ӘЛЕМДІК КЕҢІСТІККЕ ҚҰЛАШ ҰРДЫҚ - ЖОО оқытушысы
2023 ж. 17 мамыр
4987
0

Президент өз Жолдауында ел дамуының белгілі бір асуын бағындырып, келесі бір асуға бет бұрғанын айғақтайды. Сонымен қатар, білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары айқындалған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты бір кездегі Н. Назарбаев Жолдауының да басты мақсаты – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Мемлекет саясатының басты бағытының бірі – білім саласы.
Мақсатымыз айқын – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, оңтайлы әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті азамат тәрбиелеу.
Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру,өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейімдеу, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау – бүгінгі күннің басты талабы.
Осы қиын да жауапкершілігі зор жолда Алматы технологиялық университеті (АТУ) Қазақстанның тамақ және жеңіл өнеркәсіптері үшін кадрлар даярлаудың бай тәжірибесі мен дәстүрлері бар жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.
Қазіргі кезде университеттердегі оқу процесі өзінің міндеттері, қарқындылығы және мазмұны жағынан күрделене түсті. Оқытушылардан оқу қызметінің заңдылықтарын, оқыту мен тәрбиелеудің принциптері мен әдістерін, тұлғаны қалыптастыруды терең психологиялық тұрғыдан түсінуді талап етеді.
Жоғары кәсіби білімі бар мамандарды даярлау бойынша университеттің міндеттері кең көлемде қойылады – университет тұлғаның интеллектуалды, мәдени және адамгершілік дамуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыруы, қазіргі өркениет пен демократияның талаптарына сай студенттердің азаматтық позициясын, жұмыс қабілеті мен өмір сүру қабілетін қалыптастыруы керек. Алматы технологиялық университетінде жоғары білімі бар мамандарды даярлау міндеттерін осындай кең түрде түсінудің заңдылығы теориялық жағынан да, практикалық жағынан да негізделген деп айтуға болады.
Алматы технологиялық университеті (АТУ) «Тамақтандыру өндірісі», «Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп», «Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсету», салаларына білікті мамандар мен жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлауды сәтті жүзеге асыратын Орталық Азиядағы жетекші ғылыми және білім беру орталықтарының бірі ретінде танымал. Университет «Бакалавриат-магистратура-докторантура (PhD)» жоғары білімнің әлемдік көп деңгейлі моделі бойынша жұмыс істейді. Қазақстанның 60 университінің жалпы рейтингінде АТУ үздік ондықтағы техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Ал университеттің барлық бейімдік мамандықтары Қазақстанның мамандандырылған жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде бірінші орын алады.
АТУ білім беру қызметтері нарығында 1957 жылдан бері жұмыс істейді, ASIIN Халықаралық аккредиттеу агенттігінің (Германия) және Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік (НКАОКО) сертификаттарына ие болған жоғары оқу орны.
2005 жылдан бастап АТУ ISO 9001-2001 және 9001-2008 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификатталған сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) қолданады. АТУ сапа менеджменті жүйесінің тиімділігі Сертификаттау жүргізген – IQNet халықаралық сертификаттау желісінің мүшесі – «Ресейлік Регистр» қауымдастығы тәуелсіз аудиттерімен расталады, соның арқасында АТУ СМЖ (сапа менеджменті жүйесі) халықаралық деңгейде мойындалды.
Университетке «EUROPEAN QUALITY» (еуропалық сапа) номинациясы бойынша халықаралық награда, Халықаралық іскери тәжірибедегі жоғары сапа қорының (Швейцария) және Индустрияны ілгерілету қауымдастығының (Франция) алтын медальдары берілді. 2010 жылы Алматы технологиялық университетіне Magna Charta Universitatum –Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қою мәртебесі бұйырды. АТУ – Халықаралық университеттер қауымдастығының; Халықаралық студенттермен алмасу қауымдастығы; Еуропа университеттерінің ректорлар клубы; Халықаралық библиографиялық қоғам; Еуразия
университеттерінің одағы; EdNet консорциумының ұжымдық мүшесі болып табылады.
Университеттің инновациялық инфрақұрылымы бірнеше ғылыми-зерттеу проблемалық зертханалары мен университеттің 15 оқу және ғылыми бөлімдері негізінде жұмыс жасайтын 3 ғылыми-зерттеу институттарынан тұрады, сонымен қатар: TEMPUS-1-2008 жобасы шеңберіндегі REDIC ғылыми-зерттеу және инновациялық даму орталығынан; екі инновациялық мәселелер және тоқыма және жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен тауарларының қауіпсіздігі бойынша инжинирингтік орталықтардан;Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Ұлттық инновациялық қорынан коммерцияландыру басқармасынан; Оқу-ғылыми астық орталығынан; Қазақстан-корей ғылыми-білім беру орталығынан; PhD докторанттары мен магистранттарының ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы зертханадан тұрады.
Университет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Шетелдік ғалымдарды Республиканың ЖОО-на шақыру» бюджеттік бағдарламасын дәрістер мен ғылыми кеңестер үшін ойдағыдай жүзеге асыруда. Соңғы екі оқу жылында АТУ-ға Ұлыбритания, Германия, Қытай, Италия, Испания, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Болгария, Польша, Чехия, Литва, Словения, Ресей және басқа да ТМД елдерінен 54 шетелдік профессорлар келді.
Бүгінгі таңда Алматы технологиялық университетінің болашағы айқын – бұл «Зерттеу Университетінің» ресми мемлекеттік мәртебесіне және одан әрі әлемдік деңгейдегі университеттер қатарына енудің жалпы бағыты.
АТУ Миссиясы – Қазақ елінің тамақ, қайта өңдеу және жеңіл өнеркәсіптеріндегі инновациялық процестерді қамтамасыз етуге қабілетті, терең кәсіби және әлеуметтік құзыреттілікке ие шығармашылық зерттеушілерді даярлау мақсатында инновациялық университеттің заманауи моделін жедел енгізу.
Университетіміздің өзім еңбек етіп жүрген «Дизайн, текстиль және киім технологиялары» факультетіне қысқаша сипаттама беріп өтсем. 1998 жылы университеттің ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру, басқару тиімділігін арттыру, жоғары білікті мамандар даярлауда оның дамуына жаңа серпін беру мақсатында жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті (ФЛПиД) ұйымдастырылды.
ЖӨжД факультетінің стратегиялық бағыты жеңіл өнеркәсібі үшін заманауи еңбек нарығының талаптарына жауап беретін, бәсекеге қабілетті жеңіл өнеркәсіп мамандарын даярлау. ЖӨжД факультетінің мақсаты – жаһандану жағдайында Қазақстанның бәсекелік
артықшылықтарын өзінің ғылыми, технологиялық және экономикалық әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарға енгізу үшін бәсекелі орта талаптарына жауап беретін білікті мамандарды даярлау. ЖӨжД факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамының барлық кәсіби іс-әрекеттері ең күрделі мәселелерді кәсіби және тиімді шешуге, жағдайды басқаруға, өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге қабілетті, құзыретті және бәсекеге қабілетті маманға қажетті студенттің дағдыларын дамытуға бағытталған.
Факультетте 5 кафедра бар:
1. Жеңіл өнеркәсіп тауарларының технологиясы және конструкциясы
2. Тоқыма өндірісінің технологиясы
3. Дизайн
4. Мемлекеттік және шет тілдері
5. Дене тәрбиесі
Тоқыма және тігін өнеркәсібінсіз қазіргі қоғамды елестету мүмкін емес. Сондықтан факультет өзінің күш-жігерін оқу үдерісін жақсартуға және оның сапасын қамтамасыз етуге бағыттауға тырысуда. Жылдан-жылға факультет күшейіп, жаңа оқытушылармен толығуда, студенттер саны артып келеді. Оқытуды жетілдіру, педагогикалық шеберліктің өсуі, ғылыми ізденістерді күшейту – факультет жұмысына тән ерекшелік.
«Дизайн» кафедрасы дербес оқу бөлімі ретінде 2007 жылы 5В042100 «Дизайн» мамандығы бойынша «Өнеркәсіптік дизайн» (профиль – костюм дизайны) және «Графикалық дизайн» (профиль – Жарнамалық дизайн) мамандықтарымен білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін ұйымдастырылды.
Дизайн бөлімі жаңа білім беру әдістерін белсенді түрде енгізе отырып, оқу процесінің жаңа технологиялары мен принциптерін қолданады. Қазіргі уақытта кафедрада білікті кадрларды даярлауға арналған заманауи материалдық-техникалық база бар. Кабинеттердің жабдықталуы оқу, зерттеу және ғылыми-практикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Студенттер теориялық және академиялық білімдерін жоғары деңгейде жетілдіруге мүмкіндік алады.
Кафедра студенттерге университеттің оқу шеберханаларында әр түрлі әдістер мен жобалау технологияларын қолдана отырып, өз білімдерін іс жүзінде зерттеуге мүмкіндік береді.
Оқытылатын пәндер бойынша сабақтардың барлық түрлері оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген, олардың көпшілігі кафедра қызметкерлері әзірлеген және университеттің баспаханасында басылған. Кафедраның профессорлары мен оқытушылары жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтардың,
оқу-әдістемелік құралдардың, сөздіктер мен монографиялардың авторы болып табылады.
«Дизайн» кафедрасы өзінің қызмет ету кезеңінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын және оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды мақсатты және прогрессивті жүргізеді.
Студенттер жыл сайын әртүрлі республикалық және халықаралық байқауларға қатысады, оларға дизайнер мамандығына байланысты әр түрлі практикалық мәселелерді өз бетінше шешуге мүмкіндік беріледі.
Студенттердің жыл сайынғы ғылыми конференцияларға қатысуы студенттер үшін әлемдегі көптеген беделді университеттердің есіктерін ашады. Сондықтан студенттер ынтамен ақысыз ғылыми үйірмелерге қатысады, шет тілдерін оқиды. Олар көп уақытты университет кітапханасында өткізеді, өнер мұражайының зерттеушілерімен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Олар туған қалаларының тарихын зерттейді, фотосессиялар ұйымдастырады, қалалық және республикалық пленарларға қатысады.
Дизайн кафедрасының студенттері кафедра оқытушылары жетекшілігімен көптеген конкурстар мен байқаулар жеңімпазы болды.
Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Ел сенімін, үмітін ақтау – жастардың қолында.
Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбіт аспанында тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленген, өз саласының алғыр да сауатты жас мамандарын дайындап шығару жолында Алматы технологиялық университетіалдағы уақытта да жұмыс атқара бермекші.
Айжан Дошибекова,
Алматы технологиялық университетінің оқытушысы