Кітап - білім бұлағы
2021 ж. 26 сәуір
2544
1
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында қазіргі электронды дәуірдегі дәстүрлі кітапхананың ағартушы рөліне тоқталып, мектеп кітапханаларында кітап қорына жаңартулар мен толықтырулар енгізудің аса маңызды екенін атап айтқан еді. Осыған орай, мектеп кітапханаларын қайта жаңғырту мен оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатындағы республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы өз жұмысын бастап кетті.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың кітапқұмарлығын арттыруға бағытталған. Жас ұрпақ бойына жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру арқылы, бәсекелестік қабілетті күшейтіп, оқушылардың мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту. Мектеп жасынан оқуға ынтасы ашылған бала терең ойлы, жан-жақты тұлға болып қалыптасады. Бала уақытының бірнеше минутын күн сайын кітап оқуға бөліп жүрсе, кейін кітаптағы қазынаны өзі де түсінеді. Кітап оқу дағдысын қалыптастыру арқылы Абай атамыз айтқан терең ойлы азаматтарды тәрбиелейміз. Оқушылардың әртүрлі жанрдағы әдебиетті оқу арқылы кітап толғандыруы тиіс. Ұлттың рухани сауаттылығы тікелей кітап оқуға байланысты. Баланы кітап оқуға уйрету үшін ең алдымен ата-аналармен кеңесе отырып, баласының оқуға қызығушылығы қандай деңгейде екенін анықтап, бірлесе отырып үйретуіміз керек. Осы орайда, Алатау ауданы №201 мектеп-гимназия кітапханасында «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы аясында «Кітап – білім бұлағы» айдарымен оффлайн кездесу болып өтті. Кездесуге белгілі қаламгер, аудармашы «Ақжелкен» журналының бас редакторы Есей Жеңісұлы келді. Сонымен қатар кездесуге мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Азамат Байтасов, Жұлдыз Иманәлиев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қымбат Майланова, музыка пәнінің мұғалімі Әсет Ақдәулет және кітапхананың тұрақты оқырмандары мектептің 6 – 7 сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында сөз алған Есей Жеңісұлы кітап оқудың маңыздылығын, кітапты көп оқыса, оқырманға берер білімнің өте жоғары деңгейде ой-өрісі дамитынын әңгімелеп берді. Әңгіме ішінде өзі қандай кітап оқығанын, мектеп жасында кітап оқуды ата –анасымен қалай бірлесіп таңдап алатынын, бүгінгі күнде кітап оқу арқылы қандай жетістіктерге жеткенін, және болашақта қандай ой-армандары барын айтып, кездесуді жандандыра түсті. Оқушылар қаламгер ағаларын мұқият тыңдай келе өз ойларындағы сұрақтарына мазмұнды да тұщымды жауап алып отырды. Әсіресе, 7 «ә» сынып оқушысы Абишева Нұрай мен 6 «ә» сынып оқушылары Салимжан
Габит және Нұржан Айбар өздерін журналист мамандығы қатты қызықтыратынын айта келе, бұл мамандық таңдауда қандай пәндерге басымдық берілетіндігін сұрап, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып отырды. Қаламгер Есей Жеңісұлы кітап оқыған адамның болашағы жарқын болатынын айтып, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіріп, жас оқырмандарды қазақ классиктерінен бастап орыс, тіпті шетел әдебиеттерін оқуға шақырды. Әңгіме барысында сөз алған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Азамат Байтасов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қымбат Майланова да оқушыларға кітап оқудың адам өміріндегі маңызын, кітап оқыған адамның көп білетінін, білімнің кітап арқылы берілетінін айтып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыра түсті. Кездесудің соңын 5 «а» сынып окушысы Ильфа Мұса «Ұлы дала» әнімен аяқтады.
«Тек кітап қана алға жылжыуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді...» деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, болашақ ұрпақты мектеп жасынан кітап оқуға үйрету, кітапқа қызықтыру, кітап оқуға дағдыландыру біздің басты мақсатымыз. Көркем әдебиеттерге деген қажеттілікті арттырып, оқушыларды кітап оқуға ынталандыруымыз керек. Ол үшін жорғарғы деңгейде байқаулар, сайыстар, кештер ұйымдасырған ұтымды. Кітапханада жасалған кітап көрмелері арқылы да оқырмандар әр тақырып бойынша мағлұматтар мен деректер алса, даталы мерекелі күндерге байланысты көрмелерден өздеріне керекті мәліметтер жинақтап, ақпараттармен таныса алады. Білсем, ізденсем деген адамға кітапхана есігі әрқашан ашық. Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Білімді ұрпақ – ел болашағы.Сондықтан біз жас ұрпақты кітап оқуға баулуды түрлі шаралар арқылы іске асыруды мақсат етеміз.
Тұрсын ИСАБЕКОВА,
№ 201 мектеп-гимназия кітапханасының меңгерушісі
qazaquni.kz