Жаһандық ағымдарға ермес үшін тіл мен әдебиетті дамыту керек - Жәмила Нұрманбетова

Жаһандық ағымдарға ермес үшін тіл мен әдебиетті дамыту керек - Жәмила Нұрманбетова

Бүгінгі таңда ұлттық саясаттың басты басымдығы - ұлттың рухани жаңғыруы.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген елдің эволюциялық дамуын қамтамасыз етудегі қоғамдық сананы жаңғыртудың маңызды бағыттарын тереңдетуге баса назар аудару рухани сананың түлеп, түбегейлі ұлттық құндылықтарымыздың өрістеуіне жол ашады. 

Мәдени бірегейлікті сақтау мен қоғамды дамытудың басты шартына айналатын мәдениеттің рөлін тереңірек түсінуді дамыту өте маңызды.

Бұл үдерісте «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының идеялары мен басымдықтарын кеңінен ілгерілетуге бағдарланған, жүргізіліп жатқан мәдени саясатты жүзеге асыруда зор әлеуеті бар шығармашылық одақтарға ерекше рөл беріледі.

Осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, бүгін негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес бірінші сессияда Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Ұлттың жаңа болмысын қалыптастырудағы шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік.

Дөңгелек үстелде бейнеконференция байланысы арқылы Мәдениет және спорт вице-министрі Н.М. Дәуешов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б.Ә. Тілепов, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұ.Есдәулет, Қазақстан суретшілер одағының төрағасы Ө.О. Жұбаниязова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, режиссер, актер А.Ә. Наймантаев, Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау халықаралық қорының атқарушы директоры А. Ғафуров, «Қыр баласы» ҚҚ директоры, жазушы Е. Тоқтарбай, «ÓzgeEpic» өнер кеңістігінің директоры Т. Құрманжанқызы, «jeVis» компаниясының директоры, режиссері Ж. Көпбаева және Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса баяндама жасады.

Отырыс аясында депутаттар шақырылғандармен бірге Қазақстан халқының қоғамдық санасын жаңғырту мәселелеріндегі қазіргі проблемаларды шешудің негізгі жолдары мен тәсілдерін белгіледі.

Бұл ұлттық бірегейлікті сақтау, қоғамның ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, білімге ұмтылуды насихаттау. Сондай-ақ, жаһандық мінез-құлық үлгілерінің ағымына ермес үшін, ұлттық салт-дәстүрлерді, тілді, музыка мен әдебиетті дамыту маңызды.

Осы және басқа да шаралар іс-шараның қорытындылары бойынша тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсынымдардың негізіне алынды.

Жәмила Нұрманбетова,  

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, Әлеуметтік-мәдени комитеті төрайымы

Қазақ үні