Ұлттық академиялық кітапханада «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығы ашылды

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада  «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып өтті. Аталмыш орталық ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бірлескен жобасы. Орталықтың мақсаты: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  «Адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығында адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету. Мағынасы кең, мазмұны бай, тақырыбы терең сұхбат арқылы ел көңілінен шығатын көкейкесті мәселелер талқылау. 2020 жылдың 19 тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. «Азаматтарда парасаттылық идеологиясы қалыптастырылуы тиіс. Қазір бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылуда. Академиялық адалдық лигасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы волонтерлік клубтар, адалдық дүңгіршектері және өзіне – өзі қызмет көрсету кассалары – мұндай жобалар туралы ақпарат кеңінен жариялануы керек. Сонымен бір мезгілде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық саласында қоғамдық бақылауды күшейту жүргізілуі қажет.», – деді президент. Орталықта Ұлттық академиялық кітапханада белгілі ақын, жазушы, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жалпы зиялы қауыммен және жастармен кездесулер, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарды кеңінен насихаттау. Жоба барысында мәдениеттілік, парасаттылық, қарапайымдылық, қайсарлық сынды адами қасиеттерді және парасат идеалогиясын жалпы қоғамға түсіндіру міндеттері кіреді. Іс-шараның салтанатты ашылуына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жақсылықызы Жылқышиева, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі, жазушы Сәдібек Түгел, сатирик, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты  Көпен Әмірбек, ақын, драматург, манасшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали Әлімжан, күйші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай, ақын, филология ғылымдарының докторы Жанат Әскербекқызы, ақын, драматург, аудармашы, Маржан Ершу, қала тұрғындары және т.б. қатысты.