Иманбек Grammy сыйлығын жеңіп алды

Павлодарлық теміржолшы Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясы үшін «Грэмми» (Grammy) сыйлығын алды, деп жазды aikyn.kz.

63-рет ұйымдастырылған Grammy жүлдесінің «ең үздік ремикс» аталымының жеңімпазы болып тұңғыш рет қазақ жігіті танылды.

Иманбектің ремиксі YouTube желісінде 140 миллионнан аса қаралым жинады. Иманбек 2019 жылдың желтоқсан айына дейін теміржол станциясында жұмыс істеген.

The New York Times басылымына сұхбат берген Иманбек ата-анасымен бірге Пав­лодар облысына қарасты Ақсу қа­ласында тұратынын айтқан. Иман­бектің әкесі – өрт сөндіруші, анасы туристік агенттікте жұмыс істейді.