Ақжайсаң азамат еді

Көпшілікке кең танымал «Тақиялы періште» фильмінде ғана емес, «Ән қанатында» сынды өзге де бірқатар картиналарға қатар түскен әріптесім, партнерім Әлімғазы Райымбековтің дүниеден озғанын естігенде қатты құлазып, жаным жүдеді. Қош бол, Әлеке! Сен көңілің көктемдей ақжайсаң адам едің. Жолыққан сайын ақтарыла күліп, ... сонау жастық... болып... бір жасап қалушы едік. Қарапайым жүргізуші күллі Қазақстан білетін белгілі актер емес, Тайлақ ретінде біледі! Мұндайда не айтып, не жазуды да білмей қалады екенсің. Аузыма қамыққан көңілді жұбатарлық сөз түспей отыр. Жатқан жерің жайлы болсын, ақжарқын дос! Мүмкін о дүниеде ардақты Шәкен ағамыздың рухымен жолығарсың! Бақұл бол, жақсы адам! Сен халқыңның жадында Тақиялы періште ретінде қалдың.  Жаның жәннатта болғай!   Шолпан АЛТАЙБАЕВА, «Тақиялы періште» фильмінде Айша ролін сомдаушы актриса qazaquni.kz