жауап бере алмайтын, дұрыс жолға қойылмаған бағдарламалардың кесірінен лайықты білім ала алмайды.
Жеке және ұжымдық өзін-өзі сәйкестендіруге негізделген ұлттың жаңа бейнесі уақыт талаптарына сәйкес қалыптаса алмайды, терең білім-ғылымсыз, терең мәдени тәрбиесіз оның сын-тезіне жауап бере алмайды. Бүгінгі таңда мемлекет қоғамдық сананың маңызды рухани-гуманитарлық тәрбиесінің бұрынғыдан да маңызды екенін ескереді. Бүгінгі күні ақша, жала жабу, өтірік айту және т.б.жеке өмір сүру принципіне айналған кезде пасықтыққа, өлімге табынуға қарсы тұруға тиіс патриотизмге, білімге деген ұмтылысқа, талғампаздық сезіміне қалай тәрбиелеп, азаматтық ұстанымдар мен адами қасиеттерді балалар мен жастардың бойына қалай сіңіруге болады? Бұл – қоғамдағы үлкен проблема, ал өмір мен уақыттың осы сын-тегеуріндеріне қарсы тұратын дәл осы мәдениет, өнер, мәдениет қайраткерлері ғой.
Мәдениетке ерекше қарау керек. Оны аялап, көмектесу керек, ал одан кейін құтқарып қалу кеш болады. Қоғамдық сананы қалыптастыруға шығармашылық пен өнердің әсері – жеке әрі маңызды мәселе. Мұнда шешуін талап ететін сандаған шешілмеген мәселелер қордаланып қалды. Мұны 5 минуттың ішінде айтып шығу мүмкін емес. Бұл мәселе Президенттің немесе Премьер-министрдің деңгейінде бірде-бір рет талқыланған емес. Бұл осыған көмектесе алады деген соңғы инстанция болар,, бәлкім. Нарықтық қатынастарға кірмей қалған мәдениет қайраткерлері – суретшілердің, жазушылардың жиналып қалған сұрақтары көп.
Оларды нақты шешу үшін Мемлекеттік құзырлы тұлғалар мен Суретшілер одағының өкілдерінің кездесулері қажет.
Қосымшада ҚР Суретшілер одағының ұсыныстары.
Өмірбек Жұбаниязов,
Қазақ үні