ҚАДІРЛІ ҚАЙРАТКЕР, ТАРЛАН ТҰЛҒА ЕДІ

ҚАДІРЛІ ҚАЙРАТКЕР, ТАРЛАН ТҰЛҒА ЕДІ

Ордалы Оңтүстіктегі, қасиетті Түркістан өлкесінің киелі Мырзашөл өңірі туралы айтқанда, алдымен ауызға ілінер азаматтардың алдыңғы қатарында есімі елге белгілі қайраткер ағамыз, Түркістан облысының Құрметті азаматы Омарбек Нұржанұлы бар. Омарбек Нұржанұлын мен өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында, ол кезде орда бұзар отыздың үстіндегі, қылшылдаған жас кезінде көрген едім. Ол кезде ағамыз Киров аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып істейтін еді. Сол аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болып істейтін бөлеміз Беган Құлманұлына жолым түсіп барып қалғанымда, «ағаңмен таныстырайын» деп, Омекеңе алып кірген болатын. Шардарада өскенмен, осында, «XX партсъезде», «Алғабас» ауылында туғанмын», – дегенімде: «Бір ауылдан екенбіз ғой», – деп қуана қуаттап қойған еді.

1990 жылы болуы керек, Шымкент қаласында КСРО Жазушылар Одағының көшпелі кеңесі болды. Ол кезде мен Шардара ауданы, Қызылқұм ауылында мектеп мұғалімі болып, жүрген кезім. Алдын ала Мәскеуге өлеңдерімізді жолмажол аудармамен жібергенбіз.

Енді оның қорытындысы осы кеңесте айтылады. Біз ол үлкен кеңеске Шардара ауданы комсомол комитетінің хатшысы Бақыт Қалымбетов екеуміз бардық. Ү л к е н д ү б і р л і ә д е б и жиынның басы-қасында сол кездегі Қазақстан Жазушылар одағының Мәскеудегі өкілі, белгілі жазушы Роллан Сейсенбаев, Қазақстан Жазушылар одағының хатшылары Қалаубек Тұрсынқұлов, Ұлықбек Есдәулеттер жүрді. Мархабат Байғұт Қазақстан Жазушылар одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасы еді. КСРО Жазушыларының кеңесіне сол кездегі Шымкент облыстық партия Комитетінің хатшысы Омарбек Нұржанов қатысып, сөз сөйледі. Екі тілде еркін жақсы сөйлегенін жазушылар айтып қалған кезде: «Біздің көкеміз ғой», – деп желпініп отырғаным есімде. Мәскеуден келген белгілі ж а з у ш ы л а р , с ы н ш ы л а р , шалғай Шардарадағы Қызылқұмның ішінде жүрген мектептегі сурет пәні мұғалімі – менің өлеңдерімді бірінен соң бірі «керемет жырлар» деп жарысып, мақтағанда, құм ішінде құмығып жүрген мен толқып кеткен едім... Тіпті, Мәскеуден келген ақын, аудармашы Равиль Бухараев арнайы менің поэзиям туралы баяндама жасады десе де болады. Менің өлеңдерімді «әлемдік поэзия деңгейіндегі көркем өлеңдер» деп қатты мақтаған Равиль Бухараев 2012 жылы Лондонда қайтыс болғанда баспасөз «Ғасырдың үлкен ақыны өмірден өтті» деп жазды… Кеңестен соң, сыртқа шыққанда Роллан Сейсенбаев мені Мәскеуден келген, Шығыстың жеті жұлдызын, Мұқағалиды аударған әйгілі аудармашы, ақын Михаил Курганцев пен Равиль Бухараевқа таныстырды: «Міне, сіздердің керемет талант деп мақтаған ақындарыңыз мынау – жігіт – Қазыбек Исаев» деді де, маған қарап: «Бала, бүгін той сенің үйіңде болатын болды! Бұлар тегін мақтамайды. У них еврейский нюх», – деп күліп, риза болып, қолымды алды. Төбем көкке жетіп жүрді сол күні.

2 0 0 2 ж ы л ы О м а р б е к Нұржанов Сарыағаш ауданы әкімі кезінде біз «Қазақ үні» газетінің жазылымы бойынша барып, сонда аудан жұртшылығының Омекеңнің іскерлігіне риза болып, алғыстарын айтып жүргенін естіп, марқайып қалған болатынбыз. 2003 жылы іріленген Мақтараал ауданының 75 жылдығында аудан тарихы туралы кітапты аудан басшысы Омарбек Нұржановтың ұсынуымен біз «Тұран» баспасынан шығарып алып барған едік. Кейін 2004 жылы Парламент Мәжілісі сайлауына түскенде сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ислам Әбішевтің айтуымен іріленген Мақтараал ауданы әкімі Омарбек Нұржановқа кездесіп қалып жүрдік. Омарбек көкеміздің өзі Өзбекстанда екі рет аудан басқарып, парламент депутаты болған Бегім Серіков ағамыздың үйіне алып барып, емен-жарқын сұхбатымыз ұзаққа созылған еді. 2 012 ж ы л ы м е н і ң е л у жасқа толуымды ел тойлап, Оңтүстік Қазақстан облысының жерінде шығармашылық кешім өтті. Сол кезде ақын ұлдарының Шардарада шығармашылық кеші өтеді дегенді естіп, Мақтаарал өңірінен бір топ делегацияны Омарбек Нұржанов ағамыз, Тойым Жүнісов, Бегім Серіков, Айдархан Өтен секілді ел ағаларымен бірге бастап келіп, елдің атынан жылы лебіздерін жеткізген еді. 2013 жылы Омекең 65 жасқа толғанда сәті түсіп, Асық атаға барып құттықтап, тілегімізді айтқан болатынбыз. Омарбек Нұржановтың есімі өркендеуіне өзі зор ү л е с қ о с қ а н , М ы р з а ш ө л тархымен тығыз байланысты. Сарабдал саясаткерлік, салмақты ұстаным, зейінді зерделеудің бәрі бір бойынан табылатын тарлан ағамыз Мырзашөл өңірінің дамуына үлкен үлес қосты. Омарбек ағамыз үнемі елді ынтымақ пен бірлікке, ырысқа бастайтын тірлікке ұйыстыру мен ұйымдастырудың басында жүрді. Омарбек ағамыздың бойында мәмілегерлік қасиет те бар еді. Ол бұл қырын үнемі суға байланысты шуға ұласа беретін көрші Өзбекстанмен арадағы келіссөздерде жарқырап көрсетіп жүрді. Өзі де кейін Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде кеңесші болып, жемісті қызмет атқарды. Омарбек ағамызбен ағалыінідей сыйласып жүрдік. Кездесіп қалған сәттерде ел мен жер туралы, заман мен қоғам жайлы тереңнен тарт ы п , а л ы с т а н қ о з ғ а й т ы н ой-пікірлеріне риза болып жүретінбіз.

2 0 1 5 ж ы л ы қ ы з ы м ы з Гүлназ Шымкентке тұрмысқа шыққанда, Ислам Әбіш ағамыздың кеңесімен тойына Омарбек көкемізді бас құда етіп, алдымызға салып алып бардық. Құдалар да қазақтың қай өңіріне барса да, қадірі зор Омекеңді ардақтап құрмет көрсетті. Омарбек Нұржанов негізі ерік-жігері мықты, рухы биік азамат болды. Көре алмастар, жалған арызымен облыс басшыларының бірі болып жүрген жерінен Отырар ауданындағы Темір кеңш ар ын а ди ре к то р б ол ып кеткенде де еңсесі түскен жоқ. Шаруашылықтың экономикалық әлеуметтік жағ - дайын көтеріп, елдің ықыласына бөлене білді. Содан екі жылдан кейін Киров ауданының әкімі болып кеткенде де отырарлықтар қимай шығарып салды. Соңғы жылдары Омарбек Нұржанұлы тағдырдың біраз ау ы р т п а ш ы л ы қ т а ры н д а тартты. Артынан ерген, үміт күткен інісі Шардара ауданында әкім болған Қамытбек Әйтөреев кейін Оңтүст і к Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысы болып істеп жүрген кезінде көлік апат ы на н көз ж ұ м д ы. Кей і н ұлы Қайсар бауырымыз да ме зг і лс із қ а й т ыс б о л д ы. Соның бәрі ж үрегіне ж ү к түсіріп жіберді. Омарбек ағамызбен соңғы рет Бегім Серіков көкеміздің 80 жасқа толған тойында кездескен едік. Солғындау көрінді өңі... Біраз сөйлесіп қалдық... Кейін Омарбек көкеміз де бұл дүниеден озды дег е н х а б а р а л ғ а н д а қ а т т ы қиналып қалдық. Өмір деген осы. Жақсының өзі кеткенмен, артында игілікті істері қалады. Омарбек Нұржанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. П е й і ш т е н ұ р ы ш а л қ и берсін! Иманы саламат болсын!

Қазыбек ИСА,

ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты


АСҚА ШАҚЫРУ

12 маусым күні сағат 12.00- де Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асықата кенті, «Нұрән-2» дәмханасында (А.Әлімбетов пен Жамбыл көшелерінің қиылысы) өтетін белгілі қоғам қайраткері Мақтаарал, Сарыағаш, Отырар аудандары мен Түркістан облысының Құрметті азаматы, ардақты әкеміз Нұржанұлы Омарбектің және сүйікті ұлымыз Омарбекұлы Асқардың жылдық асына шақырамыз.

 Нұржановтар әулеті.

qazaquni.kz