Азамат еді аяулы
2021 ж. 03 ақпан
525
0
Әнес Сараевпен қоштасу
Адамзаттың дұшпаны арсыз ажал тағы бір асылымызды арамыздан алып кетті. Нұр-Сұлтан қаласынан түн қатып жеткен қайғылы хабар Әнес Сараевтың өмірден озғанын жеткізгенде дене мұздап, жүрек сыздап сала берді. Жататын дәйім жаңғырып, Бұл ғұмыр емес мәңгілік. Би опа мына заманда, Бақұл боп кетер адам да, - деген Әл-Фараби сөзін қайғылы қара көңілге сәл-пәл демеу етсем де жұбана алар емеспін. Жас келіп, ауру-сырқау көбейген тұста қатарың сиреп, қаламдас-тағдырлас, мұңдас, сырлас достан айрылу неткен қиын, қандай ауыр! Әнес дос артына мол мұра қалдырды. Өзгесін айтпағанның өзінде 1992 жылы мемлекеттік сыйлық алған «Еділ-Жайық» романы мен ноғайлылар жайлы зерделі зерттеуі оның есімін әдебиет тарихына алтын әріппен жазары анық. Әнес Сараев азамат еді аяулы. Әнес достың өмірлік серігі Алтыншаш қарындасыма, барлық етжақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Қош, өлді деуге сыймайтын, қоштасуға қимайтын қайран дос. Жаның жанатта болсын. Сәбит Досанов жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алматы 2.02.2021 qazaquni.kz